г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Президент сайлауы: Қарақат Әбден кандидат ретінде ресми тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды.

«Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды»,- деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Сондай-ақ, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салды. Нәтижесінде бірауыздан оң шешім қабылданды.

«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденді кандидат ретінде тіркейді», - деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Отырыс соңында ОСК төрағасы үміткерге кандидат куәлігін табыстады.

Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.

10 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтиханды сәтті тапсырды.

Ал 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…