
zharkain
Ауылда өмір қызықты
Ауылдағы өмір "қатып қалды" деген пікір бар. Бірақ, бұл жалған ой. Ауылдағы өмір өзінше қызықты. Ең кішкентай тұрғындар арасында ауылдың мәдени-демалыс орталығында Көңілді старттар өтті. Балалар ата-аналарымен жылдамдық пен ептілікпен жарысты. Біздің кішкентайларымыздың артта қалып немесе құлап бара жатқанда әкесі немесе анасы үшін алаңдаған жүздерін көру керек болды. Бұл нағыз спорттық күрес. Қызықты эмоциялар ата-аналарды да, балаларды да басып озды. Біздің шағын орталықтың тәрбиешілері бала кезінен салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл Арай апайдың үлкен еңбегі. Бұл жас көпбалалы отбасы үш жыл бұрын ауылға көшіп келген. Олардың әкесі Әлібек мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Үш баласы мектепте оқиды, ал ең кішкентай Айша шағын орталыққа барады. Ештеңеден қорықпайтын адамдардың арқасында ауыл өсіп, дамып келеді.
Тасөткел ауылының әкімі С.Саухимова.
Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстары жалғасуда
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен 14 ақпанда аудандағы жеке кәсіпкер Ә.Алмухановтың медидинациналық нысанына барып, рейд жұмыстарын жүргізді. Аталған нысан басшысы Ә.Алмухановпен жеке сөйлесіп, "Тіл заңнамасын" сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ісшара барысында ақпараттық буклеттер берілді. Буклетте жеке кәсіпкердерге арналған арнайы ашылған тегін курстар туралы, жоспардағы ашылатын «Қазақша сөйлесейік» атты клуб бойынша және «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді.
Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.
Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді
Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армения Республикасынан 2 және Грузиядан 2 байқаушы – аталған мемлекеттердің орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ, Франция Республикасынан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті Елші мырза мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.
https://www.inform.kz/kz/mazhilis-saylauyna-bakylau-zhasaytyn-tagy-7-sheteldik-baykaushy-tirkeldi_a4036076
ОСК Respublica партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған 23 кандидатын тіркеді
ОСК Respublica партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған 23 кандидатын тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған 23 кандидатын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау» туралы ҚР Конституциялық заңының 90-бабының 1-тармағына сәйкес, Respublica партиясы қоғамдық берлестігінің партиялық тізімінен олардың өтініштері негізінде Дархан Серікұлы Иманашевті, Олжас Абазұлы Сұлтановты партия тізімінен шығару бойынша ОСК өз құзыреті шеңберінде тиісті шешімдер жобаларын дайындады.
Осыны ескере отырып, партия тізіміне 23 адам, оның ішінде 8 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар енгізілген. Олар бүкіл канидадаттардың 34,8 пайызын құрайды. Белігіленген квота сақталды.
Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
Комиссияның 13-отырысының қорытындысы бойынша, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Respublica партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.
Еске салсақ, Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген болатын. Алайда, кеше бір мандатты жүйе бойынша ұсынылған үміткер, партияның тең төрағаларының бірі Сырымбек Таудың тізімнен шеттетілгені белгілі болды.
https://www.inform.kz/kz/osk-respublica-partiyasynyn-mazhilis-saylauyna-usyngan-23-kandidatyn-tirkedi_a4036106
Сарапшы аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді
Сарапшы аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева Мәжіліс және мәслихат депутаттарын аралас сайлау жүйесі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жанар Санхаева Қазақстанда соңғы 20 жылда пропорционалды сайлау жүйесі болғанын, енді саяси науқан аралас жүйе бойынша өтетінін еске салды.
«Аралас сайлау жүйесінің ерекшелігі – бір мандатты үміткерлер келеді. Бүгінде бұл жүйені көпшілік талқылап жатыр. Бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлау ерекше қызығушылық тудырады, өйткені олар Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы өткізілмеген. Аралас сайлау жүйесінің басты артықшылығы, біріншіден, әрбір азаматтың сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы. Яғни, әрқайсымыз тәуелсіз кандидат ретінде өз кандидатурамызды ұсына аламыз, үміткерлер партияға қарамастан өзінің саяси көзқарасын білдіре алады. Бұрын кейбір заңнамалық идеяларды ілгерілету үшін партия мүшесі болуымыз керек болса, енді оны партияға қарамастан дербес жүзеге асыруға болады. Екіншіден, біз енді Мәжілісте партиялық өкілдіктен бөлек, аймақтық өкілдіктерді көретін боламыз, өйткені бір мандатты сайлау округтері аймақтық болып бөлінеді. Мысалы, Алматы, Түркістан облысының аудандары бар, аудан санына қарай бірнеше депутат сайланады. Мұндай сәттер өте маңызды және партияларға қарамастан өз құндылығын көрсетуге, қандай да бір саяси институттарға қарамастан өз облысын, қаласын немесе аймағын ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сарапшы.
Сонымен қатар, ол жақында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы ҰСЗИ ғылыми қызметкері өз тәжірибесін бөліскенін атап өтті.
«Қырғызстанда 2021 жылы сайлау аралас жүйе бойынша өтті. Бұл тәжірбие бізді қызықтырды. Сарапшылар сайлау қалай өтетінін, алгоритмдерді, технологияларды зерттей отырып, тәжірибе, пікір алмасуы қажет. Олардың сайлау науқанының ұқсастығы біз үшін өзекті болды. Осыған дейін, 20 жылдай бұрын бізде аралас сайлау жүйесі болғанын атап өткім келеді. Біз қазір соған қайтып оралдық», - деді ол.
Сондай-ақ ҚСЗИ сарапшысы осы сайлауға жаңа саяси партиялар қатысатынын тілге тиек етті.
Айтуынша, бұл бәсекені арттырады.
«Жаңа партиялардың қатысуы бәсекелестікті күшейтеді. Бұл - жаңа ұрандар, жаңа тұлғалар, жаңа үгіт-насихат құралдары. Біз жаңа партиялардың сапалы науқан өткізуге мүдделі екенін көріп отырмыз», - деп қосты ол.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жеті саяси партия тіркелген.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді.
https://www.inform.kz/kz/sarapshy-aralas-saylau-zhuyesinin-artykshylyktaryn-tusindirdi_a4035721
ОСК AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеді
ОСК AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«AMANAT партиясы 90 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімдегі 29 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 32,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
Оның атап өтуінше, партиялық тізімді ұсынған партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында AMANAT партиясы сайлаушылар дауысының 71,9 пайызын алған. Осыған байланысты AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады», - деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.
Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынатын кандидаттарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
https://www.inform.kz/kz/osk-amanat-partiyasynyn-partiyalyk-tizimin-tirkedi_a4035938
ОСК «Ақ жолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді
ОСК «Ақ жолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық патиясы 54 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды.
Бұл тізімге 33,3 пайыз көлемінде әйел, жастар санатына жататын және мүгедектігі бар 18 адам енгізілген.
«Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ұсынылған тізімді тіркеу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, бүгін ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлердің толық тізімімына жерде.
https://www.inform.kz/kz/osk-ak-zholdyn-mazhilis-saylauyna-usyngan-partiyalyk-tizimin-tirkedi_a4035146
Мәжіліс сайлауы: ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді
Мәжіліс сайлауы: ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат бар: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Оның атап өтуінше, ЖСДП Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауына қатысқан жоқ.
«Сондықтан «Сайлау туралы» заңның 88-бабына партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін құрайды. ЖСДП сайлау жарнасын толық көлемде төледі», - деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.
ЖСДП атынан Мәжіліске партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлердің толық тізімі мына жерде.
https://www.inform.kz/kz/mazhilis-saylauy-osk-zhsdp-nyn-partiyalyk-tizimin-tirkedi_a4034840
Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын мұқият оқып, лайықтысын таңдауы керек – сарапшы
Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын мұқият оқып, лайықтысын таңдауы керек – сарапшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы кандидаттардың ғана емес, сайлаушылардың да жіті назарында. Бұл туралы саясаттанушы Эдуард Полетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Біз бір мандатты округтер бойынша және партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттар тарапынан жоғары қызығушылықты көріп отырмыз, Мәжілісте де, мәслихатта да үлкен бәсеке болады. Жалпы, сайлауға кандидаттардың өздері ғана емес, сайлаушылар да үлкен назар аударғаны маңызды. Сайлаушылар бірінші кезекте таңдап дауыс беруі керек. Яғни, ресми түрде келіп, азаматтық борышыңызды өтеп қана қоймай, ең лайықты үміткерлерді қарап, соған дауыс беру қажет», - деді сарапшы.
Ол Жаңа Қазақстанның саяси өміріне жаңа адамдар келетінін тілге тиек етті.
«Мәселен, «Аманат» партиясының тізімі 75 пайызға жаңартылды, саяси аренада көптен бері жүрген партияларда жаңа тұлғалар көп. Қазақстан халық партиясы да партиялық тізімін айтарлықтай жаңартты. Жаңа партиялар да бар. Енді ең бастысы, халық тек бет-әлпетіне ғана емес, партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларына, бір мандатты округтердегі кандидаттардың бағдарламасына да назар аударады. Бұл дауыс тек мен білетін немесе естіген адам үшін емес. Олардың не ұсынатынын білу керек. Сондықтан мазмұны өте маңызды. Іске асыруға болатын нақты бағдарламасы бар адамға, құр уәде бермейтін адамға дауыс беру керек», - деді саясаттанушы.
Саясаттанушы жаңа партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуы бәсекені арттырады деп есептейді.
«Бәсеке өте күшті. Бізде аралас жүйе болды, бірақ ол соңғы рет 2004 жылғы Мәжіліс сайлауы кезінде жұмыс істеді. Қазір жүйе талапқа бейімделіп жатыр. Парламентке ұсынылған партиялардың қайта оралу мүмкіндігі бірдей деп ойлаймын. Оның үстіне саяси партиялардың сайлаудан өтуінің пайыздық шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмендеді. Бірақ саяси бәсеке саясатта жаңа адамдардың пайда болуы үшін ғана емес, жаңа идеялар үшін де қажет. Жаңа идеялар көп болса екен», - деп қосты Эдуард Полетаев.
Бұған дейін Эдуард Полетаев алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы саяси жүйенің демократияланғанын көрсететінін айтқан болатын.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді.
https://www.inform.kz/kz/saylaushylar-umitkerlerdin-bagdarlamasyn-mukiyat-okyp-layyktysyn-tandauy-kerek-sarapshy_a4035800
Хабарлама
Құрметті тұрғындар!
"Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Skills Enbek платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша курстардың мазмұны кеңейтілгенін хабарлайды ((https://skills.enbek.kz/)). Бұл онлайн курстар барлық азаматтарға қол жетімді. Соның ішінде, жұмыссыздарға мансапты дамыту немесе өзгерту үшін ақысыз негізде оқуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз дағдыларыңыздың деңгейін арттыруға болады.