г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді  Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 27 жыл толуымен құттықтаймын! Біз құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін бағалаймыз. Қандай қиыншылыққа тап келсе де төтенше жағдайлар қызметкерлері өз ісін абыроймен атқаруға бар ынтасымен кіріседі.

Ел аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.

Бүгінгі күні республикамызда төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Оған  мамандардың кәсібилігі, қызметіне деген адалдығы мен ерліктерінің арқасында қол жеткізіп келеді. Осының нәтижесінде мыңдаған адамдардың өмірі құтқарылды.

Алдағы уақытта құтқарушылардың  кәсіби шеберлігі, батылдығы мен қайсарлығы адамдарды құтқару  ісінде қызмет ететініне толықтай сенімдімін.

Құрметті ауданымыздың құтқарушылары! Бүгінгі жарқын мерекеде  сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін!  Қауіпті еңбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғысымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне зор үлестеріңізді қоса беріңіздер демекпін!

 Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…