Ауылда өмір қызықты
Ауылдағы өмір "қатып қалды" деген пікір бар. Бірақ, бұл жалған ой. Ауылдағы өмір өзінше қызықты. Ең кішкентай тұрғындар арасында ауылдың мәдени-демалыс орталығында Көңілді старттар өтті. Балалар ата-аналарымен жылдамдық пен ептілікпен жарысты. Біздің кішкентайларымыздың артта қалып немесе құлап бара жатқанда әкесі немесе анасы үшін алаңдаған жүздерін көру керек болды. Бұл нағыз спорттық күрес. Қызықты эмоциялар ата-аналарды да, балаларды да басып озды. Біздің шағын орталықтың тәрбиешілері бала кезінен салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл Арай апайдың үлкен еңбегі. Бұл жас көпбалалы отбасы үш жыл бұрын ауылға көшіп келген. Олардың әкесі Әлібек мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Үш баласы мектепте оқиды, ал ең кішкентай Айша шағын орталыққа барады. Ештеңеден қорықпайтын адамдардың арқасында ауыл өсіп, дамып келеді.
Тасөткел ауылының әкімі С.Саухимова.
Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстары жалғасуда
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен 14 ақпанда аудандағы жеке кәсіпкер Ә.Алмухановтың медидинациналық нысанына барып, рейд жұмыстарын жүргізді. Аталған нысан басшысы Ә.Алмухановпен жеке сөйлесіп, "Тіл заңнамасын" сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ісшара барысында ақпараттық буклеттер берілді. Буклетте жеке кәсіпкердерге арналған арнайы ашылған тегін курстар туралы, жоспардағы ашылатын «Қазақша сөйлесейік» атты клуб бойынша және «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді.
Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.
Хабарлама
Құрметті тұрғындар!
"Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Skills Enbek платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша курстардың мазмұны кеңейтілгенін хабарлайды ((https://skills.enbek.kz/)). Бұл онлайн курстар барлық азаматтарға қол жетімді. Соның ішінде, жұмыссыздарға мансапты дамыту немесе өзгерту үшін ақысыз негізде оқуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз дағдыларыңыздың деңгейін арттыруға болады.
Әріптер сырын ұғайық
Биылғы оқу жылында «Балдырған» бөбекжайымызда ата-аналардың сұранысымен мектепалды даярлық тобы ашылған еді. Білім беру үрдісіндегі жаңа бағдарламаға сай мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім мен саналы тәрбиені қызықты да танымды ойындар ойнату арқылы жүзеге асырып келеміз. Бала тәрбиесі қашанда қиын, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Сондықтан да біздің де бөбекжайымызда жаңа бағдарламаға сай оқу іс-әрекеттері ойын түрінде өтеді. Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында тұрғандықтан, яғни ойын технологиясы арқылы баланың білімге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра аламыз. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Бөбекжайымызда мектепалды даярлық тобы болғандықтан, сауат ашу негіздерінде дыбыстармен танысып, әріптер сырын ұғып келеміз. Осы мақсатта бөбекжайымыз арнайы тапсырыспен қазақ тіліндегі үлкен текше-әріптер жинағын алғызып, балаларға қуаныш сыйлады. Бұл түрлі-түсті текшелермен ойын арқылы дыбыстарды дұрыс айта білуге, әріптерді тани білуге үйрететін боламыз. Осы орайда біз бөбекжайымыздың меңгерушісі Г.С.Серікбаеваға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.
МКҚК «Балдырған» бөбекжайы» тәрбиешісі Ж. Балдаева.
"Ивахненко" ЖК - қос тілде қызмет көрсетеді
Қаламыздың орталығындағы "Автобөлшектер" дүкенінің иесі Андрей Ивахненконы аудан азаматтары жақсы танитыны жасырын емес. Себебі, көлігінен ақау тапқан жүргізушілер бірден қажетті керек жарағын осы дүкеннен тауып жатады. Әрі, мұнда тапсырыста береді. Біздің айтпақ ойымыз дүкен жайлы емес. Нақтырақ айтсақ, Андрей Валерьевич жайлы болмақ. Оның қазақ тілінде таза сөйлейтінін бірі білсе, бірі білмес. "Бүгінде, күн өткен сайын, қазақ тілін білуімнің қажеттілігі артып келе жатыр" - дейді ол, өз сөзінде. Өйткені, қазақ тілді азаматтар көбінде орысшаға тілі бұратылып, қажетті құралдарын сатып алу үшін ұялып болсада сұрап жатады екен. Сол уақытта "қазақша айта беріңіз" дегенде, әлгіндегі сатып алушылар қуанып, әрі таңырқап қалатын көрінеді.
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты Қаймақкөл ауылында туып өскен А.В. Ивахненко қазақша сөйлеуді бала кезінде әуелі әжесінен, кейін, құлын-тайдай тебісіп, бала кез, балғын шағын бірге өткізген, қазақ достарынан үйреніпті. Оның сөзінше Надежда әжей үйіне келген қонақтармен шүйіркелесіп, ескінің естеліктерін, көненің әңгімелерін қазақ тілінде емін-еркін айтатын көрінеді. Бұл күні, Андрей Валерьевич екі ұлына қазақ тілін үйретіп жүр. Соның бірі, осы дүкеннің екінші бөлігінде көлік қажеттіліктерін сататын Артем Андреевич. Ол таза қазақша сөйлемесе де, көп сөзді, қазақша жазуларды түсінемін дейді.
"Тіл үйрену ешқашан кеше емес. Сол себепті, біл білме, әйтеуір былдырлап, тілің күрмеліп болсын сөйлей бер, түбінде кез-келген тілді үйреніп аласын - дейді, А.В. Ивахненко
- Қазіргі күні кәсіпкерлерге қазақ тілін тез үйрену үшін бүкіл жұмысты тастап, арнайы оқу орталықтарына барып, ұзақ уақыт дайындалу керек. Ал, бүгінде бәсекелестік дамып, ақшаны қалай тапсам екен деген уақытта көпшілігінің қолы тие бермейді- деп, Андрей Валерьевич ағынан жарылды.
Расымен де, тіл үйренем деген адам, ешкімнен қорықпай, білгенінше сөйлей берсе, қай тіл болмасын үйреніп алары хақ. Ал, мемлекеттік тілді біл, әр азаматтың Отан алдындағы борышы, әрі алдағы уақытта нан табу құралы болмақ. Олай дейтініміз, Тәуелсіздігімізді алған 32 жыл уақыт ішінде қазақ тіліне деген қажеттілік уақыт өткен сайын артып келе жатыр. Әрі, мемлекеттік тілде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің саны өссе кеміген емес. Оған бүгінгі кейіпкеріміз Андрей Валерьевичпен оның ұлы Артем дәлел.
Кез-келген мекемеде, сауда орталықтарында қызметті мемлекеттік тілде де, ресми тілде де теңдей көрсететін болса, әрине, бұл мекемеге, сауда нүктелеріне жүгінетін азамттардың қарасы көбейіп, ісі алға домалары анық. Сол себепті, болашақты бүгіннен ойланайық...
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі, Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" ҚБ, Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла.