Аудан әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізді.
Кездесуге аудандық ұйымдардың басшылары, аудандық прокуратура, полиция және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.
Халықпен кездесу барысында аудан әкімі қала тұрғындарын ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында Державин қаласының әкімі Талғат Бейсеновтың есебі және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Жаркеновтың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Халықпен кездесу соңында қаланың дамуына қосқан үлесі және қала өміріне белсенді қатысқаны үшін Жарқайың ауданының әкімі бірқатар алғыс хаттар табыс етті.
Жарқайың ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі.