Құрметті аудан спортшылары мен ардагерлері! Қадірлі спортсүйер қауым!
Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық тамаша дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ денсаулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді.
Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшылар да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап, спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.
Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде. Толағай табыстарда жаттықтырушылардың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас.
Келешекте біздің спортшылар жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт жерлестеріміздің күнделікті өмір салтына айналарына сенімім мол.
Барлық спортшыларды мерекемен құттықтай отырып, өмірлеріңіз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын спортшыларымыздың қатары көп болуына шынайы тілектеспін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.