г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Тағы бір партия Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына тиісті құжаттарды өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.

«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», - деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер-17 әйелдер- 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды.

Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді.

6 ақпанда партия съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.

Нәтижесінде аталған партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген еді.

https://www.inform.kz/kz/tagy-bir-partiya-ortalyk-saylau-komissiyasyna-kuzhattaryn-tapsyrdy_a4032974

Среда, 08 февраля 2023 14:04

Волонтеры Туркия

https://www.instagram.com/p/CoZaccgruko/?igshid=NDk5N2NlZjQ=

Сайлау-2023. «Байтақ» Жасылдар партиясы кандидаттарын ұсынды

Бұл туралы жаңадан құрылған «Байтақ» Жасылдар партиясының елордада өтіп жатқан партияның сайлау алдындағы съезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде Қазақстандағы барлық партиялар билік үшін күресіп жатыр. Ал біз адамдардың өмірі үшін күресеміз!

Табиғатты қорғау - бұл адамдардың денсаулығы мен олардың өмір сүру сапасын қорғау. Бұл өзекті мәселе. Сондықтан біздің саяси мәселелермен айналысып, сайлауға қатысуымызызға тура келеді. Жасылдардың халықтың мүдделерін қорғағанын қалаймыз. Біз жасылдардың Мәжіліс пен мәслихаттарда болып, экологияға және халықаралық конвенциялардың орындалуына бөлінетін бюджеттерді қадағалағанын қалаймыз, - деп атап өтті партия төрағасы Азаматхан Әміртай.

Съез жұмысында белгілі болғандай, «Байтақ» Жасылдар партиясынан сайлауға кандидаттыққа 19 адам ұсынылды. Барлығы 19 кандидат ұсынылды.

Оның ішінде, әйелдер квотасы – 4 кандидат

Жастар квотасы – 1 кандидат

Мүгедектер квотасы – 1 кандидат

1. Арман Қашқынбеков

2. Айнұр Сабитова

3. Қайрат Айтбай

4. Самат Жанат

5. Сейдулла Исмаилов

6. Айжан Сқақова

7. Бекжан Нәлібай

8. Нұртуған Тұржанов

9. Владимир Мартель

10. Күлән Байзақова

11. Болат Нұрқожаев

12. Айтуар Туғанбеков

13. Лариса Жақсылықова

14. Ержан Елекеев

15. Мұрат Жакиев

16. Роман Ботабеков

17. Нұрлан Көптілеуов

18. Думан Қапасов

Айта кетерлігі, мажоритарлық жүйе бойынша 4 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Азамат Әміртай

Бақыт Исаев

Серікболат Мәженов

Қазбек Майгелдинов.

«Ауыл» партиясы депутаттыққа кандидаттардың тізімін жариялады

Бұл туралы елордада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партиялық тізім бойынша 25 адам, мажоритарлық жүйе бойынша 9 адам кандидат болады.

Біз ауылдың қызығушылығын, еліміздің халқының кем дегенде жартысының қызығушылығын ұсынамыз. Сондықтан «Ауыл» партиясы Парламент сайлауына нақты әрі өтімді бағдарламасымен қатысады, - деп атап өтті партия төрағасы Әли Бектаев.

Партиялық тізім бойынша кандидаттар:

1. Жигули Дайрабаев;

2. Қарақат Әбден;

3. София Әбдіразақова;

4. Қайрат Айтуғанов;

5. Николай Арсютин;

6. Әскер Ахметжанов;

7. Анас Баққожаев;

8. Анна Данченко;

9. Ілияс Досқожаев;

10. Серік Егізбаев;

11. Аян Зейнуллин;

12. Әлібек Қантай;

13. Дәулеткерей Кәпұлы;

14. Болатбек Қыстауов;

15. Алмас Мұхаметов;

16. Светлана Прокопьева;

17. Дәурен Рахымбек;

18. Тамила Розметова;

19. Айдар Саттаров;

20. Ерболат Саурықов;

21. Қуаныш Сейтжанов;

22. Таңсәуле Серіков;

23. Рабиға Тоқсейітова;

24. Айбын Төреханов;

25. Жандос Тұрсынғалиев.

Мажоритарлық жүйе бойынша кандидаттар:

1. Төлеутай Рахимбеков;

2. Самат Ескендіров;

3. Нартай Ысқақов;

4. Ербол Көбентай;

5. Берікжан Қайыпбай;

6. Ербол Әбдірайымов;

7. Нұркен Қаржаубаев;

8. Нұртас Байжанов;

9. Ермек Байтуғанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттікке кандидат болған Қарақат Әбденнің «Ауыл» партиясына кіргені туралы жазған едік.

