г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Президент сайлауы: Мәслихат депутаттарының бірлестігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестік ҚР Президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астанада Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігінің отырысы өтті.

Аталған жиынға еліміздің барлық өңірінен мәслихат депутаттары мен өкілдері қатысты.

Бірлестік мүшелері 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

«Қараша айында еліміз үшін маңызды науқан, Президент сайлауы өтеді. Қазір кандидаттарды ұсыну, тіркеу процесі жүріп жатыр. Қазақстанның алдағы 7 жыл ішінде дамуы сол сайлаудан кейін айқындалады. Біздің бірлестік ақылдаса келе, бірауыздан 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамыз. Қазір әлемдегі геосаяси ахуалды баршаңыз біліп отырсыздар. Осы орайда біз ел бірлігін сақтап, Мемлекет басшысы жүргізіп келген саясатты қолдап, жаңа Қазақстанды бірге құруымыз қажет», - деді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Баһадүр Нарымбетов.

Оның айтуынша, аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысының ел тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау қалуда тәжірибесі мол.

«Біздің бірлестік республика бойынша мәслихат депутаттарынан құрылған. Халықпен кездесу кезінде депутаттар алдында түрлі мәселелер көтеріледі. Осыған орай халықтың қалауы да Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсіп отыр. Халық Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көргісі келеді», - дейді ол.

https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-maslihat-deputattarynyn-birlestigi-kasym-zhomart-tokaevtyn-kandidaturasyn-usyndy_a3987065

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…