г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

COVID - 19 коронавирустық инфекциясы, вакцинация және ревакцинация бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы

2022 жылдың басынан бастап ауданда 400 COVID -19 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 279 жағдай қаңтар айында тіркелген, 110 жағдай ақпанда, 4 жағдай наурызда. Науқастардың басым бөлігі ересек тұрғындарға тиесілі, оқушылар мен зейнеткерлер арасында да бұл жағдайлар тіркелген еді.

Сәуірден бастап шілде айына дейін эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды, ауру жағдайлары болған жоқ.

Ағымдағы жылғы шілде айының ортасынан бастап бүгінгі күнге дейін ауданда COVID -19 симптомдары расталған 7 жағдай тіркелді, оның ішінде қала тұрғындары арасында – 5 және ауыл тұрғындары арасында 2 жағдай (Пригородное және Уәлиханов ауылдары).

А.ж. шілде айында анықталған 3 жағдай вакцинация курсынан өтпеген тұлғалар арасында және 3 жағдай ревакцинация алмаған тұлғалар арасында болды. Бір жағдайда – жасына байланысты вакцинациялауға болмайтын тұлада, анасы вакцинацияланбаған және өзі ауырған бір жасқа дейінгі бала инфекция көзі болды.

Ағымдағы жылдың маусым айында ауырғандар арасындағы кәсіби құрамы бойынша: мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері арасында 1 жағдай, білім беру қызметкерлері арасында 1 жағдай, 1 зейнеткер және 3 жұмыс істемейтін, 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған балалар арасында 1 жағдай.

Жас санаты бойынша: 30 - дан 40 жасқа дейін - 2 жағдай, 50-ден 60-қа дейін - 2 жағдай, 60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында - 1 жағдай және 1 жасқа дейінгі балалар арасында - 1  жағдай тіркелді.

Барлық жағдайлар қоғамдық орындарға барумен байланысты.

Жарқайың ауданы жалпы Ақмола облысы сияқты жасыл аймақта орналасқанына қарамастан, әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады.  Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес сары аймақта Нұрсұлтан қаласы орналасқан, тәулікте шамамен республика бойынша 2 мыңнан астам жаңа жағдайлар тіркелуде. 

Биылғы жылдың сәуір-шілде айлары аралығында ауданда COVID - 19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанын, бұл жалпы вакцинация мен ревакцинацияның тиімділігін растайтынын еске салғым келеді.

Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алудың маңызды шараларының бірі вакцинация болып табылады және солай болып қала береді, оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ ревакцинация жасауға тиісті.       

Жарқайың ауданында COVID - 19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация науқаны жалғасуда.

Барлығы 8300 адам вакцинациялауға жатады, бірінші компоненті 8755 (105%), екінші компоненті 8214 (99%). Ревакцинацияға (үшінші бустерлік екпе) вакцинацияның толық курсын аяқтаған 5917 адам жатады. Қайта вакцинацияланғандардың 75,1%.  Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының барлығы бірдей алғашқы ревакцинациядан өтпегенін көрсетеді. Осы жерде мен аудан тұрғындарына жүгінгім келеді, егер алғашқы ревакцинацияны алу мерзімі келген болса, ревакцинацияны алу керек, өйткені вакцинациядан кейін 6 айдан кейін иммунитет төмендейді.

Қайта ревакцинациядан (төртінші екпе) 669 аудан тұрғыны өтті, оның ішінде қауіп топтары бойынша: 50 жастан жоғары – 98, медицина қызметкерлері – 117, педагогтар – 152, күш құрылымдарының қызметкерлері – 28. Қайта ревакцинация алынғаннан кейін екпеден кейінгі қолайсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Комирнати вакцинасымен вакцинациялау (Пфайзер), толық курспен қамтылуы тиістілер санының 39,3% - ын құрады, оның ішінде 264 жасөспірім, 62 бала емізетін және 6 жүкті әйел егілді.

Ревакцинация мәселелеріне тоқталғым келеді. Қол жеткізілген ұжымдық иммунитетке қарамастан, ревакцинацияны алу керек, өйткені уақыт көрсеткендей, иммунитет 6 айдан кейін төмендейді, ал егер сіз үшінші және төртінші дозаны алмасаңыз, жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинацияламасаңыз, онда аурудың өсуі сөзсіз. Көріп отырғанымыздай, барлық анықталған жаңа жағдайларда науқастар вакцинацияланбаған немесе ревакцинация кезеңдерінен уақтылы өтпеген. 

Республика мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес төртінші дозаны қайта вакцинациялауға жұқтыру қаупі жоғары адамдар, бірінші қатардағы жұмысшылар, яғни өз қызметінде адамдармен көбірек жұмыс істейтіндер жатады:

Бұл:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан тұлғалар.

Бүгінгі таңда жеткілікті мөлшерде КазВак, Вероселл және Пфайзер вакциналары бар. Вакцинация пункттері күн сайын жұмыс істейді, сіз сондай-ақ вакцинация қоюшылар тобын ұйымға шақыра аласыз.

Мен аудан тұрғындарына айтқым келетіні, COVID -19 вакцинациясы мен ревакцинациядан өту маңыздылығы — жұқтыру ықтималдығын азайту және осы қауіпті инфекцияның ықтимал асқынуларынан өзіңізді қорғау үшін жасалады.

Санитарлық қызмет жаз мезгілінде аурудың өсуі тіркелген елдерге барудан аулақ болуды, түрлі бұқаралық іс-шараларға барудан, қоғамдық орындарға, әсіресе медициналық ұйымдарға барған кезде қорғаныс маскаларын қолдануды ұсынады.

"Жарқайың аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ басшысы Ж.Ахметова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…