г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жасөспірімдердің жанашыры

Құқық қорғау саласы кім-кімге болмасын қиын, жауапкершілігі көп салалардың бірі. Халықтың тыныштығы үшін күресу әрбірі полиция қызметкерінің борышы. Ал, ауданымызда балалардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау тікелей полиция майоры Динагүл Жұматаеваға байланысты. Жаны нәзік болса да, қайсар мінезді ару бүгінде жасөспірімдерді тәртіпке шақырып жүр. Мереке қарсаңында Динагүл Қалибекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік.

-Сәлеметсіз бе? Көңіл күйіңіз қалай?

- Сәлеметсіз бе! Көңіл күйім тамаша. Көктемнің лебі есіп, төл мерекеміз халықаралық әйелдер күніне көптеген құттықтаулар келіп жатыр.

- Сұхбатымыздың басын сіздің бала кезіңізден бастасақ. Өзіңіз жайлы аз кем айта кетсеңіз. Құқық қорғау саласын өзіңіз таңдадыңыз ба және оған не себеп?

- Мен, 1987 жылы 4 қаңтарда Жарқайың ауданы Тассуат ауылында дүниеге келдім. Туған ауылымда мектепті жақсы бітірдім. 2009 жылы Зұлқарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік техникалық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша тәмамдадым. Ол менің бала кезден арманым болатын.   Жұмысқа  тұрған соң Қарағандыда құқықтану мамандығын меңгердім.

- Құқық қорғау саласында балалармен жұмыс істеген қиын емес пе?

- Жұмыс оңай емес. Демалыстарда кез-келген шақыртуға дайын болу керек. Қазіргі таңда ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторымын.  Кішкентай қамқоршыларымның проблемаларына ешқашан бей-жай қарамаймын. Кәмелетке толмаған азаматтармен жұмыс кезінде қызметкерлер алдында көптеген сұрақтар туындайды. Өйткені жасына және психоэмоционалды дамуына байланысты жасөспірімдер өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алмайды. Сондықтан, сол кішкентай бүлдіршіндерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға тырысамын. Мектептерде әлімжеттікті болдырмауға ұмтыламын. Ол үшін көптеген насихат жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдермен жиі кездесіп тұрамын.

- Жұмысыңыз қаншалықты бағаланып жүр?

-Әрине, мен жұмыс істегенде басшылықтан баға алу үшін қызмет атқармаймын. Бұл менің елімнің алдындағы қасиетті борышым деп білемін. Қоғамда құқық бұзушылық болмаса, қылмыстар тоқтаса, сол менің басты жетістігім. Былтыр балалар арасында қылмыс болған жоқ.

- Жолдасыңызда осы саладан. Бұл кездейсоқтық па әлде өзіңіз болашақ күйеуіңіз полиция қызметкері болғанын қаладыңыз ба? Отбасылық өмірмен жұмысты қалай байланыстырасыз?

-Осы салада жұмыс істеп жүргенде 2016 жылы жолдасыммен отбасы құрдық. Ол криминалдық полицияда жеке уәкіл. Екеуіміз де майормыз. 2017 қызымыз дүниеге келді. 

Үй шаруасына үлгеру әйел адамға байланысты. Бала-шаға болған соң, оның бала-бақшаға апру керек, тамағын беру керек, кешкі асты дайындау керек, үйдің қыруар жұмыстары бар. Барлығына шамам жеткенше үлгеруге тырысамын. Жолдасым екеуіміз бірге істеген соң бір-бірімізді жақсы түсінеміз.  Жұмыста көптеген қиындықтар болады. Осы жолда көп көмек көрсететін бұл менің екінші анам, яғни жолдасымның анасы, балаларымның әжесі. Кез-келген уақытта келіп қол ұшын созады. Сол үшін ол кісігеде алғысым шексіз. Сонымен қатар, мерейлі мерекесімен құттықтап, мол бақыт тілеймін.

Қазір қызымыз өсіп қалды. Бұрынғыға қарағанда үй шаруасына үлгеру жеңілдеді.

- Мереке қарсаңында нәзік жанды аруларға тілегіңіз.

- Құрметті арулар, баршаңызды 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызға құт-береке тілеймін.

Сұхбаттасқан: "Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…