Аналар мәңгі жасасын
Ауылымызда ең бір көктемнің шуақты мерекесі 8-Наурыз халықаралық аналар және қыз келіншектер күніне орай, мәдени демалыс орталығында «Аналар мәңгі жасасын» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік іс-шара басында ауыл әкімі С.Т.Саухимова барша нәзік жандыларды құттықтап, көп балалы, алтын құрсақты аналарға силықтар табыстады. Ал, ауылдың Ардагерлер кеңесінің төрайымы Асылзат Сыздықова барша мереке иелерін шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, ән, би, жырмен ғана шектелмей, көп балалы аналарға деген құрметпен фотокөрме ұйымдастырылды.
«Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы жоқ шығар бұл жалғанда?
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге ешкімде тең келмейді. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Тасөткел демалыс орталығының басшысы С.К.Қырқанов.