г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Президенттің қатысуымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отырыстың күн тәртібін жариялап, дауысқа салды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы алдымызда тұрған негізгі мақсат еліміздегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтап қалу, Қазақстанның жарқын болашаққа қарай қарқынды дамуына жол ашып беру екенін атап өтіп, келесі жылы барлық саладағы реформалар жалғасын табатынын жеткізді.

– Биыл еліміз зор қатерге тап болды. Дегенмен біз қиындықтың бәрін еңсердік. Барлық салада жүйелі реформаларды қолға алдық. Үш жарым жыл бұрын басталған саяси өзгерістер биыл тың қарқынмен жалғасты. Реформаның ауқымы кеңейді. Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттырып жатқанымызды және Конституциялық реформалар арқылы көптеген өзгеріс жасағанымызды атап өтті.

– Күшті Парламенті бар Президенттік республика жүйесіне көштік. Президенттің жақын туыстарына жоғары лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Ал Президенттің өзі қызметін атқарған кезде ешбір партияға мүше болмауға тиіс. Бұл талап заң жүзінде бекітілді. Мемлекет басшысы саяси күштердің бәрінен тысқары тұрады. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Яғни, билікті жеке-дара иеленуге жол берілмейді. Жоғары лауазым иелері ауысып отырады. Саяси үдерістер ашық, саяси жүйе орнықты болады. Бірқатар өкілеттіктер Президенттен Парламентке, орталықтан аймақтарға берілді. Аралас сайлау жүйесі енгізілді. Парламенттің рөлі және мәртебесі артты. Саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдеді. Аталған маңызды өзгерістер Конституцияға енгізілді. Елімізде жалпыұлттық референдум және Президент сайлауы өтті. Жұртшылық реформаларды қолдап, дауыс берді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы адам құқығын қорғау саласына әрдайым айрықша мән беретініне тоқталып, соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты.

– Өлім жазасына біржола тыйым салдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға жаза қатайды. Сот реформасы жүзеге асырылып жатыр. Заң үстемдігі және қазылардың дербес әрі әділ болуы – басты назарда. Тағы да қайталап айтамын: әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті. Қоғам бізден осыны күтіп отыр. Сондықтан биыл адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасты. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық кепілдік және иммунитет берілді. Бас прокурордың құқық қорғау құзыреті күшейтілді. Конституциялық Соттың құрылуы аса маңызды қадам болды. Бұл орган жаңа жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Ол Ата заң нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Конституциялық Сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне зор үлес қосады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл бастама азаматтарымыздың өз құқығы мен еркіндігін қорғауына жаңа мүмкіндік береді. Конституциялық соттың мұндай моделі дамыған елдердің көпшілігінде қолданылады және Конституцияның үстемдігін орнатуға ықпал етеді.

– Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштерімен жиі айналысатын Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Қараша айында Парламент «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң қабылдады, ол оның жұмыс тәртібін реттейді және конституциялық іс жүргізу принциптерін анықтайды. Қазіргі уақытта Конституциялық Сот аппаратын реформалау жұмыстары аяқталып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Конституциялық Соттың кадрлық құрамын жасақтау кезінде сабақтастық сақталуға тиіс екенін айта келіп, жаңа органның төрағасына айрықша міндет жүктелетініне назар аударды. Осы ретте Мемлекет басшысы осы жауапты қызметке Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды.

– Эльвира Әбілхасымқызы – тәжірибелі, білікті маман. Заң шығару жұмысын, халықаралық құқық саласын өте жақсы біледі. Ол 20 жылдан астам уақыт Әділет министрлігінде еңбек етті. Қатардағы қызметкерден министрдің орынбасары лауазымына дейін көтерілді. 2019 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келеді. Сіздерден Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатып, Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беруді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.

Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Эльвира Әбілхасымқызы Азимованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ермекұлы Ластаевтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Ақпарат дереккөзі: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-parlament-senatynyn-otyrysyna-katysty-29112930

Құрметті отандастар!

Міне, біз қазір бір ел болып, Жаңа жылды қарсы аламыз. Оны бәріміз ізгі ниетпен күтіп отырмыз. Осы сәтте мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілек айтамыз. Болашаққа сеніммен қарап, жоспар құрамыз. Миллиондаған азаматтарымыз сияқты мен жаңа жыл жарылқасын деп келешекке үмітпен қараймын. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді сақтап қалдық. Төл тарихымызға қарасақ, жұртымыз көптеген сындардан шыңдалып шыққан. Біз де қиындықтарды артқа тастап, алға қарай нық қадам бастық.

