Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тіледі.
Аудан әкімі өз сөзінде «Аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бойынша Ақмола облысында бірінші орынды иеленгенді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 85 781,5 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 206,9% құрады» - деп атап өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі саланың үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің ведомстволық марапаттарын және құрмет грамоталарын табыс етті.
Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ЖШС директорларына, шаруа қожалықтарының басшыларына алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ардагерлерін, үздік комбайнерлерді, механизаторларды және басқа да мамандарды атап өтті.
Салтанатты жиын ауданның шығармашылық ұжымдарының шағын мерекелік концертімен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.