Ономастика мен тіл саясаты жөніндегі жұмыс тобының отырысы
Жарқайың ауданы әкімнің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы- С.Т.Нұрғазиннің басшылығымен Ономастика мен тіл саясаты жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға аудан маслихатының хатшысы Асылхан Әлжанов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолда, бөлім бас маманы Назира Шпанова, кітапхана директоры Людмила Соболевская, аудандық соттың бас маманы Әлия Әубәкірова қатысты. Аталған іс-шарада Жарқайың ауданында 2021 жылғы ономастикаға қатысты атқарылған жұмыстары, Жарқайың ауданының ономастика саласындағы Жол картасының мәселелері мен ономастика саласындағы 2022 жылға арналған жоспарланған жұмыстары туралы, жергілікті тұрғындардан түскен өтініштерді қарастыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша мораторий алынғаннан кейін, 2022 жылда ономастика жұмыстарын бастау, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне осы мәселені қатаң қолға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне ауыл әкімдерімен консультациялық жұмыс жүргізу, жеке бақылауға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне тұрғындардың өтініштерін заңдылықпен қарастыру, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне ономастика саласындағы жол картасындағы көрсеткіштерді орындау, БАҚ өкілдеріне өздерінің құзыреті шегінде ономастика бойынша үгіт-насихаттық немесе ақпараттық жұмыстарды жүргізу, Аудандық кітапханалардың қызметкерлері мен жергілікті өлкетанушылар, тарих пәндерінің мұғалімдеріне ауданымыздың аумағындағы ауылдардың бұрыңғы тарихи атауларын қайтару бағытында жұмыс жүргізу шешімдері қабылданды.
Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