Жалпы, осы жыл Қазақстан үшін түбегейлі бетбұрыс жылына айналды. Біз мемлекеттігімізді нығайтып, жаңару және жаңғыру жолына түстік. Жалпыхалықтық референдум өткізіп, шын мәнінде жаңа Конституциямызды қабылдадық. Онда нағыз әділдік рухы көрініс тапты.   Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Парламент жүйесінің реформасын бастадық. Халқымыз ауқымды өзгерістерге қолдау білдірді. Сайлау жүйесіне жаңа ережелер енгізілді. Президент сайлауы ашық және әділ өтті. Мұның бәрі еліміздің саяси жүйесін жан-жақты жаңғырта түсті. Әкімшілік-аумақтық реформа жасадық. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Ең өзекті мәселелерді ауқымды диалог арқылы шешетін болдық. «Республика күніне» ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Биыл еліміз үшін несібелі жыл болды. 400 мыңға жуық сәби дүниеге келіп, көптеген отбасының шаңырағы бақытқа толды. Біз балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтердік. Бұл – өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам. Диқандарымыз 23 миллион тонна астық жинады. Бос жатқан 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бірнеше ірі өндіріс іске қосылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. «Қазақстан халқына» қоры құрылды, соның арқасында көптеген азаматқа нақты көмек көрсетіліп жатыр. Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда көк туымызды желбіретті. Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның халықаралық беделін арттырдық, бірқатар алпауыт елдердің сенімді серіктесі атандық. Осылайша, Барыс жылы ауқымды өзгерістер мен жаңа дәуірдің бастауы болды.

Дорогие соотечественники!

Уходящий 2022 год войдет в историю как год Преодоления.  Наша страна выдержала неимоверные испытания. Перед лицом трудностей казахстанцы сплотились во имя нашего общего светлого будущего, мы стали еще сильнее. Никакие вызовы не помешали нам продолжить кардинальные реформы. Был заложен прочный фундамент Справедливого Казахстана.

Последовательно осуществляются политические преобразования. Конституционный референдум и президентские выборы положили начало перезагрузке ключевых институтов власти. В следующем году состоятся выборы депутатов Сената, Мажилиса и маслихатов всех уровней. Граждане будут напрямую выбирать акимов районов.

Уверен, это приведет к формированию новых демократических традиций, повышению политической культуры в стране. Достигнут серьезный прогресс в деле защиты прав человека. Начат непростой процесс демонополизации и структурной перестройки нашей экономики. Мы не остановимся на этом.

В новом году мы продолжим строить качественные дороги, возводить доступное жилье, современные школы и больницы. Власть будет создавать благоприятные условия для развития предпринимательства.

Первостепенными задачами Правительства остаются обуздание инфляции и повышение реальных доходов граждан, налаживание производств.

Моим первым Указом после переизбрания дан старт комплексной работе по возрождению аула, развитию сельских территорий. Мы будем всячески поддерживать людей, преданных своему делу, настоящих профессионалов и патриотов Родины.

Герои нашего народа – это труженики предприятий и полей, ученые и деятели культуры, военные и сотрудники правоохранительной системы, инженеры и строители, предприниматели и спортсмены, меценаты и волонтеры, журналисты и сотрудники медиасферы, и конечно же учителя, воспитатели, врачи, все медицинские и социальные работники.

Қадірлі достар!

Біз келе жатқан Жаңа жылдан зор үміт күтеміз. Баршаңызға мәлім, әлемдегі ахуал аса күрделі. Соған қарамастан, келесі жыл еліміз үшін жемісті жыл болады деп сенеміз. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, көптеген жоспарымызды жүзеге асыруымыз керек. Негізгі мақсат – мемлекетімізді нығайту және халқымыздың әл-ауқатын арттыру. Мен Президент ретінде осы мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімді саламын. Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді. Біз бір ел болып, бір халық болып, бірлесе еңбек етіп, Жаңа жылда жаңа табысқа жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін.

Несмотря на все трудности уходящего года, мы всё же с оптимизмом смотрим в будущее. Надеемся, грядущий 2023 год будет годом возможностей и новых свершений.

