«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде, тегін ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртібінде тиісті мәртебе алған ұлты қазақ этникалық қазақ және (немесе) оның отбасы мүшелері болып табылады.
Мемлекеттік қызмет заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге жұмыстардың стандарттары мен регламенттері, басқа да нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер беріледі.
Жұмыстың негізгі бағыттары - қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау, қызмет көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру.
Сонымен, Ақмола облысында 2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін қандас мәртебесі 136 адамға берілді, оның ішінде из Қытайдан – 10 адам, Моңғолиядан – 48 адам, Өзбекстаннан – 31 адам, Ресейден – 9 адам, Қырғызстаннан – 2 адам, Ауғанстаннан – 35 адам, Түрікменстаннан – 1 адам.
Көшіп келген қандастарға көшуге субсидиялар және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар төленеді.
көшуге субсидия – отбасының әр мүшесіне бір жолғы 70 АЕК мөлшерінде.
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидия – ай сайын, он екі ай ішінде келесі мөлшерінде:
1) қалалық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде;
2) ауылдық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде.