Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тіледі.
Аудан әкімі өз сөзінде «Аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бойынша Ақмола облысында бірінші орынды иеленгенді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 85 781,5 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 206,9% құрады» - деп атап өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі саланың үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің ведомстволық марапаттарын және құрмет грамоталарын табыс етті.
Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ЖШС директорларына, шаруа қожалықтарының басшыларына алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ардагерлерін, үздік комбайнерлерді, механизаторларды және басқа да мамандарды атап өтті.
Салтанатты жиын ауданның шығармашылық ұжымдарының шағын мерекелік концертімен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Зерноград ауылында мектептің 65 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова барлық қатысушыларды мектептің мерейтойымен құттықтап, алтын ұя мектебінің өсіп өркендеуіне зор үлес қосқан ел азаматтарына, барлық ұстаздар ұжымына, мәдени және білімі жағынан зерек жиырма бірінші ғасырдың жаңа ұрпағын тәрбиелеу жолында, шығармашылық табыстар тіледі.
Сондай-ақ, Жаңадала ауылдық округінің әкімі, мектеп түлегі Көкетай Хамзин, мектеп директоры Елена Стрымбовская, Зерноград мектебінің педагогтары мен түлектері құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп оқушылары мерейтой қонақтарына шығармашылықтарын сыйлай отырып, әндерімен және билерімен құттықтады.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті
2022 жылғы 9 желтоқсанда Жарқайың ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілді. Оның барысында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, сотталғандардың жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлеп төлем төлеуі мәселелері қаралды, сондай-ақ Консультативтік-кеңесші органның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Пробация қызметінің баспасөз қызметі.
БИЫЛ КӨМІР ТАПШЫ БОЛМАЙДЫ
Жауаптылар осылай деп сендіріп отыр.
Қазір қоймаларда қара отын жеткілікті, жағдай тұрақты. Баға да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттамаған. Мәселен, елордадағы Майкөбе көмірінің тоннасы 13 200 теңге болса, Шұбаркөл – 13 900, ал Қаражыра 14 600 теңгеден сатылуда. Әрине бұл құн тұтынушыға жетем дегенше, біршама қымбаттайды. Алайда бұл тек ортадағы алыпсатарлардың әсерінен туындайды дейді сала мамандары.
Тағы бір мәселе көмір сапасына келіп тіреледі. Өкінішке орай, Шұбаркөл көмірі тұрғындардың бәріне бірдей жетпейді. Кей адамдар осының кесірінен сапасыз отын алып жатырмыз деп шағымданып жүргені де белгілі.
Тұрар Жолмағанбет, ҚР ИИДМ Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазақстан республикасында тұтынатын көмір көлемі 10 млн. Шұбаркөлдің сататын көлемі 3,5 млн. Біз не істейміз? Бізде мақсат жоқ, халықты Шұбаркөлмен қамтамасыз ету, біздің мақсат елді көмірмен қамтамасыз ету. Жалпы біздің мақсат көмір жағу, жылу алу. Мынау көмір тұр, Қаражар да дәл сондай көмір бере алады, Майкөбе де сондай жылу бере алады.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/573474-biyl-k-mir-tapshy-bolmajdy
Азық-түліктің қымбаттауына не ықпал етті – министр жауабы
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Арамызда өтірік болмасын. Мен баға тұрақты болады деп айтқан емеспін. Біздің мақсатымыз – бағаның өсу серпінін тоқтату. Баға тұрақты болу үшін өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату керек. Қазір азық-түліктің 40%-ы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль 4 теңге болса, қазір ол 8 теңге болды. Ресейдегі азық-түлік инфляциясы – 15%. Баға қалай тұрақтайды», - деді Сауда министрі Үкімет кулуарында.
Сонымен бірге, С. Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында баға аспандап кетпей ме деген сұраққа жауап берді.
«Аспандап кетпейді. Бірақ сізге (баға – ред.) тұрақты болады деп уәде бере алмаймын», - деді ол.
Ақпарат дереккөзі: https://www.inform.kz/kz/azyk-tuliktin-kymbattauyna-ne-ykpal-etti-ministr-zhauaby_a4004718