Конституциясы күнімен!
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов іс-шараны аша отырып, қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, негізгі Заңның мемлекеттің, қоғамның және әрбір адамның өміріндегі рөлін атап өтіп, аудан әкімі барша жарқайыңдықтарға отбасылық амандық, зор денсаулық, молшылық және бақыт тіледі.
Салтанатты іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімі бірқатар алғыс хаттарды табыс етті.
Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.