Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің дамуының негізі
Егемендік алғаннан бері қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;
Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;
Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Бұл қызметтерді алу үшін мектебімізде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» да бар. Кез келген қызмет алушы осы бұрышты өздігінен пайдалана алады немесе арнайы маман көмегі арқылы алуға мүмкіндік бар. Осы оқу жылында бізің мектебімізде осы аталған бес мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 10(он) қызмет көрсетілді. Барлығы да өз уақытында нәтижелі атқарылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Кең ауылының негізгі орта мектебінің іс жүргізушісі А.Б.Алимгазина.