Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Ағымдағы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өткізілген онкүндіктің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілген еді.
Салтанатты іс-шараның қатысушыларын аудан әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, еңбекте мол табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Ж.Хамитов Марокконың Марракеш қаласында мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысып жүлделі күміс және қола медальға ие болған спортшымыз және біздің жерлесіміз Әсем Жаңаділоваға және оның жаттықтырушысы Данияр Бектемісоқа, сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте гір спортынан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпаз ұлдарымыз, үш бірдей жерлесіміз Аманқұл Әбуәліге, Ернұр Дәрменовқа, Қуаныш Нұрғожинге және олардың жаттықтырушысы Салтанат Халибекке ақшалай сертификаттарды табыс еттіп болашақта да жарқын белестерге жетуді тіледі.
Сонымен бірге, Жарқайың ауданының әкімі, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік жоспар аясында өткізілген іс - шаралардың қорытындылары бойынша және мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін бір қатар алғыс хаттарын табыс етті және де мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіруде атқарып келе жатқан еселі еңбектері үшін Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.
Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлерінің шағын концетртімен аяқталды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.