г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 70%-дан астамы сайлауда дауыс беруге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде респонденттердің 71,6 пайызы дауыс беруге ниетті екендіктерін мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепке сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы Президент сайлауына респонденттердің 71,6 пайызы қатысу ниетін білдірді. Ал, 18,3 пайызы өздерінің сайлауға қатысу ықтималдығын «50/50» деп бағалады. Дауыс беруге бармайтынын мәлімдегендер – 6,1 пайыз. Әлі шешім қабылдап үлгермеген респонденттер – 4 пайыз», - делінген «Қоғамдық пікір» институтының сауалнама нәтижесі көрсетілген

хабарламада.

Институт мәліметіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 84,4 пайызы Президент сайлауының әділ өтетініне сенеді. Ал, респонденттердің 11 пайызы бұған кереғар пікірде.

«Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруі ықтимал сайлаушылардың 78,8 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Ал, респонденттердің 2,8 пайызы Жигули Дайрабаевқа дауыс беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 1,8 пайыз сайлаушы Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдамақ. Сауалнамаға қатысқандардың 1,6 пайызы Мейрам Қажыкен мен Салтанат Тұрсынбекова дауыс беруге ниетті. Сонымен бірге, Қарақат Әбденді қолдайтын азаматтар қатары – 0,8 пайыз. Әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 3,2 пайызы барлығына қарсы дауыс беретінін мәлімдеген. Ал, репонденттердің 9,4

пайызы әлі таңдау жасап үлгермеген», - деп мәлім етті «Қоғамдық пікір» институтынан.

Аталған әлеуметтік зерттеу 4-6 қараша аралығында жүргізілді. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың 18 жастан асқан 1 200 тұрғыны қатысқан.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…