Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстары жалғасуда
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен 14 ақпанда аудандағы жеке кәсіпкер Ә.Алмухановтың медидинациналық нысанына барып, рейд жұмыстарын жүргізді. Аталған нысан басшысы Ә.Алмухановпен жеке сөйлесіп, "Тіл заңнамасын" сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ісшара барысында ақпараттық буклеттер берілді. Буклетте жеке кәсіпкердерге арналған арнайы ашылған тегін курстар туралы, жоспардағы ашылатын «Қазақша сөйлесейік» атты клуб бойынша және «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді.
Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.