г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады –Андрей Чеботарев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Танымал саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең алдымен сарапшы өткен жылғы өзгерістерден кейін ел Конституциясына және сайлау процесіне мажоритарлық жүйенің элементтері оралғанын атап өтті. Енді Парламент Мәжілісінің 29 депутаты бір мандатты округтерден сайланады.

«Қазірдің өзінде азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары, Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде өзін көрсеткісі келетін танымал адамдар тарапынан белсенділік байқалуда. Менің ойымша, бұл қазіргі сайлау науқанын айтарлықтай жандандырады», - деді сарапшы.

Сонымен бірге саясаттанушы Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы сайлау туралы заңға саяси партиялар үшін сайлау шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету туралы түзетулер енгенін еске салды. Оның айтуынша, бұл саяси партияларға Мәжіліске және ел мәслихаттарына өтуді едәуір жеңілдетеді.

«Үшінші өзгеріс – елде екі жаңа саяси партия пайда болды. Бұл «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Олар «жаңа ойыншы әсерін» пайдалана алады, яғни сайлаушылар кейбір партиялардан жалығады және осы екі жаңа партияға немесе ең болмағанда жасылдар партиясына дауыс бере алады. Өйткені «Байтақ» 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бастамашыл топ ретінде танымал, Respublica партиясы жақында ғана пайда болды», - деп пікір білдірді Андрей Чеботарев.

Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.

Саясаттанушы алдағы Мәжіліс сайлауының ерекшеліктерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлаудың әділ өтуі – азаматтардың сол саяси додаға қатысу белсенділігіне байланысты. Мұндай пікірді Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы жаңа, ерекше жағдайда өтейін деп тұр. Мұның барлығы Президент жүргізіп жатқан саяси реформалардың нақты жемісі, көрінісі деп айтуға болады. 2019 жылдан бері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың 5 топтамасы қабылданды. Оның аясында еліміздегі белгілі саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам белсенділерінің қатысуымен заңнамалық тұрғыда сайлау, саяси партиялар, шерулер туралы заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде алдағы өтетін сайлаудың бұған дейінгі саяси додалардан бір ерекшелігі – бұл сайлау жүйесінің өзгеруі. Яғни, осы жолы сайлау пропорционалды-мажоритарлы жүйемен өтеді. Демек, тек партиялық тізіммен ғана емес, сонымен бірге жекелеген азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы 29 мандат үшін таласқа түсе алады. Бұл орын тек Мәжіліс деңгейінде. Ал облыс, қала, аудан деңгейінде мәслихатта бұл үлес өзгереді. Мысалы облыста 50/50 болса, ал аудан, қала деңгейінде 100 пайыз өзін өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысуға мүмкіндік беріліп отыр», - деді саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, алдағы сайлаудан кейін Мәжіліске жаңа саяси күштердің, жаңа саяси партиялардың келуі маңызды. Ал олардың төменгі палатаға өкілдік етуіне сайлау кезінде саяси партиялардың Парламентке өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде саяси партияларды тіркеу шарттары да біршама жеңілдетілді. Нақтырақ айтсақ, бұрын саяси ұйымның тіркелуі үшін жақтаушылар саны 40 мың, одан кейін 20 мың болуы тиіс еді. Заңға енгізілген өзгертулердің арқасында саяси партиялар 5 мың жақтаушысымен тіркелуге мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндікті таяуда 2 саяси ұйым пайдаланып, Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өтті.

«Әрине, бұл еліміздегі саяси алуантүрлілікке мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда мұны сайлаудың жаңашылдығы, ерекшелігі деуге болады. Мұнан бөлек, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсымын» деген жаңа баған енгізілді. Оның өткен кезектен тыс президент сайлауында қолданылғанын көрдік. Нәтижесінде үміткерлердің «барлығына қарсымен» деген сайлаушылардың үлесі 5 пайызды құрады. Бұл да азаматтардың сайлаудағы таңдау құқығы. Демек, саяси партияны немесе қандай да бір кандидатты мүлдем қолдамайтын азаматтар сайлауда осы құқығын қолданады. Яғни, азаматтар сайлауға келіп дауыс беру, «барлығына қарсымын» деген бағанға белгі қою арқылы өзінің сайлауға қатысы бар екенін білдіруге мүмкіндік алып отыр», - деді Ұлттық құрылтай мүшесі.

Сонымен қатар Қазбек Майгелдинов Президент бастамасымен әйелдер мен жастарға және мүгедек азаматтарға Мәжілісте 30 пайыздық квота қарастырылып отырғанына назар аудартады.

«Мәжілістегі партиялық тізіммен сайланатын 69 мандатқа да, мажоритарлық тізіммен сайланатын 29 мандатқа да осы квота міндетті түрде сақталатын болады. Бұл әйелдердің, жастардың, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлану құқығын пайдалануға үлкен үлес қосады», - деді ол.

