г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ауданымыздың жас боксшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Бокс-байланыс спорт түрі. Біздің ауданда бұл спорт түрі тамыр жайған жоқ. 70-95 жылдардың ортасында Державин оқушылары бокспен белсенді айналысты, бокс секциясы БЖСМ-де болды. Бапкердің көшуіне байланысты секция да жабылды. Алайда биыл ол қайта жанданып, Жас боксшылар аймақтық жарыстарға қатысып жүлденің дәмін татты.

Осы жылдың сәуір айынан бастап Еділ Әділбеков балаларды БЖСМ-де жаттықтырады. Спорт зал тиісті спорттық құрал-жабдықтармен жасақталмаса да, Бапкер  жігіттерді қызықтырып, бокстың қыр сырын үйретіп, ерлікке, батылдыққа бейімдеп жүр. Ал таяуда теле - және радио станция басшысы Еркен Сыздықовтың қолынан бокс алмұрттары, қолғаптар және басқа да керек - жарақтар алынды. Еркен Ғалым ұлы да өз уақытында бокспен айналысып, талай шындарды бағындырған, спорт сүйер азамат. Қазір бокс секциясында 20-дан астам бала жаттығады. Жаттықтырушының сөзінше балалар сабаққа мұқият қарайды. Жігіттер рингсіз өзін боксшы  ретінде толық сезіне алмайды, өйткені бұл практикалық сабақтардың басты алаңы, өйткені шектеулі кеңістік спортшыға тез жүруге, қарсыластың әлсіз жерлерін анықтауға, кету мен шабуылдың шегі туралы түсінік алуға көмектеседі. 

-Біздің ауданымызда бокс үйірмесі ашылды. 2020 жылы облыс әкімінің ауданымызға жасаған іс сапары барысында, осы жұмыс тапсырылған болатын. Сосын біз балаларды жинап, спорт шеберін, өз бапкерімізді шақыртып, үйірмені бастап кеттік. Сәуір айынан бастап екі жарыс өткізілді. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар.  Бұл әрине, жаттықтырушының еңбегі. Осындай аз уақытта жеңіс тұғырынан көріну оңай емес - дейді Айгүл Әлжанова, БЖСМ директоры.

Жақында ғана Есіл қаласында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан аймақтық жарыс өтті. Жарысқа Есіл, Атбасар және Жарқайың ауданының жас былғары қолғапшылары қатысты. Шаршы алаңда аудан спортшылары бокстанда кенде емес екенін анық байқатты. Себебі бар жоғы жарты жылдық дайындықтан кейін 36 кг  салмақ дәрежесінде Мақсат Сәбит, 32 келі салмақ дәрежесінде  Нурислам Сұлтанхамит, 52 келі салмақта Мәди Ғалым,  58 келіде Ярослав Овчаренко алғашқы алтындарын алды. Ал,  40 келіде Азамат Истлеевпен 34 келіде Ыбырай Көпей 2 орынды қанжығасына байлады. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш.

Балалардың талпынысымен бапкердің дұрыс тактикасы әлі де талай қолғап түйістіру жарыстарында топ жаруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Енді осы екпін алып келе жатқан спорт түрін әрі қарай ел болып дамытып әкетсек, ауданымыздан Әлемді бағындыратын боксшылар шығатынынан шүбәміз жоқ. Оған биыл Белградта әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов дәлел.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…