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа үміткер атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- AMANAT партиясының Алматы филиалы партиялық тізім мен бір мандатты сайлау округтері бойынша мәслихатқа кандидаттарды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі 63 адамнан, ал мәслихатқа бір мандатты округтар бойынша 21 адамнан тұрады.

Оның құрамына әлеуметтік және кәсіби салалардың барлық өкілдері енді.

Сонымен қатар, партиялық тізімде қаланың дамуына ғана емес, сондай-ақ ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген мегаполистің танымал тұлғалары да бар.

Атап айтар болсақ, 23 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері - тізімдегі ең жас үміткер ретінде Элизабет Тұрсынбаева, Қазақстандағы әйелдер арасындағы бірінші әлем чемпионы, әйелдер халықаралық гроссмейстері және ерлер халықаралық шебері Жансая Әбдімәлік бар.

Үміткерлердің қатарына кәсіпкерлер, қаланы дамытуға бағытталған түрлі жобалардың қатысушылары Бекнұр Несіпбаев, Досбол Жылқыбаев, актриса Ольга Спирина, блогер, көркем фильмдер мен бағдарламалар продюсері Алмас Сағынұлы, журналист Махаббат Исенова мен мүгедектер құқығын қорғаушылар Ұлан Іңкәрбеков, Богдан Джепка енді.

«Жалпы партиялық тізімді қалыптастыру кезінде гендерлік сәйкестілік пен жас шегі ескерілді. Бұл ретте әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастар үшін квота сақталды. Мәселен, әйелдердің үлесі 42,9% болса, 35 жасқа дейінгі жастар 36,5%-ды құрайды. Үміткерлердің орташа жасы — 41 жас. Бұдан өзге шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көшбасшы саналатын Алматы тізіміндегі кандидаттардың 35% жуығы - бизнес-құрылым өкілдері»,- деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, конференцияда барлық ұсыныстар мен талап-тілектер ескеріліп, алдағы 5 жылға арналған 5 мақсаттан тұратын Алматы қаласы бойынша «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді.

Сондай-ақ кезектен тыс конференцияда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезіне қатысу үшін Алматыдан делегаттардың тізімі анықталды.

Сайлау-2023: Respublica партиясы кандидаттар тізімін бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Наурыз айында Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде Respublica партиясында қамтылатын кандидаттар тізімі бекітілді. Бұл туралы аталған партияның кезектен тыс І Съезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таратылған мәліметке қарағанда, Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілді.

Партиялық тізім бойынша Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың арасында:

1. Айдарбек Ходжаназаров.

2. Айтуар Қошмамбетов.

3. Әсел Дәкен.

4. Әсем Әбдірайымова.

5. Бақытбек Хамит.

6. Бейбіт Әлібеков.

7. Дамир Суентаев.

8. Данара Смайл.

9. Дархан Иманашев.

10. Динара Наумова.

11. Динара Шүкіжанова.

12. Екатерина Смолякова.

13. Ермек Өмірзақов.

14. Зейнолла Әбдуманапов.

15. Игорь Копайлов.

16. Қайрат Майшев.

17. Қуаныш Шонбай.

18. Қуанышбек Мұқаш.

19. Қырмызы Жандосова.

20. Нұрлан Қоянбаев.

21. Нұргүл Тау.

22. Олжас Сұлтанов.

23. Олжас Болатбекұлы.

24. Олжас Құспеков.

25. Берденов Руслан.

Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылғандар:

1. Бағила Балтабаева

2. Махамбет Хасенов

3. Назигүл Шаймарданова

4. Сырымбек Тау

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі съезге партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Республика партиясының 20 аймақтық филиалының өкілдері, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып жатыр.

Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сілтеме жасап.

«6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;

4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген хабарламада.

Мәжіліс сайлауы: Саяси науқан туралы сарапшылар пікірі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 19 наурызға белгіленген кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы жаңа әрі ерекше тәртіппен өтпек. Осы орайда ҚазАқпарат алдағы саяси науқанға қатысты сарапшылар пікірін ұсынады.

Саяси алаңда жаңа 2 партия пайда болды

Танымал саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерін айта келе, өткен жылғы өзгерістерден кейін ел Конституциясына және сайлау процесіне мажоритарлық жүйенің элементтері оралғанын атап өтті. Енді Парламент Мәжілісінің 29 депутаты бір мандатты округтерден сайланады.

«Қазірдің өзінде азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары, Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде өзін көрсеткісі келетін танымал адамдар тарапынан белсенділік байқалуда. Менің ойымша, бұл қазіргі сайлау науқанын айтарлықтай жандандырады», - деді сарапшы.

Сонымен бірге саясаттанушы Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы сайлау туралы заңға саяси партиялар үшін сайлау шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету туралы түзетулер енгенін еске салды.

Оның айтуынша, бұл саяси партияларға Мәжіліске және ел мәслихаттарына өтуді едәуір жеңілдетеді.

«Үшінші өзгеріс – елде екі жаңа саяси партия пайда болды. Бұл «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Олар «жаңа ойыншы әсерін» пайдалана алады, яғни сайлаушылар кейбір партиялардан жалығады және осы екі жаңа партияға немесе ең болмағанда жасылдар партиясына дауыс бере алады. Өйткені «Байтақ» 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бастамашыл топ ретінде танымал, Respublica партиясы жақында ғана пайда болды», - деп пікір білдірді Андрей Чеботарев.

Қазақстандықтар жаңа Парламент құрамының куәсі болады

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов 19 науыздағы сайлау қорытындысында мүлдем жаңа Парламент көретіндігіне үміт артып отыр.

«Сайлау нәтижесінде мүлдем басқа, барынша белсенді, бастамашыл Парламентті көреміз деп үміттенемін. Парламентте қызу пікірталас пен пікірсайыс жүруі тиіс. Черчилль де «Көшеге қарағанда Парламентте төбелес пен күрестің болғаны жақсы» деп тегін айтпаса керек. Мұндай Парламент биліктің басты тармағы ретіндегі оның рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасайды», - дейді институт басшысы.

Айтуынша, бір мандатты депутаттар сайлауда бәсекені арттырып, саяси науқан қыза түсері сөзсіз.

«Жаңа Парламент шын мәнінде биліктің өкілдік органына айналады деп сенемін. Оның алаңында бүкіл қоғам үшін маңызы бар мәселелер көтерілетін болады», - деді Еркін Тұқымов.

Әділ сайлау азаматтардың белсенділігіне байланысты

Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов сайлаудың әділ өтуі – азаматтардың сол саяси додаға қатысу белсенділігіне байланысты деген деген ойды алға тартты.

«Алдағы кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы жаңа, ерекше жағдайда өтейін деп тұр. Мұның барлығы Президент жүргізіп жатқан саяси реформалардың нақты жемісі, көрінісі деп айтуға болады. 2019 жылдан бері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың 5 топтамасы қабылданды. Оның аясында еліміздегі белгілі саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам белсенділерінің қатысуымен заңнамалық тұрғыда сайлау, саяси партиялар, шерулер туралы заңнамаларға өзгерістер енгізілді», - деді саясаттанушы.

Сарапшының пікірінше, алдағы өтетін сайлаудың бұған дейінгі саяси додалардан бір ерекшелігі – бұл сайлау жүйесінің өзгеруі.

«Осы жолы сайлау пропорционалды-мажоритарлы жүйемен өтеді. Демек, тек партиялық тізіммен ғана емес, сонымен бірге жекелеген азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы 29 мандат үшін таласқа түсе алады. Бұл орын тек Мәжіліс деңгейінде. Ал облыс, қала, аудан деңгейінде мәслихатта бұл үлес өзгереді. Мысалы облыста 50/50 болса, ал аудан, қала деңгейінде 100 пайыз өзін өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысуға мүмкіндік беріліп отыр», - дейді Қазбек Майгелдинов.

Оның атап өтуінше, алдағы сайлаудан кейін Мәжіліске жаңа саяси күштердің, жаңа саяси партиялардың келуі маңызды.

Ал олардың төменгі палатаға өкілдік етуіне сайлау кезінде саяси партиялардың Парламентке өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елімізде саяси партияларды тіркеу шарттары да біршама жеңілдетілді.

«Әрине, бұл еліміздегі саяси алуантүрлілікке мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда мұны сайлаудың жаңашылдығы, ерекшелігі деуге болады. Мұнан бөлек, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсымын» деген жаңа баған енгізілді. Оның өткен кезектен тыс президент сайлауында қолданылғанын көрдік. Нәтижесінде үміткерлердің «барлығына қарсымен» деген сайлаушылардың үлесі 5 пайызды құрады. Бұл да азаматтардың сайлаудағы таңдау құқығы», - деді Ұлттық құрылтай мүшесі.