Саясаттанушы кез келген сайлаудың әділ өтуі – бұл азаматтардың сол сайлауға қатысу белсенділігіне тікелей байланысты екендігін баса айтады.

«Осы тұрғыдан алғанда бүгінде елімізде байқаушылар институты үлкен қарқын алып отыр. Яғни, сайлаудың әділ, ашық өтуіне дауыс беру кезінде де, оларды санау кезінде де байқаушылардың қатысуы, үлкен үлес қосады. Мәжіліске, әсіресе мәслихаттарға өзін өзі ұсынатын азаматтың болсын, саяси партияның болсын сенімді өкілдері болады. Байқаушыларды да тартуға мүмкіншілігі бар. Біз осы байқаушылар институты арқылы сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигіземіз деп ойлаймын», - деді Қазбек Майгелдинов.

Ұлттық құрылтай мүшесі бүгінде халық қалаулыларына тұрғындар тарапынан талаптың жоғары екендігіне тоқталды.

«Тіпті, саяси партиялардың өзі үміткерлер тізімін бекіткен кезде ішкі сұрыптауға қатаң талап қойып жатыр. Себебі, ең алдымен депутаттар жариялы болуы керек. Олардың ашықтығы өте жоғары болуы тиіс. Белсенділігі, сайлаушылармен кездесуі, көзқарасын білдіруі, Мәжіліс мінберінен азаматтардың мүддесін қорғау мәселесінде саяси сауаттылығы жоғары болуы шарт. Халық қалаулыларының пікірталасқа араласуға ынтасы да жоғары болғаны жөн. Сонымен қатар мемлекетшілдік қасиеттеріне де назар аудару қажет. Сонымен қатар кез келген депутат сайлаушылардың алдында берген уәдесін, сайлауалды бағдарламасын орындауға мүдделі болуы тиіс. Демек, алда парламентаризм институтының дамуында үлкен белес күтіп тұр. Осы белестен абыроймен өту керек. 8-ші сайланатын Мәжіліс өз үміткерлерін ұсыну арқылы жаңа Үкіметті жасақтауға атсалысады. Осылайша, біз тек еліміздегі саяси жүйенің қайта құрылуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың, оның ішіндегі мемлекеттік қызметтегі, биліктегі жаңа тұлғалардың, элитаның келуін күтеміз», - деді Қазбек Майгелдинов.

Қазақстан халық партиясы сайлауалды бағдарламасын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан халқы партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтіп жатыр. Іс-шара барысында партия 19 наурыздан өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына орай сайлауалды бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз, Халық партиясы, саяси партиялардың ішінде сайлау алдындағы съезді бірінші болып өткізіп отырмыз. Бірінші болудың жауапкершілігі – үлкен, жүгі – ауыр. Ал бірінші болу – біздің саяси алаңдағы визиттік карточкамыз болып кетті. Баршаңызға белгілі, былтыр Халық партиясы Мемлекет басшысының Президент және Парламент сайлауы туралы бастамасын бірінші болып қолдады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға халық коалициясын құруды бірінші болып Халық партиясы ұсынды», - деді съезде сөз сөйлеген партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Оның атап өтуінше, партия әліптің артын бағу бағытын ұстанбайды әрі табанды күреске дайын.

«Бабаларымыздың «Бірлік болса – тірлік болады» деген аманат өсиеті бар. Әрине, баршамызға бірлік керек! Дегенмен, демократия жағдайында Парламент сайлауында плюрализм, яғни пікір алуандығы қажет. Әр партия өзі үшін күреседі. Күрес дегеніміз – диалектиканың бірінші заңы. Тек саяси күреспен ғана бірлікке қол жеткізе аламыз. Сондықтан мен осы мақалды сәл өзгертіп, «Күрес арқылы – бірлік болады. Бірлік болса – тірлік болады» деп айтар едім. Жалпы алғанда, бірлік пен береке күрес арқылы келеді. Біз – ұланғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған күрескер, батыр бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан да айтарым – біз табанды күрес жолына түсеміз, біз халық мүддесін жақтаймыз», - деді ол.

Осыдан кейін Ермұхамет Ертісбаев съезд делегаттарына партияның сайлауалды бағдарламасын бекітуді ұсынып, ол бірауыздан қолдау тапты.

Қазақстандықтардың жартысынан көбі Мәжіліс сайлауына барады – сауалнама

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс берушілердің жартысынан астамы бармақ. Аталған көрсеткіш қоғамдық сауалнама нәтижесінде анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты биыл 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Оған 17 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысқан. Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламент сайлауы өтсе, сіз қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

«Сауалнама қорытындысы бойынша 2023 жылдың 19 наурызында парламент сайлауына баратындардың ықтимал көрсеткіші 53,3% құрады. Оның ішінде 39% дауыс беруге нақты баратынын айтса, қалған 14,3% баруы мүмкін екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш барлық топта бірдей. Яғни дауыс берушілердің жынысына, жасына және материалдық жағдайына қарамастан», - делінген хабарламада.

Респонденттердің қалған 34,6 пайызының - 11,5% сайлауға бармауы мүмкін, 23,1% сайлауға бармайды.

Сұраққа нақты жауап бере алмағандар – 12,1%.

Цифрлардың ауытқуы +/- 2,8% құрайды.

Мәлім етілгендей, азаматтардың алдағы сайлауға қатысты пікірін білу Орталық сайлау комиссиясының ресми рұқсатымен жүргізілген.

Қазақстандықтар Мәжілісте қандай партияларды көргісі келеді – сауалнама

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауында дауыс беретін қазақстандықтардың дені көппартиялылықты қолдайды. Бұл туралы қоғамдық сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты биылғы 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Оған 17 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысқан.

Қоғамдық сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кезектен тыс Парламент сайлауында дауыс беруге ниеттілердің 48,6% AMANAT партиясын қолдауға бел буып отыр. «Ауыл» партиясы өкілдерін қолдайтындар – 6,2%,ал «Ақжол» үшін халықтың 5,4% дауыс бермек.

Басқа партиялар бойынша сауалнама қорытындысы: Қазақстан халық партиясы – 4,8%, Respublica – 3,6%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 3,2% және «Байтақ» 2,8%.

Респонденттердің 2,6% «барлығына қарсымын» бағанын белгілемек.

Сауалнамаға қатысқандардың 22,8% партиялар бойынша жеке таңдауын әлі жасамаған.

Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды: төменгі палатада бес немесе одан көп партияның болғанын қолдайтындар – 27,8%, сондай-ақ 6,6% - төрт, 16,8% - үш, 12,% екі партиялы Мәжілісті қалайды.

Цифрлардың ауытқуы +/- 2,8% құрайды.

Азаматтардың алдағы сайлауға қатысты пікірін білу Орталық сайлау комиссиясының ресми рұқсатымен жүргізілген.

Сайлау-2023: 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жақында Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл ретте 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады.

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Сайлаушылардың тізімін жасау және басқада іс-шаралар атқарылада. Осы орайда ҚазАқпарат агенттігі алдағы сайлауға қатысты негізгі деректерді көпшілік назарына ұсынады.

Дауыс беретін адамдар саны

Сайлаушылардың тізімдерін жасау - сайлау процесінің маңызды элементі. Өйткені, азаматтар осы тізім бойынша сайлауда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын жүзеге асырада. Сайлаушылардың тізімдерін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жасайды.

«Биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жасайды. Оған белсенді сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров.

Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес сайлаушылардың тізімін жинақтады.

«Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелді», - деді К. Петров.

Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді. Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.

Осындай тексеру тәртібі тізімнің қайталануына жол бермейді. Әрбір азамат сайлау тізіміне бір рет қана енгізіледі. Сонымен қатар, сайлаушыларға өздерінің тізімдерде бар-жоғын жеке тексеруге мүмкіндік беріледі.

«Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 26 ақпанда тұрақты тұратын жердегі сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелеріне тапсырылуы тиіс. Сайлау учаскесі бес күн ішінде оларды таныстыруға дайындайды. 4 наурыздан бастап әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімдер көпшілік назарына ұсынылуы керек. Яғни әр азамат сайлау учаскесіне келіп, тізімге енгізілгенін немесе өзі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы», - деді Константин Петров.

Бұл тұрғыда 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі беріледі.

 

 

 

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс - Әбдіров

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңда Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат қосылды. Бұл – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек», - деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданылатын болады.

«Сонымен қатар бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын», - деді ОСК төрағасы.

Депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғары мөлшері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғарғы мөлшерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды партиялық тізіммен ұсынған саяси партиялар үшін меншікті қаражаттың жалпы сомасы 5 мың ең төменгі жалақыдан немесе 350 млн теңгеден аспауға тиіс. Республика азаматтары мен ұйымдардың ерікті қайырмалдықтары 10 мың ең төменгі жалақыдан не 700 млн теңгеден аспауы керек. Жеке тұлғалардың ерікті қайырмалдығының шекті мөлшері 100 ең төменгі жалақыны (7 млн теңге), ал заңды тұлғалардан 500 ең төменгі жалақыны (35 млн теңге) құрайды. Сайлау қорының жалпы мөлшері 15 ең төменгі жалақыдан аспауы қажет. Ол 1 млрд 50 млн теңгені құрайды.