Путь будет непростым. Но нам нужно идти вперед к достижению поставленных целей, отбросив все сомнения и опасения. Дорогу осилит идущий.

«Жақсылық бар жерде тапшылық болмайды» дейді халқымыз. Жаңа жылда баршамыз жақсылыққа ұмтылайық. Бір-бірімізге жанашыр, қамқор болайық. Ең бастысы, табанды еңбек етіп, елімізді бірге дамытайық.

Жаңа жыл халқымыз үшін берекелі жыл болсын!

Әр шаңырақ шаттыққа, қуанышқа толсын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

Ақпарат дереккөзі: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-zhana-zhyldyk-kuttyktau-sozi-31112435

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді.

Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 46 ер адам, 20 әйел адам бар. Оның ішінде төртеуі Парламент Сенатының қазіргі депутаты, 15-і мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 29-ы мемлекеттік қызметші, 13-і коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5-і қоғамдық ұйымдардың өкілі.

Мамандық бойынша: 3 дәрігер, 7 инженер, 8 заңгер, 1 саясаттанушы, 1 журналист, 14 мұғалім, 9 экономист, 10 ауыл шаруашылығы қызметкері және 13 басқа мамандық өкілдері.

Үміткерлердің орташа жасы - 51,8 жас.

Тіркелген кандидаттардың ең көп саны Жамбыл облысы мен Алматыда: әрқайсысы 5 үміткерден.

Абай ауданы мен Түркістан облысында 4 үміткер тіркелген. Қалған 15 облыс пен Шымкент қаласында 3 үміткер тіркелген.

Осылайша, тіркелгендердің ішінен бір мандатқа орта есеппен Парламент Сенаты депутаттығына 3 кандидат үміткер.

Четверг, 22 декабря 2022 09:54

«Тіл тағдыры – ел тағдыры»

«Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек,

қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де

 сақталу қамын қатар ойлау керек»

А.Байтұрсынов.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану- әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.

Осылайша, Жарқайың ауданының орталық кітапхана ,имаратының қабрғаларында 2022 оқу жылының аяқталуы бойынша тыңдаушыларға сертификат табыстауға арналған іс – шара өтті.

Іс-шараға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова, Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұргүл Искакова, Жарқайың ауданының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тілдер жөніндегі бас маманы Назира Шпанова, Жарқайың аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Оразхан Зейнолла қатысып шара барысында тыңдаушыларға құттықтау сөздер мен насихат сөздерін айтып өтті.

Шараның өту барысында қатысушылар қазақ тілі туралы майын тамыза сөйледі. Пай шіркін, қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады.

Ауданымыздағы Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мемлекеттік тілді және ағылшын тілін үйренуге кезінде ниет білдіріп, енді міне мемлекеттік емтиханды тапсырып болған соң, түрлі деңгейлік сертификаттарын алып, бір бірін қазақ және ағылшын тілдерінде құттықтап жатыр. Бұл таңдаушылардың қазақ тілі мен ағылшын тілін үйрену курстарында алған сапалы білімдерінің көрсеткіштері деп білеміз.

Көп тілді білу – заман талабы. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», – деп А.П. Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанда, құқықтық мемлекетте өмір сүріп келеміз. Өз кең байтақ жеріміз, мемлекеттік тіл статусына ие ана тіліміз бар. Бұл – ел ынтымағы пен бірлігінің үлкен жемісі. Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзін жадымыздан шығармайық, ағайын !

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

14 желтоқсанда Гастелло ауылының орта мектебінде Жарқайың ауданына қарасты негізгі мектептердің 6-8 сыныптары арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Жарысқа аудан оқушыларынан 8 команда, яғни 40 оқушы қатысты.

Шараның негізгі мақсаты қарасайлық жасөспірімдердің шахмат пен дойбыға деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және саламатты өмір салтын насихаттау.

Ойын барысында жас жеткіншіктер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе, бір команда болып білектерін біріктіріп келген жас шахматшылар жүлделі орын алуға ниетті еді. Бірнеше сағатқа созылған додада қателіктерге ұрынбай қарсыластарын шаң қаптырғандардың мерейі өсті.

