Аудандық ауруханада Тіл заңнамасының қолданылуы туралы
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2023 жылдың ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен ағымдағы жылдың 21 ақпанында аудандық аурухана ғимаратында рейд жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген рейдте Тілдер заңнамасының сақталуын, көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілді қолданылуын және жазулардағы қателерге көп назар аударылып, ескертулер жасалды. Көрнекі ақпараттармен дұрыс жұмыс жасау үшін «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Анықталған қателер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу үшін мекеме мамандарына қысқа мерзімді уақыт берілді.
«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.