г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Президент сайлауы неліктен күзге белгіленді – Ерлан Қошановтың жауабы

Белгілі қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл сайлауды саяси реформалардың заңды жалғасы деп есептеуіміз керек. Саяси реформаларды қабылдағаннан кейін, біздің институттар да жаңаруы керек. Оны қоғам да талап етіп отыр. Өзіңіз білетіндей, әлеуметтік желілерде журналистер мен қоғам тарапынан «Мәжіліс сайлауы қашан болады?», «Президент сайлауы бола ма?» деген сұрақтар көбейді. Бұл – заңды сұрақтар. Сондықтан Президент барлық электоралды кестені, алда болатын сайлау науқандарының кестесін алдын-ала жариялады. Яғни, биыл Президент сайлауы, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады, одан кейін Үкімет те жаңарады. Жаңарады немесе қайта жасақталады. Бұл – саяси ашықтықтың, мәдениеттің үлгісі. Президент сайлауының биыл күзде өтуі – сол билік институттарының жаңаруының басы деп айтар едім. Халық қабылдаған саяси реформалардың арқасында, соның ішінде Президенттің, Парламенттің құзыретіне, Үкімет пен саяси партияларға қатысты мәселелердің барлығы қамтылған. Енді барлығы жаңа жағдайда жұмыс істейді. Осылардың барлығы жаңғырып жатқан кезде Презиент оны өзінен бастау туралы шешім қабылдады», - деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Парламент Мәжілісінің спикері Президентті 7 жыл мерзімге бір рет сайлау туралы өзгеріске қатысты да пікір білдірді.

«Президент 7 жылдық мерзімге бір мәрте ғана сайланады деген - ол Конституцияның 91-бабына енді. Бұл өзгермейді. Біздің Тәуелсіздігіміз және біздің республикамыздың біртұтастығымен қатар осы норма да енді оған. Ол болашақта өзгермейді», - деп түйіндеді ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…