Парасаттылық мәдениетін ілгерілету
Понедельник, 20 февраля 2023 03:54
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2023 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2-8 ақпан аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданының жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы А. Үкібаев орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алудың әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
- Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің арасында әңгімелесу жүргізілді.
- 7 ақпанда Тілдерді оқыту орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгімелесу өткізілді.
- 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова «Жемқорлық ұғымы туралы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Нақты ақпаратпен кадр жөніндегі инспектор және бөлімнің есепшісі танысты.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 7 ақпанда жеке кәсіпкерлер арасында «Мен адал бизнесті таңдаймын» тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның аясында «Аниса» ЖК өкілдерімен әңгімелесу жүргізілді. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және «Адал бизнес» жүргізуге шақырды.
- «Сары - арқа» телеарнасында «Жетекші сағаты» бағдарламасының аясында Державин қаласының әкімі Т.О.Бейсенов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында парасаттылық сағатын өткізді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Львов ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында «Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жаза» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
- 8 ақпанда 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Державин қаласының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.