г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мемлекеттік тіл және Тәуелсіздік

Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.

«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.

Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп танылды . Бұл бап Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған 1995 жылғы Конституциясында да қайталанды. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де алға тартылды.
Осындай мақсаттарды көздейтін ҚР Президентінің 1996 жылғы  4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында» Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тілдік дамудың басым бағыттары мен тілдердің қызмет ету тетіктері айқындалып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекеттік міндеттер белгіленді, мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау тетіктері атап көрсетілді. Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілеп берген, республикада қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететін егемен еліміздің тіл мәселесіндегі тұңғыш заңы – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында қазақ тілінің конституциялық құқығы заңнамалық тұрғыда нақты көрініс тапты.

Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін табудағы нақты іс-әрекеттерімізді белгілеп алудың тағы бір кезекті қадамын жасау болып табылады.

Тассуат ауылының әкімдігі

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…