Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік саланы дамыту
Четверг, 09 декабря 2021 11:29
Тәуелсіздік жылдарында өңірде әлеуметтік саладағы көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Мемлекеттің әлеуметтік шығындары санатынан білім беру экономикалық өсудің басты факторына айналды, ал білім беруге инвестициялар елдің жарқын болашағына үлес қосты.
Бүгінгі таңда облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 10 есеге артты. Егер 1991 жылы бұл көрсеткіш 8,3% - ды құраса, биыл ол 83,2% - ға жетті.