Мемлекеттік тіл және Тәуелсіздік
Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.
Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп танылды . Бұл бап Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған 1995 жылғы Конституциясында да қайталанды. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де алға тартылды.
Осындай мақсаттарды көздейтін ҚР Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында» Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тілдік дамудың басым бағыттары мен тілдердің қызмет ету тетіктері айқындалып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекеттік міндеттер белгіленді, мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау тетіктері атап көрсетілді. Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілеп берген, республикада қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететін егемен еліміздің тіл мәселесіндегі тұңғыш заңы – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында қазақ тілінің конституциялық құқығы заңнамалық тұрғыда нақты көрініс тапты.
Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін табудағы нақты іс-әрекеттерімізді белгілеп алудың тағы бір кезекті қадамын жасау болып табылады.
Тассуат ауылының әкімдігі
Қаламыздың бас шыршасы жағылды
22 желтоқсан күні ауданымыздың орталық алаңында қаламыздың бас шыршасын жағу рәсімі өткізілді. Оған аудан әкімі Жанболат Хамитов арнайы қатысты. Қазір түрлі ойыншықтар мен жарықтарға оранған жасыл шырша орталық алаңға көрік беріп тұр.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелермен дербес бөлімдердің басшылары және аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шырша жағу рәсімінде аудан әкімі Жанболат Хамитов жиналаған жұртшылықпен, бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтады.
Шара барысында Жаңа жылдың айырылмас кейіпкерлеріне айналған Аяз ата мен Ақшақар да болды. Олар шыршаны жағып, көруші қауыммен шыршаны айнала би билеп, ән шырқады. Ал тұрғындар болса, сәулетті нысандардың жанында ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Орталық алаңда бас шыршадан бөлек, мұздан жасалған 12 жыл иесі, сырғанақтар, темірден жасалған бұғы орнатылған. Алдағы уақытта мұның бәрі тұрғындардың игілігіне, отбасыларымен серуендеуіне қызмет ететін болады. Меркенің жақындауымен орталық алаң қайта тірілгендей. Себебі түрлі түсті жарықтармен безендірілген саябақ, жан-жануарлардың мүсіндері адамға керемет көңіл күй сыйлайды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов
Ауданымыздың жас боксшылары жеңіс тұғырынан көрінді
Бокс-байланыс спорт түрі. Біздің ауданда бұл спорт түрі тамыр жайған жоқ. 70-95 жылдардың ортасында Державин оқушылары бокспен белсенді айналысты, бокс секциясы БЖСМ-де болды. Бапкердің көшуіне байланысты секция да жабылды. Алайда биыл ол қайта жанданып, Жас боксшылар аймақтық жарыстарға қатысып жүлденің дәмін татты.
Осы жылдың сәуір айынан бастап Еділ Әділбеков балаларды БЖСМ-де жаттықтырады. Спорт зал тиісті спорттық құрал-жабдықтармен жасақталмаса да, Бапкер жігіттерді қызықтырып, бокстың қыр сырын үйретіп, ерлікке, батылдыққа бейімдеп жүр. Ал таяуда теле - және радио станция басшысы Еркен Сыздықовтың қолынан бокс алмұрттары, қолғаптар және басқа да керек - жарақтар алынды. Еркен Ғалым ұлы да өз уақытында бокспен айналысып, талай шындарды бағындырған, спорт сүйер азамат. Қазір бокс секциясында 20-дан астам бала жаттығады. Жаттықтырушының сөзінше балалар сабаққа мұқият қарайды. Жігіттер рингсіз өзін боксшы ретінде толық сезіне алмайды, өйткені бұл практикалық сабақтардың басты алаңы, өйткені шектеулі кеңістік спортшыға тез жүруге, қарсыластың әлсіз жерлерін анықтауға, кету мен шабуылдың шегі туралы түсінік алуға көмектеседі.
