г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Кезектен тыс 41 конференция

23.01.2023, 03:53

12  қаңтар күні аудан Мәдениет үйінің ғимаратында "АМАНАТ" партиясы Жарқайың аумақтық филиалының кезектен тыс 41 конференциясы өтті. Конференция жұмысына "АМАНАТ" партиясы Ақмола өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі және бастауыш партия бірлестіктерінің делегаттары қатысты.  Конференция барысында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы туралы партияның аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжан  Баегизова сөз сөйледі

Жиында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы бірауыздан қанағаттанарлық деп танылды.

"AMANAT" партиясының орталық аппаратымен келісім бойынша "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының төрағасы лауазымына партияның аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Баегизова Гүлжан Маркенқызын сайлау туралы ұсынысты конференция делегаттары қолдады. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты "AMANAT"Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұйымдастыру мәселесі қаралды. Конференция барысында "AMANAT" партиясының мүшесі Асылбек Арыстанбеков "AMANAT" партиясынан Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының әкіміне ұсынылды. Конференция соңында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі  О.Зейнолла.

Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 43 сессиясы

23.01.2023, 03:53

16 қаңтарда Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Ж. Хамитов, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияға аудандық мәслихат депутаты А.Әлжанов төрағалық етті.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №6С-35/3 «Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау», «Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау», «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қңтардағы №6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Жарқайың ауданының басқару схемасын бекіту туралы», Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №7С-31/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылын Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Сарыарқа ауылына қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы  мәселелер қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.

Кадрлық өзгерістер

23.01.2023, 03:51

Аппараттық кеңесте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов аудан активін кадрлық өзгерістермен таныстырды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №А-12/436 қаулысымен «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №104 өкімімен «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Азамат Беріктасұлы Баймулдинов тағайындалды.

2022 жылғы 29 желтоқсандағы №105 өкімімен «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Белгібаева Қымбат Серікқызы тағайындалды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Азаматтық қоғам мен мемлекеттің бірлігі – ел бірлігінің кепілі!»

12.01.2023, 03:33

Қоғамдық кеңестер өз қызметінің небәрі алты жылдық қысқа мерзіміне қарамастан, үнемі сарапшылардың, практиктердің және БАҚ-тың назарын аударады. Қоғамдық бақылау - мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтықты қамтамасыз етудегі тиімді және пәрменді құралдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдық бақылау бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық кеңестер - жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган. Жарқайың ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамы Жарқайың аудандық мәслихаты сессиясының 2022 жылғы 28 наурыздағы 2022-2025 жылдарға арналған шешімімен 15 мүшеден бекітілді. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден 4 мүше және азаматтық қоғамның 11 мүшесі. Әрбір кандидатпен әңгімелесу және ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды.

Қоғамдық кеңестің құрамы - Қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ-тың, "Аманат" саяси партиясының өкілдерінен, зейнеткерлер, бизнес-құрылымдардың, мемлекеттік органдардың, білім және ғылымның өкілдерінен, ауданның құрметті азаматтарынан құрылған. Қоғамдық кеңестердің міндеттері, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және рес­публикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдармен жергілікті өзін-­өзі басқару органдарының азаматтық қо­ғаммен өзара іс-­қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін­-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы, Қоғамдық кеңестің жұмысы аудандық мәслихатпен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Кеңес мүшелері аудандық мәслихат өткізетін сессиялар мен отырыстарға үнемі қатысады. Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметі барынша ашық түрде өткізіледі. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысады. Жарқайың ауданының қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына және "Қоғамдық Кеңес туралы" Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы Қоғамдық кеңестің 15 отырысы өткізілді, онда сөзсіз қоғамдық мүддені білдіретін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын 20 мәселе қаралды.

Мысалы:

- «Қоғамдық кеңестердің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комитеттердің не комиссиялардың ұйымдық нысанында тұрақты органдар құру туралы»;

- «2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы»;

-«2021 жылғы Державинск қаласының, Жарқайың ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының бюджетін атқару туралы»;

-«Диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ амбулаториялық және стационарлық емделуде жүрген азаматтар үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігі туралы»;

-«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»;

-«Жарқайың ауданының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы»;

- «2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын талқылау»;

- «Державинск қаласының, Жарқайыс ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасын талқылау»;

Қоғамдық кеңестің мүшелері талқыланатын әрбір мәселеден кейін ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды, олар мемлекеттік мекемелердің басшыларына орындау үшін жіберіледі.

2022 жылы Кеңес нормативтік-құқықтық актілердің 28 жобасын қарады.

Мысалы:

-«Державинск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы»;

-«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі»;

-«2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы»;

- «2023 – 2025  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;

- «2023-2025 жылдарға арналған Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттері туралы».

