г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жаңа жылдық күрес турнирі

09.01.2023, 04:30

2022 жылдың 30 желтоқсан күні Балалар және Жасөспірімдер Спорт Мектебінде грек-рим және қазақ күресінен аудандық «Жаңа жылдық турнир» өтізілді. Оған 2007-2016 жылы туылған балалар қатысты. Жарыстың мақсаты жасөспірімдер мен балалар арасында спортты насихаттау, ауданымыздағы спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша 24 келі салмақ дәрежеснде 2014-2015 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Сапар, Н.Сәбит, 26 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Абдрахман, 29 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Т.Халилов, 30 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Шайжанов, 30 келі салмақ дәрежесінде 2016 жылы туылған балалар арасында 1-орынды А. Гайдуков, 60 келі салмақ дәрежесінде 2007-2008 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Б. Алкенов, 42 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Т.Арыспай,  42 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды М. Досжанұлы,  32 келі салмақ дәрежесінде 2014-2015 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Худайбергенов, 90 келіден жоғары салмақта  1-орынды Ә.Ізтілеев иеленді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Львов ауылындағы Жаңа жыл

09.01.2023, 04:21

Жаңа жыл ертегі сияқты және ол желтоқсанның соңғы күніне дейін басталады. Бұл мереке әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, мереке. Жаңа жыл мен қысқы көңіл-күй тақырыбындағы қолөнер онкүндігі "Алтын аралар" шығармашылық үйірмесінде басталды. Қатысушылар алдағы жылдың символын, қысқы тақырыпқа арналған көлемді ашықхаттар мен шыршаны безендіруді қуанышпен жасады.

Балалардың алғашқы ағымы үшін "міне, біз ертегіге кірдік!" атты Жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды. Онда Аяз ата, Ақшақар, әпкелі сіңілі Марфа және Настенкамен ойын өткізілді. Мұнда теріс пиғылды кейіпкерлер балалардың мерекесін бұзуға тырысты. Бірақ, әдеттегідей, жақсылық тағы да зұлымдықты жеңді.

Екінші лектегі балалар үшін "Жаңа жыл бізге асығады!" – атты  жаңа жыл кеші өтті. Балалар мерекелік шытырман оқиғалы атмосфераға еніп, қызықты байқауларға қатыса алды. Аяз атаның пайда болуымен нағыз мереке шыршаның айналасында басталды десек болады. Мұнда қатысушылар ән шырқап би билеп, шыршаны айналды. Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақшақарға өлең оқып, кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Ересектерге арналған "жаңа жылдық калейдоскоп" мерекелік қойылымын мәдениет қызметкерлері дайындады. Ауылдың түкпір-түкпірінен келген қонақтар осы сағатта шыршаның жанына жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтап, көршілеріне алдағы жылы бар жақсылықты тіледі. Ауыл тұрғындарын Жаңа 2023 жылмен ауыл әкімі Ю. Кащеев, Аяз ата, Ақшақар құттықтады.  Мереке қонақтары үшін бұл күні түрлі көңілді конкурстар мен билер өткізіліп, әуезді әуен шырқалды. Кеште «кім бақытты?»- деп аталатын Жаңа жылдық лотерея өтті. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен құнды, Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Қарт адамдар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

09.01.2023, 04:19

Жаңа жыл қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бүкіл өмірін Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған ауданның карияларымен кездесті.

Жарқайың ауданының әкімі дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, рухани жылулық пен оптимизм тіледі.

Дөңгелек үстел барысында қариялар, еңбек ардагерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары өздерінің естеліктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісіп, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Жиында Камал әже жаңа жыл қарсаңында үлкендердің басын қосып, ақ дастархан жайған аудан басшылығына алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында ауданымыздың өнерпаздарымен балалар саз мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, батагөй қариялардың ыстық ықыласына бөленді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Аудан әкімі қариялармен жүздесті

09.01.2023, 04:18

Жаңа жыл қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов "Лучи добра" ҚҚ қарттарға арналған интернат-үйіне барды.

Аудан әкімі қарттарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ өмір тіледі.

Сондай-ақ, келе жатқан Жаңа жылмен Жарқайың ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова құттықтады. Шараға мерекенің көркіне айналған Аяз ата мен Ақшақар арнайы келіп, қарияларға қызыл дорбасындағы сый-сияпатын табыс етті. Кездесу мерекелік концертпен аяқталды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлама

09.01.2023, 04:16

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, «Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 58/303 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамын хабарлаймыз.

Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін сайлау бойынша Үшқарасу ауылы аумағының шекарасында Үшқарасу сайлау округі.

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Державин қ., Мир көшесі, 78, каб.1, тел.8(71648) 9-12-10.

Комиссия төрайымы –Жанар Хабидоллақызы Рамазанова;

комиссия төрайымының орынбасары –Любовь Сергеевна Сыздыкова; 

комиссия хатшысы –Эльмира Алтайқызы Әбітаева;

комиссия мүшелері: Мәншүк Мақсұтқызы Жүсіпбекова, Марина Анатольевна Мұташева, Ирина Михайловна Николайцева, Ирина Владимировна Платонова.

Жарқайың аумақтық сайлау комиссиясы.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…