-Біздің ауданымызда бокс үйірмесі ашылды. 2020 жылы облыс әкімінің ауданымызға жасаған іс сапары барысында, осы жұмыс тапсырылған болатын. Сосын біз балаларды жинап, спорт шеберін, өз бапкерімізді шақыртып, үйірмені бастап кеттік. Сәуір айынан бастап екі жарыс өткізілді. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Бұл әрине, жаттықтырушының еңбегі. Осындай аз уақытта жеңіс тұғырынан көріну оңай емес - дейді Айгүл Әлжанова, БЖСМ директоры.
Жақында ғана Есіл қаласында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан аймақтық жарыс өтті. Жарысқа Есіл, Атбасар және Жарқайың ауданының жас былғары қолғапшылары қатысты. Шаршы алаңда аудан спортшылары бокстанда кенде емес екенін анық байқатты. Себебі бар жоғы жарты жылдық дайындықтан кейін 36 кг салмақ дәрежесінде Мақсат Сәбит, 32 келі салмақ дәрежесінде Нурислам Сұлтанхамит, 52 келі салмақта Мәди Ғалым, 58 келіде Ярослав Овчаренко алғашқы алтындарын алды. Ал, 40 келіде Азамат Истлеевпен 34 келіде Ыбырай Көпей 2 орынды қанжығасына байлады. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш.
Балалардың талпынысымен бапкердің дұрыс тактикасы әлі де талай қолғап түйістіру жарыстарында топ жаруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Енді осы екпін алып келе жатқан спорт түрін әрі қарай ел болып дамытып әкетсек, ауданымыздан Әлемді бағындыратын боксшылар шығатынынан шүбәміз жоқ. Оған биыл Белградта әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов дәлел.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов
Ономастика мен тіл саясаты жөніндегі жұмыс тобының отырысы
Жарқайың ауданы әкімнің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы- С.Т.Нұрғазиннің басшылығымен Ономастика мен тіл саясаты жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға аудан маслихатының хатшысы Асылхан Әлжанов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолда, бөлім бас маманы Назира Шпанова, кітапхана директоры Людмила Соболевская, аудандық соттың бас маманы Әлия Әубәкірова қатысты. Аталған іс-шарада Жарқайың ауданында 2021 жылғы ономастикаға қатысты атқарылған жұмыстары, Жарқайың ауданының ономастика саласындағы Жол картасының мәселелері мен ономастика саласындағы 2022 жылға арналған жоспарланған жұмыстары туралы, жергілікті тұрғындардан түскен өтініштерді қарастыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша мораторий алынғаннан кейін, 2022 жылда ономастика жұмыстарын бастау, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне осы мәселені қатаң қолға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне ауыл әкімдерімен консультациялық жұмыс жүргізу, жеке бақылауға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне тұрғындардың өтініштерін заңдылықпен қарастыру, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне ономастика саласындағы жол картасындағы көрсеткіштерді орындау, БАҚ өкілдеріне өздерінің құзыреті шегінде ономастика бойынша үгіт-насихаттық немесе ақпараттық жұмыстарды жүргізу, Аудандық кітапханалардың қызметкерлері мен жергілікті өлкетанушылар, тарих пәндерінің мұғалімдеріне ауданымыздың аумағындағы ауылдардың бұрыңғы тарихи атауларын қайтару бағытында жұмыс жүргізу шешімдері қабылданды.
Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Аудан өнерпаздары Е.Маржықпаевтың атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды
24 желтоқсан күні Көкшетау қаласында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жүлдегерлер марапатталды. Байқау «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Байқауға Акмола облысы бойынша 16 аудан 3 қала қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсеткен жоғары шығармашылық жетістіктері үшін біздің Жарқайың ауданы Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтің атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Аудан әншілерінен құрылған квартет "Назқоңыр" халықтық тобы А.Қоразбаевтын " Елге тілек" әнін орындап, соңында осы әншілер " Қазақ елі" атты финалдық әнін орындады. Барлық аудандармен салыстырғанда дауысы, сахыналық келбеті жағынан үздік деп танылып, гала концерттін соңғы екі әнін айту біздің өнерпаздарға бұйырды
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.