г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Дипломмен ауылға!

Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Аталған мемлекеттік қызмет «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы аясында көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызмет 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Оны іске асыру барысында Жарқайың ауданының ауылдық жерлеріне Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен жас мамандар жұмыс істеу және тұру үшін келе бастады.

Аталған жобаны іске асыруда тек диплом алған оқу орындарының түлектері, сондай-ақ еңбек өтілі бар, яғни үш жылдан кем емес жұмыс істеу және тұру үшін ауылға келген мамандар жатады.

Бұл мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды  мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдігі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын беру  мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы,   «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі:

  • Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-портал арқылы көрсетіледі;
  • Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі;
  • Мемлекеттік қызметті көрсету үлгісі – электрондық/қағаз түрінде;
  • Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады;
  • Жүз есеге тең айлық есептік көрсеткіші (306 300 теңге) сомасындағы көтерме жәрдемақы;
  • Тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіші бір мың бес жүз еседен аспайтын (4 594 500 теңге) бюджеттік кредит сомасындағы, он бес жылға арналған мерзімімен мамандар үшін тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бюджеттік кредит, жылдық кредит сомасынан 0,01 % мөлшерінде кредит бойынша сыйақы мөлшері белгіленеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар тізбесі қажет:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  • кредиттік бюродан есеп.

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  • кредиттік бюродан есеп.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

Қосымша ақпаратты алуға Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мына мекенжай бойынша: ҚР, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қ., Ленин к-сі 16 ғимарат немесе осы телефондар арқылы: +7/71648/ 9-12-85; 9-22-20; факс: 9-12-47 хабарласа алады.

Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…