Мәжілісте бір мандатты аумақтық округтен сайланатын депутаттыққа кандидаттар үшін өзінің қаражаты 200 ең төменгі жалақыдан немесе 14 млн теңгеден аспауы керек. Азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 500 ең төменгі жалақыдан (35 млн теңге), жеке тұлғаллардан 25 ең төменгі жалақыдан (1 млн 750 мың теңге), заңды тұлғалардан 50 ең төменгі жалақыдан (3,5 млн теңге) аспауы қажет. Ал сайлау қорының жалпы мөлшері 700 ең төменгі жалақыдан (49 млн теңге) аспауы шарт.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары депутаттарына кандидаттарды партиялық тізіммен ұсынған саяси партиялар үшін саяси партиялардың меншікті қаражаты 70 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал республика азаматтары мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 140 млн теңгеден астауы қажет. Сонымен қатар жеке тұлғалар, 3,5 млн теңге, заңды тұлғалар 17,5 млн теңге қайырмалдық бере алады. Сайлау қорының жалпы мөлшері 210 млн теңгеден астауы керек.

Ал бір мандаттық округ бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары депутаттарына кандидаттар үшін кандидаттың өз қаражат 7 млн теңгеден, азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 147 млн теңгеден, жеке тұлғалардың қайырмалдығы 700 мың теңгеден, заңды тұлғалардың қайырмалдығы 1 млн 750 мың теңгеден аспауы тиіс. Сайлау қорының жалпы мөлшерін 21 млн теңгеден асыруға болмайды.

Бір мандатты округтерден сайланатын аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттарына кандидаттар үшін кандидаттың өз қаражаты 3,5 млн теңгеден аспауы керек. Азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 7 млн теңгеден, жеке тұлғалардың ерікті қайырмалдығы 350 мың теңгеден, заңды тұлғалардан 1 млн 50 мың теңгеден аспайды. Сайлау қорының жалпы мөлшері 10,5 млн теңгені құрайды.

«Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жарғылық капиталында шетелдік қатысушы бар қайырымдылық ұйымдардың, діни бірлестіктердің, қазақстандық заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдығына, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жасырын қайырмалдығына тыйым салынады», - деді Сәбила Мұстафина.

ОСК мүгедектігі бар жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті. Комиссия мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін үй-жайларды жабдықтауға белгілі бір талаптар қарастырылған. ОСК-нің 2018 жылғы қаулысы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ұсынымдарды бекітті. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру нормалары көзделген. 2017 жылдан бастап ОСК-нің жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы бар. Өткен жылы құрамы кеңейтілді, қосымша өңірлерден мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді. Жарияланған сайлау науқанында біз жұмыс тобының белсенді көмегіне сенеміз. Мүгедектігі бар адамдарды хабардар ету тәсілдерін айқындау, қажетті әдістемелік материалдар дайындау кезінде жұмыс тобының сараптамалық қорытындысы біз үшін өте маңызды», - деді қаулы жобасын таныстырған ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерге мүгедектігі бар азаматтардың саяси-қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы керек.

«Бірінші, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруды, екінші, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдарға ең алдымен дауыс беру құқығын іске асыру үшін сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды қабылдасын. Екінші, мүгедектігі бар адам саналатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына көмек көрсетсін. Үшінші, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігіне тексеру жүргізсін. Төртінші, мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруге арналған учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз етудің қосымша іс-шараларын көздесін», - деді Анастасия Щегорцова.

Ақмола облысында мәслихаттарға 249 депутат сайланады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 249 депутат сайланады. Қазіргі кезде кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әсия Күштаеваның мәліметінше, соның ішінде 16-ы облыстық, 41-і қалалық, 192-і аудандық мәслихаттарға өтеді. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісіне 1 депутат сайланады.

Осы ретте, облыстық мәслихатқа сайланатын депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық, яғни мажоритарлық жүйе, қалған жартысы партиялық тізім бойынша. Қалалар және аудандарда толығымен мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

«Қазір таңда 8 ақпанға дейін жалғасатын кандидаттарды ұсыну процесі жүріп жатыр. Мажоритарлық жүйе бойынша үміткер өзін-өзі ұсыну жолын таңдай алады. Өзін - өзі ұсынушы алдымен қай сайлау округі бойынша сайлауға түскісі келетінін шешуі керек, оны тұрғылықты жері бойынша да, басқа жерде де ала алады, бірақ содан кейін ол сол жерде тіркелуге міндетті болады», - деп түсіндірді Әсия Күштаева.

Айта кетсек, бұдан бұрын Талғат Жүнісов Ақмола облысынан Сенат депутаты болып сайланған еді.

Страница 47 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…