Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысы
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері және қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Асылхан Әлжановтың басшылығымен құрылған жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысына байланысты "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" мәлесімен ауданның "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ барды. Мекеменің бас маманы Владимир Белых халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Арман Серікұлы Мұқашев бұл мекеменің халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі жыл бойына ескертусіз жасалып жатқаны туралы айтып өтті. Жұмыс тобы ақпараттық стендтердің мазмұнымен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен танысып шықты.
Сонымен қатар, қоғамдық белсенділердің қойылған сұрақтардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талаптары және оны іске асыру туралы болды. Бұл сұрақтар бойынша аудан әкімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Адиль Габдолович Нурбеков кейбір жерлерде сәйкессіздіктерді анықтады, мысалы пандустың талаптарға сәйкестігін және шақыру батырмасының жұмыс істейтінін тексерді. Бөлімге осы сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.