Жергілікті халық партияға емес, нақты адамдарға дауыс береді

Саяси белсенділіктің жаңа алаңы құрылады. Осылайша алдағы сайлау Қазақстанның саяси жүйесін біртіндеп қайта форматтауға ықпал етпек. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина келтірді.

«Сайлау науқанынан өткендер сайлау нәтижесіне қарамастан, саяси белсенділіктің жаңа алаңын құрады. Олар басқа да сайлау қарсаңында саяси қызметін жалғастыра берсе, депутаттық мандаттар босаса, маңызды нәтиже болады», - деп түйіндеді аға ғылыми қызметкер.

Сарапшы сайлау жүйесі өзгергенін, пропорционалды-мажоритарлық форматта өтетінін еске салды. Енді Мәжіліс депутаттарының үштен бірін қазақстандықтар тікелей сайлай алады.

«Мажоритарлық жүйе сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мәслихаттарға да қатысты. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада депутаттардың жартысы округтер бойынша, жартысы – партиялық тізіммен сайланады. Басқа елді мекендерде мәслихаттар құрамы толығымен округ бойынша сайланады. Яғни, жергілікті халық партияны емес, нақты адамдарды таңдайды», - деді Татьяна Липина.

Оның пікірінше, жаңа шақырылған Мәжіліске сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру міндеті қойылуы керек. Мысалы, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету шараларын кеңейту қажет.

Қазақстандықтарды Мәжіліс пен мәслихат сайлауынан кейін не күтіп тұр

Осы аптада саяси сарапшылар 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысты әңгіме өрбітті.

Олардың пікірінше, алдағы сайлаудың ерекшелігі аралас сайлау жүйесімен өтетіндігі және бір мандатты округтерден кандидаттар өзін-өзі ұсына алады.

«Өзін-өзі басқару тиімді жүйе. Өз басым жаңа құрамнан көп нәрсе күтпеймін, бірақ адамдар осылайша тәжірибе жинайды. Бұл кезеңнен өткен дұрыс»,- деп атап өтті «Астана» халықаралық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы Таисия Мармонтова.

Саясаттанушы Дина Айкенова мажоритарлық жүйені жақтайтынын айтты.

«Сіз мектеп салуды партиядан әлде уәде берген кандидаттан сұрайсыз ба? Осы тұрғыда мен мажоритарлық жүйені қолдаймын. Сайлаудан кейінгі тенденцияға келер болсақ, экономикалық аймақтық элита пайда болады. Кей сарапшылар бұл адамдарды аймақтық лоббистер деп атайды. Бұл өте қызық, әсіресе үш үміткерден бар округтерде. Ол жерде бір адам қоғамдық пікір көшбасшысы, қоғам қайраткері немесе бұрынғы депутат әлде әкім болуы мүмкін. Басқа жағынан үшінші кандидат ірі бизнестің өкілі болуы да мүмкін. Осылайша науқан тартысты өтеді деп ойлаймын», - дейді ол.

Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл қоғамдық саясат дами түсіп, проблемалар көпшілік алдында талқыланады деп сенеді.

«Соңғы жылдары элита тек мемлекеттік қызмет, оның ішінде билік органдары арқылы қалыптасып келді. Бұл негізінен дұрыс емес. Біз қазірдің өзінде қоғамдық саясаттың қайта жанданғанын көріп отырмыз, өйткені биліктегілер халыққа ашық түрде жүгініп жатыр. Қалай болғанда да, жүйе тұрақтылығы үшін саяси элитаны қоғамның қатысуымен қалыптастыру қажет. Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауынан кейін революциялық өзгерістерді күту аңғалдық дегенмен келісемін. Десек те жаңа құрам идеялар мен реформалар ұсынып, белсенді болады. Бұған дейін реформаларды тек Президент ұсынып келді», - деп түйіндеді институт басшысы.

Саясаттанушылардың ортақ ойынша, азаматтарға қалаған кандидатына дауыс беру мүмкіндігін жасау аймақтық деңгейдегі өкілді органдарды құруда өте маңызды.

Себебі мәслихат депутаттары тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Еске салайық, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.

ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың сайлауда төлеген жарнасы қандай жағдайда қайтарылып берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары «ҚР Сайлау туралы» заңда жазылған.

Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі, егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі, кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаған жағдайда. Үшіншіден, кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да болады, - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина брифингте.

Ал қалған барлық жағдайда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түседі.

Страница 45 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…