г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды

08.12.2021, 14:56

Өңірде Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 62,4 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында 18 мыңға жуық ақмолалық пәтер мәселесін шешті. Биылғы жылы бағдарлама бойынша өңірде 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр: 5 мыңнан астам ақмолалық ардақты шаршы метрдің бақытты иегерлері атанады.

Құрылыс басқармасының мәліметінше, он айдың қорытындысы бойынша 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3,2 мың ақмолалық отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

"Қараша-желтоқсан айларында екі мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 70 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй", — деп атап өтті облыстық ведомствода.

Өңірде мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Облыстың әлеуметтік осал санаттағы отбасылары үшін 411 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 131 пәтер – көп балалы отбасылар үшін.

Кредиттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Көкшетау, Степногорск, Ерейментау және Макинск қалаларында ауданы 30,3 мың шаршы метр 459 пәтерлік 8 кредиттік үйді пайдалануға беру қалды.

Сонымен қатар, Ақмола облысында "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасы жүзеге асырылады. Оны іске асыру басталғаннан бері 2 235 өтінім қабылданды, қазірдің өзінде 1 625 отбасы өз баспаналарына ие болды.

Айта кетейік, жыл сайын облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – шамамен 5000 пәтер.

Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының кубогына «Тоғызқұмалақтан» аудандық турнир

03.12.2021, 10:25

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында орталық кітапхана жүйесінде (ескі аурухана ғимараты) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының кубогына «Тоғызқұмалақтан» аудандық турнир өткізіледі.

Турнирға кез келген адам қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер турнир өтетін күні қабылданады.

Жарыс сағат 10:00-де басталады.

Барлық сұрақтар бойынша 87052116227 нөміріне хабарласуыңызға болады

Жарқайың ауданының Жастар ресурстық орталығы.

«Ақмола облысы білім басқармасы Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де Мемлекеттік қызметтерді көрсету

03.12.2021, 06:08

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі және көрсетілетін қызметті алушының тең қолжетімділігі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен күттіруге немесе кейінге қалдыруға жол бермеу қағидаттарына негізделеді.
«Державин қаласындағы Надежда Крупская атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының негізінде 5 мемлекеттік қызметі көрсетіледі:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
2. «Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
3.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау. "
Оқу жылының басынан бері 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған. Мектеп ғимаратында мемлекеттік тілде және орыс тілінде мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті мен стандарттары жазылған ақпараттық стенд орнатылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтар жоқ, қызмет алушылардан да шағымдар түскен жоқ.
Мектеп директоры: Малгаждарова К. Б.

Алимент бойынша берешек

16.11.2021, 10:07

Қазіргі уақытта сот орындаушыларының алимент бойынша берешекті анықтауға қатысты көптеген даулар мен сот процестері бар.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес үш адам үшiн жалақыдан немесе өзге де кiрiстерден алимент төлемдерiн өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда осы Заңның 61-бабына сәйкес өндiрiп алуға жатпайтын мүлiктi қоспағанда, өндiрiп алу борышкердiң мүлкiне қатарынан айлар бойы қолданылады.

Жануарлардың бруцеллезін диагностикалау бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

16.11.2021, 10:04

Қолайлы шарушылықтарда жануарлардың ауруларын уақытылы анықтау мақсатында эпизоотологиялық бірлікте, қосымша диагностикалық зерттеулер мен вакцинациялауды қоса алғанда, бруцеллезге қарсы ветеринариялық- профилактикалық іс-шаралар «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 7-1/587 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жануарлардың бруцеллезін диагностикалау бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…