г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Анашым менің ардағым

15.03.2023, 09:53

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ екені әр қайсымызға бала кезімізден таныс ақиқат. Ананың алақаны біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдаса уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісі шыққанша тамағын аузына  салып, киімін тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, бағып-қағады. Осы нәзік жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, көктемнің гүліндей құлпырған қыздарды құттықтап, жыл сайынғы дәстүрге айналған салтымыз бойынша біздің бөбекжайымызда 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелік іс-шарамен атап өтті. Ертеңгіліктердің шымылдығын бөбекжайымыздың ең кішкентай бүлдіршіндері – «Күншуақ» ерте жас тобы ашып,  өздерінің жастарына сай ән, би, ойындарын көрсетіп, тәтті қылықтарымен баурап, ата-аналардың көңілдерінен шықты. «Ақбота» кіші тобының тәрбиешілері аталған мерекелік іс – шараларына ертегі кейіпкерлерін енгізіп, балалардың көңілін көтерді. Балалалар «Көбелек» биі мен «Жүрекшелер» биін орындап, ана туралы ән айтып, өнерлерімен таңғалдырды. «Балапан» ортаңғы топ тәрбиешілері М.Т. Дабылова Ә.Ә. Нұрмағанбетова «Ана туралы» ән орындап мерекенің шырайын ашып, ертеңгіліктерді жалғастыра кетті. Аталған топтың кішкентай тәрбиеленушілері өнерлерімен бөлісіп, өз  аналарын қуанышты көңіл – күйге бөледі. Ұл балалар қыз балаларға арнап әндерін айтып, гүл сыйлап мерекенің сәнін кіргізді. Балалармен ата-аналар ойындарға белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болғандары байқалды. Балалар «Әжем менің айдай», «Анажаным» әндерін орындап көрерменді толқытып, тебірентті. Қыз балалар мың бұралып замануи «Селфи» атты биін билесе, ұлдар «Шляпа» атты билерімен көзге түсіп, баршамызды тамсандырды. Іс–шара осылайша өзінің жалғасын тауып, мереке келісе қалды. 

Осылайша, бөбекжайымыздың барлық топ тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарды жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерінің бірі – 8 наурыз мерекесімен өздерінің пәк кіршіксіз көңілдерімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.

          МКҚК  «Балдырған» бөбекжайы»  музыка жетекшісі Искакова Г.Б.

Аналар мәңгі жасасын

15.03.2023, 09:48

Ауылымызда ең бір көктемнің шуақты мерекесі 8-Наурыз халықаралық аналар және қыз келіншектер күніне орай, мәдени демалыс орталығында «Аналар мәңгі жасасын» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік іс-шара басында ауыл әкімі С.Т.Саухимова барша нәзік жандыларды құттықтап, көп балалы, алтын құрсақты аналарға силықтар табыстады. Ал, ауылдың Ардагерлер кеңесінің төрайымы Асылзат Сыздықова барша мереке иелерін шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, ән, би, жырмен ғана шектелмей, көп балалы аналарға деген құрметпен фотокөрме ұйымдастырылды.

«Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы жоқ шығар бұл жалғанда?

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге ешкімде тең келмейді. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!

Тасөткел демалыс орталығының басшысы С.К.Қырқанов.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

15.03.2023, 09:47

13 наурыза Н.Крупская атындағы ОМ акт залында 9-11 сыныптар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Ярослав Чегодаев - Крупская атындағы ОМ 10 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 жүлделі орынға ие болды. II дәрежелі дипломмен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталған.

София Попова - Крупская атындағы ОМ 9 сынып оқушысы химия пәні бойынша 3 жүлделі орынға ие болды. III дәрежелі дипломмен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталған.

Ярослав Чегодаевке 1-10 сәуірден бастап Шымкент қаласында өтетін 9-11 сыныптар арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі: instagram.com/obrazovaniiao.

Математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

15.03.2023, 09:46

9 наурызда Көкшетау қаласының «Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы» КММ орта мектебінің базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: математика мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.
Облыстық кезеңге барлығы 19 педагог қатысты. Олимпиада 4 турдан өткізілді, әр тур үш тапсырманың жазбаша шешімін ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Державин қаласының А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі - Дамер Болатбек 1 орын алды.

Біздің мұғалім 2023 жылдың 28-29 наурызында Ақтөбе қаласының «Шығармашылық академиясы» базасында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін Ақмола облысының мұғалімдер командасына кірді.

Ақпарат көзі: instagram.com/obrazovaniiao.

«Адал-көмек» жобасы

15.03.2023, 09:44

14 наурызда «Адал-көмек» жобасы аясында Жарқайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Марина Рустамқызы Мұқашевамен азаматтарды қабылдау, есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға тұрғын үй беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтажазаматтарға тұрғын үй ұсыну туралы азаматтарды қабылдау жүргізілді. Аудан тұрғындарына өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы А.Бейсен.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…