Ақтық бәсекенің нәтижесіне сәйкес командалық жоғары ұпай есебімен  шахмат ойыны бойынша үздіктердің арасынан суырылып шыққан Кең ауылының негізгі мектебі бірінші орынды иеленді, екінші орынға Далабай ауылының негізгі мектебі, үшінші орынға Зерноград ауылының негізгі мектебі лайық деп танылды. Ал дойбы жарысынан бірінші орынды Кең ауылының негізгі мектебі алды, жүлделі екінші орынды Нахымов ауылының негізгі мектебі және үшінші орынды Отрадный ауылының негізгі мектебі иеленді.

Жеңіске жетуге рухтандырған аудандағы ақылдылар ойыны қызықты, тартысты өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Четверг, 22 декабря 2022 05:56

АЗАМАТ, СЕН ОТАННЫҢ ҚОРҒАНЫСЫҢ!

12-15 желтоқсан күндері аралығында Степногорск қаласында өткен облыстық "Айбын" әскери-патриоттық клубтар арасындағы жиынының жеңімпаздары аңықталды. Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері және білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өтті. Осылайша, жарысқа 15 команда, оның ішінде 150-ден аса студенттер пен оқушылар қатысты.

. Жалғасын  2022 жылдың 23 желтоқсандағы «Жарқайың тынысы» газетінің № 52  басылымында оқи аласыздар.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай "Болашақ" тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында аудандық дебат турнирі өткізілген болатын. Дебат турниріне ауданымыздың барлық оқушылары қатысуға мүмкіндігі бар болатын. Осылайша, жүлделі орындарға ие болған командалар:

Қазақ тілді лигасы:

1-орын: "Scream" А.Үкібаев мектебі;

2-орын: "True cry" А.Үкібаев мектебі;

3-орын: "Ұшқын" Кең негізгі мектебі;

3-орын: "Жалын" Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы.

Орыс тілді лигасы:

1-орын: "Оратор" Н.Крупская мектебі;

2-орын: "Лидер" Н.Островский мектебі;

3-орын: "Қазақ жігіттері" А.Үкібаев мектебі;

3-орын: "Парасат" Н.Крупская мектебі.

«Үздік спикер» номинациясында Кең негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Жанболат Мұқыш деп танылды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Ақпарат дереккөзі: «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ баспасөз қызметі.

2022 жылдың желтоқсан айында Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Жарқайың ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарға кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі;
  2. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  3. Жартылай стационар жағдайында және үйде мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымның жүргізіп жатқан жұмысы туралы;
  4. 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Қарастырылған сұрақтар бойынша шешімер қабылданды және 2023 жылға арналған жоспар бекітілді.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Балалар жылына арналған, Тәуелсіздік күнін тойлау қарсанында 2022 жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласының "Тәуелсіздік сарайы" ғимаратында "Тәуелсіздік тұғырым" атты халықаралық байқау өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының күйшілер одағының төрағалары, «Шабыт» университетінің аға оқытушылары М.Б.Нукеев, Е.М.Сапуанов, Д.Е.Кожебаев әділ-қазылар алқасының төралығымен өткізілді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданы атынан Сәт Жұрмағанбетовтың жетекшілігімен Жарқайың аудандық музыкалық мектебінің "Домбыра дастан" атты ұлттық аспаптар ансамблі қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды, жеке орындауында жетекшісі Айжан Молдағұлованың шәкірті Базарбай Досбол 1 орынды иеленді.

Үлкен сахнада өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Ауданымыздың жас таланттарымызды ұлттық өнер жолында тәрбиелеп отырған, ауданымыздың мәдениетімізге үлес қосып жүрген жетекшілерімізге алғасымыз шексіз. Үлкен жауапкершілік танытып, үлкен сахнада Жарқайың ауданының намысын қорғаған барлық қатысушыларымызға өнер жолында көп табыстарды тілейміз.

Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тіледі.

Аудан әкімі өз сөзінде «Аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бойынша Ақмола облысында бірінші орынды иеленгенді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 85 781,5 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 206,9% құрады» - деп атап өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі саланың үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің ведомстволық марапаттарын және құрмет грамоталарын табыс етті.

Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ЖШС директорларына, шаруа қожалықтарының басшыларына алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ардагерлерін, үздік комбайнерлерді, механизаторларды және басқа да мамандарды атап өтті.

Салтанатты жиын ауданның шығармашылық ұжымдарының шағын мерекелік концертімен аяқталды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Страница 52 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…