2022 жылы жұмыс топтары құрамындағы Қоғамдық кеңес мүшелері диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ амбулаториялық және стационарлық емдеудегі және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудегі азаматтар үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігі мәселелері жөніндегі 3 ұйымға барды. Аудандық аурухана жанындағы тегін дәрілік препараттарды беру жөніндегі дәріхана пунктіне барған кезде дәрілік препараттарды алуға, медициналық сақтандырудың болмауына байланысты проблемалық мәселелер көтерілді. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдерінде мүгедек адамдар мен халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз жүріп-тұруына барлық жағдайлар жасалған. Ғимаратқа кіре берісте пандустар, тұтқалар, қоңыраулар, тактильді жолақтар, ақпараттық белгілер, автотұрақтар орнатылды. Ақпараттық стендтер мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге  түскен шағымдар жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бұзылған жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдар өткізетін түрлі іс-шараларға, кеңестерге қатысады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына кіруі маңызды, өйткені бұл өңірдегі маңызды оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңес мүшелері И.Н. Пугачев, А.Қ. Әлжанов, Г.В. Смағұлова, А.А. Абитаева, И.Н. Яременюк, С.Қ. Сұлтанов, Б.Ж. Қабжанов, Ш.А. Карин ауылдарға, мектептерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, ауданның қарт адамдарына жан-жақты қолдау көрсетеді, сондай-ақ жас спортшыларға жарыстарға барғанда демеушілік көмек көрсетеді. Қоғамдық кеңестің мүшесі С.Халибек ауданның жас спортшыларын жаттықтырады. Оның шәкірттері аудандық және облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие. Ақпараттық ашықтық Қоғамдық кеңестің қоғаммен нәтижелі өзара іс-қимылының шарты болып табылады. Аудандық мәслихаттың ресми сайтында "Қоғамдық кеңес" арнайы айдары бар. Әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылды: Instagram және Facebook, онда кеңестің құрамы, Қоғамдық кеңес туралы қабылданған Ереже, жұмыс жоспары, өткізілетін отырыстар мен іс-шаралар туралы материалдар жайлы толық ақпарат орналастырылған. Тиісті ақпарат тұрақты негізде жаңартылып тұрады, өткен жылы 52 жарияланым орналастырылды. www.kazkenes.kz ақпараттық порталда жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық кеңес отырыстарының тікелей трансляциясы Aitube арнасында өткізіліп, 7 отырыс жарияланды. Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат аудандық «Целинное знамя» және «Жарқайың тынысы» газеттерінде шығып тұрады.  Бас беттерінде жалпы 12 мақала жарияланды. "Сарыарқа" жергілікті телеарнасында Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы бейнематериалдар үнемі көрсетіледі. Жалпы, қоғамдық кеңес өз мүшелерінің белсенді жұмысын дәлелдеді, тиісті ұсыныстар бере отырып, қойылған міндеттерді орындайды, билікпен өзара әрекеттесу институттарының арасында өз орны бар, жұмыс түрлерін таңдауда дұрыс бағдарланған және кеңеске сайланған адамдардың белсенділігі мен жауапкершілігінің арқасында өз қызметін жетілдіруге қол жеткізуде.

Жарқайың ауданының  Қоғамдық кеңесі.

Қаладағы қалың қар тазаланды

12.01.2023, 03:32

2023 жылғы 9 қаңтар күні біз Державинск қаласының әкімдігіне барып, қала басшылығымен сұхбаттасқан болатынбыз. Бізді әкімдікте Державинск қаласының әкімінің орынбасары Досбол Сейтбек күтіп алды. Сұхбатымыздың басты тақырыбы ауа - райының күрт бұзылуына байланысты, қала көшелеріне жауған қарды тазарту жұмыстарымен танысу болды. Біз Досбол Ерікұлына "Қала көшелері қашан тазартылады?", "Оған қанша техника жұмылдырылады?", "Жалпы мұндай оқыс оқиғаларға қаламыздың әкімдігі дайын ба?" - деген сұрақтармен жүгінген тұғынбыз. Досбол Сейтбек ағымдағы жылғы қар тазалау жұмыстары бойынша көшелерді тазарту жұмыстарымен 3 бірлік техника, соның ішінде, 2 К-700 және 1 МТЗ-82 тракторы айналысып жатқанын айтты. 

Досбол Ерікұлының сөзінше, қалын бораннан кейін қаламыздың барлық басты көшелері мен қалаға кіреберіс және шығаберіс жол бөліктері, көлденен қиятын көшелер,  "Жастар" шағын ауданы, аялдамалар, көп қабатты үйлерге кіреберіс жолдар тазартылды. Сонымен қатар, ДСУ-71, Облыс арнайы конторы,  ПМК-43, мұнай базасы, май зауыты, тігін фабрикасы және заводское елді мекендері қар құрсауынан  залалсыздандырылды. Қар әлі қаладан тыс аумаққа шығарылған жоқ. Бұл жұмыстар тек қар көлемі қажетті мөлшерге жеткенде ғана қала сыртына тасымалданатын болатынын айтып өтті. Ол үшін "Торғай" стадионының маңынан арнайы полигон жасақталған. Қазіргі таңда, қарды тасымалдауға арналған екі жүк көлігі, және бір қар тиегіш трактор мен жол тазалайтын К-700 тракторы резервте тұрғаны да белгілі болды.  

"Қала әкімшілігі тұрғындардан аулаларындағы қарды жол бойына шығарып, қозғалысқа кедергі келтірмеуін өтінеді. Себебі, сондай олқылықтардың салдарынан көліктердің жүруі қиындап, жол апаттары орын алуы мүмкін. Сондай-ақ қайта тазарту жұмыстары аудандық бюджеттің қайта шығындалуына әкеліп соғады" -дейді, Державинск қаласы әкімінің орынбасары Досбол Сейтбек.

 "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…