г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Аудан әкімі қарияларды құттықтады

03.01.2022, 11:07

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Хамитов Жанболат Камериданұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Өзипа Шұңғұлова «Лучи добра» ҚҚ-ның қарт адамдарға арналған үй-интернатына барды. Мұнда аудан башысы қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. «Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Бұл ұйым Сіздерге ыңғайлы және жақсы болу үшін барлық жағдайларды жасайды. Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ ғұмыр тілеймін!»- деп қарттарды құттықтады Жанболат Хамитов. Сонымен қатар, үй интернатта жататын қарияларға сый-сияпатын табыстап, қал-жағдайларын білді. Қарттар болса, мереке қарсаңында көрсетілген құрмет үшін, аудан басшысымен меймандарға зор ілтипатымен алғысын білдірді.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.

Жаңа 2022 барыс жылы құтты болсын!

03.01.2022, 10:53

Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін

«Халық» қайырымдылық қорынан атаулы көмек

25.12.2021, 06:41

«Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2020-2021 жылдары  «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» әлеуметтік маңызы бар акциясы бір неше рет өткізілді.

2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың шілдесіне дейін он мыңдаған аз қамтылған, көп балалы отбасылар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасылар атаулы қолдау алды, қажетті көмек алды – барлығы 80 мыңнан астам азық-түлік жинақтары таратылды, оның ішіндегі құрамында: күріш, қарақұмық, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілер жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында қайырымдылық акциясы қайта басталды.

«Халық» қайырымдылық қоры бизнес-қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, «Ел тірегі – Елбасы» желтоқсан акциясын қолдауға шақырады.

 Жоғарыда аталған атаулы азық-түлік көмегін 50 ерекше қажеттіліктері бар балалары отбасылар мен аз қамтылған, олардың құрамында еңбекке жарамды адамдар жоқ немесе жалғыз еңбекке  қабілетті үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек – баланы күтімді жүзеге асыратын және т.б. отбасылар алды.

Барлық отбасылар, олардың отбасылары үшін маңызды болып табылатын назар, қатысу және қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  бөлімі» ММ.

«Патириоттық тәрбие негізі – балабақшадан басталады»

25.12.2021, 06:20

15-желтоқсан  күні  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  аясында  «Балдырған» бөбекжай» МКҚК-да «Патриоттық  тәрбие  негізі – балабақшадан  басталады» тақырыбында  аудандық семинар өтті. Семинар  бөбекжай  меңгерушісі  Серікбаева Гүлнар Сатайқызының  құттықтау  сөзімен  ашылды. Әрі  қарай бөбекжай әдіскері  Гафарова Асем Спандиярқызы  «Патриоттық тәрбие негізі- балабақшада» ұзақ мерзімді жобасы арқылы  патриоттық  тәрбие  негізінде  бөбекжайымызда  жүргізіліп  бастаған  жұмыстарға  қысқаша  тоқталып өтті.  «Жауқазын» ересек тобының тәрбиешісі Садыкова Айдана Ғабитқызы  «Туған өлкем» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізіп, бүлдіршіндеріміз Державин қаласы  туралы  өз білімдерін көрсетіп, Жарқайың  туралы  жыр  шумақтарын арнады. «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ануарбекова Гулназ Мұхтарқызы  «Қыстайтын құстар» ашық сабағын өткізді. Балалар қандай құстар қыстап қалатыны жайлы біліп, оларға өз  қолдарымен  жем  салғыш  жасап, құстарға  қамқорлық  жасады. Педагог –психолог Белгібаева Мадина Дарменқызы «Менің ұжымым» атты  қонақтармен тренинг жүргізді. Қонақтар тренингта бір серігіп қалды. «Менің отбасым» атты ашық сабақты «Күншуақ»  кіші тобының тәрбиешісі Мамытова Ұлболсын Маратқызы  2-3 жастағы балалармен өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Өз отбасы мүшелерін атап бере алды.  Спорт нұсқаушысы Шайкемелов  Марғұлан  Жалмұханұлы бала бойында ержүрек мінез қалыптастыру мақсатында  ересек топ ер балаларымен   «Ұлттық ойындар» ашық сабағын  өткізді. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ұлттық ойындар ұмытылмастай ой салды.  «Ғажайып жылжымалы киіз үй» шеберлік сыныбын  педагог-зерттеуші  тәрбиеші Балдаева Жұпар Бақытқызы  көрсетіп, ерекше қошеметке ие болды.  Жылжымалы  киіз  үй  бес  қырлы білім саласының 5 саласы қамтылып,  қазіргі заманға  сай жасалған.

Семинар  Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына арналған мерекелік  концертпен жалғасын тапты. Мерекелік концертті бөбекжай  педагогтары  «Мен қазақпын»  биімен ашты. Әнұран ойналды. Балабақшаның  тәрбиеленушілері  «Көк тудың желбірегені» атты би компазициясын шығарды.  Семинарға балабақшамыздың 2012  жылғы түлектері Төрехан Төре және Мынбаева Нұрай келіп, өз құттықтауларын арнап өнерлерін көрсетті. Бөбекжай  психологы Белгібаева Мәдина Дәрменқызы «Желтоқсан оқиғасы»  атты монолог оқып,  «Жауқазын» ересек тобының тәрбиеленушілері аспаптармен оркестр көрсетсе, «Жұлдыздар» ересек топ бүлдіршіндері жыр шумақтарын арнады. Бөбекжайдың кішкентай бүлдіршіндері «Қарлығаш» ортаңғы тобының қыздары «Қамажай» ұлттық биін ұсынды.  Концерт   ұжым  болып  Ескендір  Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Тәуелсіздігіміздің   тұғыры  берік  болып,  елдігіміз жаңдана  берсін!  Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін! 

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде дәрігерлік амбулатория ашылды

25.12.2021, 06:05

Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мақсатында денсаулық сақтау саласының объектілерін салу бойынша жобалар іске асырылуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Целиноград ауданы Софиевка ауылында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімдігінде атап өткендей, амбулатория бір ауысымда 50 келушіге есептелген. Медициналық мекемеде 4-8 төсектік күндізгі стационар қарастырылған. Бір қабатты ғимаратта тіркеу бөлімі, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, фильтр кабинеті, дәрігер қабылдау кабинеті, балалар кабинеті, қарау бөлмесі орналасқан. Мұнда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, акушер және тіркеуші жұмыс істейді.

Медицина қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды айтулы оқиғамен аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова құттықтады.

"Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ауданымызда әлеуметтік маңызы бар тағы бір нысан ашылды. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге, кезектілікті азайтуға және сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Еліміз жыл сайын дамып, өркендей берсін", - деді аймақ басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ауданда Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория мен Қоянды ауылында МСАК орталығының құрылысы жалғасуда.

Айта кетейік, Ақмола облысында 562 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді: стационарлық көмек көрсететін 23 ұйым және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 531 ұйым, оның ішінде 377 медициналық пункт, 47 ФАП, 100 дәрігерлік амбулатория, 6 емхана, 1 МСАК орталығы және басқа да ұйымдар

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…