г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде тест тапсыруы мүмкін

24.02.2023, 05:08

16 ақпанда "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-де Қазтест бағдарламасын оқыту бойынша жиын өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырова, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Н.Искакова, "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла, жекелеген бөлім басшылары мен мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысты. Жиында Қазтест бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Себебі биыл облысымыздың 4 ауданында мемлекеттік қызметкерлер Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтетін болады. Ол 5 деңгейлік тест тапсырмаларынан тұрады. Бұл деңгейлерден өту қызметкердің лауазымына байланысты болмақ. Әзірге ауданымыз бұл тізімге кірмесе де, алдағы жылдары енуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі азаматтар тілдерді оқыту орталығында Қазтест бағдарламасы негізінде құрылған тапсырмалдарды алып, дайындалғаны абзал. Жиын барысында мекеме мамандары жиналыс қатысушыларын орталықтың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге жиналған қонақтар қарапайым деңгей бойынша тест тапсырмаларын орындап, диктант жазды. Бұдан аңғарғанымыздай "Мен қазақ тілін жетік білемін"- деген азаматтардың өзі кей сұрақтардан мүлт кетіп жатты. Яғни, әлі де болса мемлекеттік тілді жетік меңгеруіміз үшін терең білім алуымыз қажет. Ол үшін ауданымызда тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға тегін сабақтар жүргізіп жүр. Өз тілімізден өзіміз қателессек, әрине бұл бізге үлкен сын екенін ескергеніміз жөн.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Патриоттық әндер байқауы

24.02.2023, 05:07

21 ақпанда Н.Крупская орта мектебінің Акт залында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 34 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ән байқауы өткізілді. Оған аталмыш мектептің 6-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыста қатысушыларды ауған соғысының ардагері  Вячеслав Рагойжа, метеп директоры Қарлығаш Малғаждарова, аудандық білім бөлімінің мамандары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бағалады. Бұл іс-шараны "Патриот" әскери патриоттық клубының курсанттары ұйымдастырды.  Сайыс барысында әр сынып ауған соғысы жайлы, батыр бабалар мен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар туралы патриоттық әндерін шырқады. Шарада қатысушылардың таңдаған әндері, оның тақырыпқа сәйкестігімен киім үлгісі жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі келесі аптада жарияланады.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін ынталандыру

20.02.2023, 03:56

10 ақпанда «Уәлиханов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Сабақтың тиімділігі - мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін ынталандыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға «Әдістемелік білім беру орталығы» КММ меңгерушісі – З.А. Жумагулова, әдіскерлер А.Е. Сейтжанова және А.Ж. Казканов, сондай-ақ аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Ш.Уалиханова атындағы білім ордасының мұғалімдері заман талабына сай, жаңа үлгіде ашық сабақ өткізді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 6 «Б» сыныбында - Жанбаева Г.Е мемлекетіміздің төл тарихын балаларға оңтайлы әдіспен түсіндіріп, жаңа технологияларды көрсетті.  «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 4 «Б» сыныбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 5 «Б» сыныбында -К.С. Тұяқова балаларға тың оқу жобаларын үйретті.   «Физика» пәні бойынша 7 «Б» сыныбында - Д.К. Кабдимажитов табиғи құбылыстардың орын алу себептерін оқушыларға түсіндірді. Сонымен қатар, география пәнінің мұғалімі Е.Н. Перегуда «Жаратылыстану ғылымдары тәжірибелер мен эксперименттер арқылы» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.  Семинар соңында мектеп оқушылары «Мен жастарға сенемін...» тақырыбында М.Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған концерттік бағдарламасын мұғалімдердің назарына ұсынды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б. Айтпаева.

"Отбасы тәрбиесінде діни терроризм және эстримизмнің" алдын алу

20.02.2023, 03:56

А. Үкібай орта мектебінің ұйымдастыруымен "Отбасы тәрбиесінде діни терроризм және эстримизмнің" алдын алу мақсатында 8-11сынып оқушыларымен ауданымыздың бас имамы Алмас қажы Оспанұлы және жастар ресурстық орталығының басшысы Карин Шынболат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жастар ресурстық орталығы

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету

20.02.2023, 03:54

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2023 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2-8 ақпан аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Жарқайың ауданының жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы А. Үкібаев орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алудың әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің арасында әңгімелесу жүргізілді.
  3. 7 ақпанда Тілдерді оқыту орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгімелесу өткізілді.
  4. 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова «Жемқорлық ұғымы туралы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Нақты ақпаратпен кадр жөніндегі инспектор және бөлімнің есепшісі танысты.
  5. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 7 ақпанда жеке кәсіпкерлер арасында «Мен адал бизнесті таңдаймын» тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның аясында «Аниса» ЖК өкілдерімен әңгімелесу жүргізілді. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және «Адал бизнес» жүргізуге шақырды.
  6. «Сары - арқа» телеарнасында «Жетекші сағаты» бағдарламасының аясында Державин қаласының әкімі Т.О.Бейсенов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында парасаттылық сағатын өткізді.
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Львов ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында «Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жаза» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
  8. 8 ақпанда 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Державин қаласының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

                Жарқайың ауданының әкімдігі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…