г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Бақытын баламен байланыстырған

Ана - ардақты ұғым. Олардың әрқайсысы құрметке лайық. Қоғамымызда тағдырдың түрлі сынақтарын басынан кешіп, сол қиыншылықтарға сабыр етіп жүрген жалғыз басты аналар қаншама. Солардың бірі, Данагүл Есмағамбетова. Ол 6 баланың анасы. Бүгінде "Балдәурен" бала-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Мереке қарсаңында Күміс белгі иегері, алтын құрсақты анамен сұхбаттасып қайтқан болатынбыз. Сол сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

- Сәлеметсіз бе? Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бере кетсеңіз?

- Сәлеметсің бе? Мен, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, топырағы қаситетті, дертке дауа болған Құмкешу ауылында тудым. Ата-анам мені барынша еркелетіп, аялап өсірді. 1995 жылы Құмкешу орта мектебін тәмәмдап, 1996 жылы тұрмысқа шықтым.

- Ең алғаш ана болғанда қандай сезімді бастан кешірдіңіз?

- 1999 жылы қаңтар айында тұңғышымыз Дәмиланы дүниеге әкелдім.  Сол уақытта ана болу бақыт екенін ұғындым. Кеше ғана мен бала болсам, енді бүгін өзім кішкентайдың анасы екендігімді, осы бүлдіршін үшін жауап беретінімді түсіндім. Алла қалап, үш жылдан соң екінші балам дүниеге келді. 2014 жылы "Күміс белгі иегері" атандым. Жолдасым 2019 жылы дүниеден озды. Мен үшін бұл кезең өте ауыр уақыт болды. 6 баламен жалғыз қалдым.

- Жолдасыңыз дүние салған соң, бұл тағдыр тауқыметін қалай жеңдіңіз? Аяққа қайта тұруға не себеп болды?

- Әрине, мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын. Алланың ісіне шара бар ма? Көнуге тура келеді. Жар ортаға келгенде 6 баламен жалғыз қалу оңай емес.  Осындай қиын шақта туған-туыс, дос-жарандарым жанымнан табылып, аяққа тұруға демеу болды. Сондай-ақ, көздері жәудіреген кішкентайларымды көріп, солардың алдарында мықты болуға тырыстым. Бар күш-жігерімді қолыма алып, осы балапандарымның арман-мақсаттарын орындау үшін аяққа тік тұрдым. Кішкентайларым мен үшін үлкен мотивация болды.

- Үйіңізде 6 баланы бағып-қағып отырсыз. Сонымен қатар, балабақшада жұмыс жасайсыз. Күнде балалармен жұмыс жасаған, олардың қыңырлықтарын көтеру қиынға соқпай ма? Сізді бұл жұмыс жалықтырмайды ма?

- Өзім балаларды жақсы көремін. Балалар мен үшін жазылмаған кітап. Олардың мінезінің жақсы жаққа өзгеруі ересек адамның қолында деп білемін. Балабақшада өмірден алған тәжірибеммен, ата-анамнан талған тәлім-тәрбиеммен балаларға үлгі болуға тырысамын. Бүлдіршіндердің әрқайсысының қылықтары әртүрлі. Олармен жұмыс жасаған өте қызық. Сол себепті үйде де, түзде де, жұмыста да балалардың жанымнан табылуы мені ешқашан жалықтырған емес. Керісінше, өмірімді әрлендіре түседі.

- Отбасыңызда бала тәрбиесінде қандай механизмдерді қолданасыз?

- Әр шаңырақтың өз жазылмаған заңдары бар. Біздің үйдің заңы бір-бірімізді сыйлаймыз, үлкенді тыңдаймыз, бізді мазалап жүрген шаруалар болса сөзбен шешеміз. Бір-бірін сыйлаған үйде бәрі тамаша болады деп білемін.

-Сіз үшін бақыт деген не?

- Мен үшін бақыт балаларымның табысты болуы.  Балаларымның әр жетістігіне қуанамын.  Себебі мен анамын. Біз отбасында жеті баламыз. Анамызды қуантуға тырысып жүреміз. Бұл қарым-қатынасты балаларымнан да күтемін. Олардың әрбір жақсы қасиеті, өмірдегі асқан асулары мен үшін мақтаныш, шынайы бақыт сол деп есептеймін.

- Енді, мереке қарсаңында нәзік жандыларға айтар тілегіңіз.

- Аяулы аналар, әжелер, қыздар қауымы мерекелеріңізбен! Көктем секілді құлпырып, күнге ұқсап шуақ шашып, жайнап жасарып жүріңіздер. Жұмыстарыңызға табыс, өмірлеріңізге сәттілік тілеймін.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…