г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қаладағы қалың қар тазаланды

12.01.2023, 03:32

2023 жылғы 9 қаңтар күні біз Державинск қаласының әкімдігіне барып, қала басшылығымен сұхбаттасқан болатынбыз. Бізді әкімдікте Державинск қаласының әкімінің орынбасары Досбол Сейтбек күтіп алды. Сұхбатымыздың басты тақырыбы ауа - райының күрт бұзылуына байланысты, қала көшелеріне жауған қарды тазарту жұмыстарымен танысу болды. Біз Досбол Ерікұлына "Қала көшелері қашан тазартылады?", "Оған қанша техника жұмылдырылады?", "Жалпы мұндай оқыс оқиғаларға қаламыздың әкімдігі дайын ба?" - деген сұрақтармен жүгінген тұғынбыз. Досбол Сейтбек ағымдағы жылғы қар тазалау жұмыстары бойынша көшелерді тазарту жұмыстарымен 3 бірлік техника, соның ішінде, 2 К-700 және 1 МТЗ-82 тракторы айналысып жатқанын айтты. 

Досбол Ерікұлының сөзінше, қалын бораннан кейін қаламыздың барлық басты көшелері мен қалаға кіреберіс және шығаберіс жол бөліктері, көлденен қиятын көшелер,  "Жастар" шағын ауданы, аялдамалар, көп қабатты үйлерге кіреберіс жолдар тазартылды. Сонымен қатар, ДСУ-71, Облыс арнайы конторы,  ПМК-43, мұнай базасы, май зауыты, тігін фабрикасы және заводское елді мекендері қар құрсауынан  залалсыздандырылды. Қар әлі қаладан тыс аумаққа шығарылған жоқ. Бұл жұмыстар тек қар көлемі қажетті мөлшерге жеткенде ғана қала сыртына тасымалданатын болатынын айтып өтті. Ол үшін "Торғай" стадионының маңынан арнайы полигон жасақталған. Қазіргі таңда, қарды тасымалдауға арналған екі жүк көлігі, және бір қар тиегіш трактор мен жол тазалайтын К-700 тракторы резервте тұрғаны да белгілі болды.  

"Қала әкімшілігі тұрғындардан аулаларындағы қарды жол бойына шығарып, қозғалысқа кедергі келтірмеуін өтінеді. Себебі, сондай олқылықтардың салдарынан көліктердің жүруі қиындап, жол апаттары орын алуы мүмкін. Сондай-ақ қайта тазарту жұмыстары аудандық бюджеттің қайта шығындалуына әкеліп соғады" -дейді, Державинск қаласы әкімінің орынбасары Досбол Сейтбек.

 "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Жаңа жылдық күрес турнирі

09.01.2023, 04:30

2022 жылдың 30 желтоқсан күні Балалар және Жасөспірімдер Спорт Мектебінде грек-рим және қазақ күресінен аудандық «Жаңа жылдық турнир» өтізілді. Оған 2007-2016 жылы туылған балалар қатысты. Жарыстың мақсаты жасөспірімдер мен балалар арасында спортты насихаттау, ауданымыздағы спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша 24 келі салмақ дәрежеснде 2014-2015 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Сапар, Н.Сәбит, 26 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Абдрахман, 29 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Т.Халилов, 30 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Шайжанов, 30 келі салмақ дәрежесінде 2016 жылы туылған балалар арасында 1-орынды А. Гайдуков, 60 келі салмақ дәрежесінде 2007-2008 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Б. Алкенов, 42 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған балалар арасында 1-орынды Т.Арыспай,  42 келі салмақ дәрежесінде 2011-2013 жылы туылған балалар арасында 1-орынды М. Досжанұлы,  32 келі салмақ дәрежесінде 2014-2015 жылы туылған балалар арасында 1-орынды И.Худайбергенов, 90 келіден жоғары салмақта  1-орынды Ә.Ізтілеев иеленді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Львов ауылындағы Жаңа жыл

09.01.2023, 04:21

Жаңа жыл ертегі сияқты және ол желтоқсанның соңғы күніне дейін басталады. Бұл мереке әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, мереке. Жаңа жыл мен қысқы көңіл-күй тақырыбындағы қолөнер онкүндігі "Алтын аралар" шығармашылық үйірмесінде басталды. Қатысушылар алдағы жылдың символын, қысқы тақырыпқа арналған көлемді ашықхаттар мен шыршаны безендіруді қуанышпен жасады.

Балалардың алғашқы ағымы үшін "міне, біз ертегіге кірдік!" атты Жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды. Онда Аяз ата, Ақшақар, әпкелі сіңілі Марфа және Настенкамен ойын өткізілді. Мұнда теріс пиғылды кейіпкерлер балалардың мерекесін бұзуға тырысты. Бірақ, әдеттегідей, жақсылық тағы да зұлымдықты жеңді.

Екінші лектегі балалар үшін "Жаңа жыл бізге асығады!" – атты  жаңа жыл кеші өтті. Балалар мерекелік шытырман оқиғалы атмосфераға еніп, қызықты байқауларға қатыса алды. Аяз атаның пайда болуымен нағыз мереке шыршаның айналасында басталды десек болады. Мұнда қатысушылар ән шырқап би билеп, шыршаны айналды. Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақшақарға өлең оқып, кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Ересектерге арналған "жаңа жылдық калейдоскоп" мерекелік қойылымын мәдениет қызметкерлері дайындады. Ауылдың түкпір-түкпірінен келген қонақтар осы сағатта шыршаның жанына жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтап, көршілеріне алдағы жылы бар жақсылықты тіледі. Ауыл тұрғындарын Жаңа 2023 жылмен ауыл әкімі Ю. Кащеев, Аяз ата, Ақшақар құттықтады.  Мереке қонақтары үшін бұл күні түрлі көңілді конкурстар мен билер өткізіліп, әуезді әуен шырқалды. Кеште «кім бақытты?»- деп аталатын Жаңа жылдық лотерея өтті. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен құнды, Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Қарт адамдар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

09.01.2023, 04:19

Жаңа жыл қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бүкіл өмірін Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған ауданның карияларымен кездесті.

Жарқайың ауданының әкімі дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, рухани жылулық пен оптимизм тіледі.

Дөңгелек үстел барысында қариялар, еңбек ардагерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары өздерінің естеліктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісіп, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Жиында Камал әже жаңа жыл қарсаңында үлкендердің басын қосып, ақ дастархан жайған аудан басшылығына алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында ауданымыздың өнерпаздарымен балалар саз мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, батагөй қариялардың ыстық ықыласына бөленді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Аудан әкімі қариялармен жүздесті

09.01.2023, 04:18

Жаңа жыл қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов "Лучи добра" ҚҚ қарттарға арналған интернат-үйіне барды.

Аудан әкімі қарттарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ өмір тіледі.

Сондай-ақ, келе жатқан Жаңа жылмен Жарқайың ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова құттықтады. Шараға мерекенің көркіне айналған Аяз ата мен Ақшақар арнайы келіп, қарияларға қызыл дорбасындағы сый-сияпатын табыс етті. Кездесу мерекелік концертпен аяқталды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…