г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жаңа Жыл – барша жұрт асыға күтетін ең көнілді кеш!

12.01.2022, 12:08

 

Біздің өмірімізде қанша жаста болсаңыз да, ғажайыптар мен сиқырларды күтетін мерекелер бар. Әрине, бұл мереке-Жаңа жыл.

Бұл сиқырлы уақыт, жарқыраған қар көшелерді ертегіге айналдырады, отбасында әдемі шырша киінеді, ал балалар Аяз атаның сыйлықтарын тағатсыздана күтеді және оған хат жазады. Ушкарасу ауылында 31 желтоқсан куні сыйлықтарын арқалаған Аяз ата мен Ақшакар отбасыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға тәтті  сыйлықтарын үлестірді.

Жаңа жылдық көңіл-күйді демалыс орталығының жанындағы алаңда өскен ертегі қалашығы жасады: әдемі жолбарыс - жылдың символы, Аяз ата мен Ақшақар, өткен жылдың символы – бұқа.

Кешкі сағат 19.00 «Ashyq» портал бойынша кіріп көңіл-күйді демалыс орталығында ауыл тұрғындарына «Көгілдір шам»  бағдарламасы ұйымдастырылды. Көгілдір шам қызықты өтті, кешті жургізген Арыстанбеков.А.К., Калшабеков М.К. концертті бастап, Жана жылмен Аяз ата мен Акшақар құттыктады, кеш дискотекамен жалгасып қонақтармен кештің сонында лотерея ойын өткізді. Дастархан басында қонақтар бір-біріне жақсы лебіздер білдіріп  құттықтады.

Жаңа жылдық мереке демеушілеріне - Б. Т. Жүсіпбеков, "Торал" ЖШС атынан - Ахметов А. А., "Мұқан-1" ш/қ - М. А. Мұқанов, "Алтай-1" ш/қ - Т. И. Нұржанов, "Каскад" ш/қ - Ф. Г. Шаймарданов, "Карина" Ш/Қ - М. М. Беркімбаев үлкен алғыс сөздерді білдіреміз.

Сіздер мереке өтуі үшін барлық жылулық пен мейірімділікті салдыңыз және балаларға қуаныш пен бақыт әкелдіңіз. Сіздерге үлкен Рақмет!

 

Ж.М. Байғамамбетова

Үшқарасу ауылының кітапханашысы

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар-жануарлар ауруларының профилактика

12.01.2022, 12:00

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар-жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жарқайың ауданының аумағында көктемгі кезеңде келесі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарланған:

Диагностикалық зерттеулер:

1.Ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа, жылқы бруцеллезіне серологиялық зерттеу.

  1. ІҚМ, шошқа туберкулезіне аллергиялық зерттеу.
  2. Қошқарлардың жұқпалы эпидидимитіне серологиялық зерттеу.
  3. Жылқы маңқасына аллергиялық зерттеу.

Қарсы Вакцинация:

  1. Сібір жарасы ІҚМ, ҰМ, шошқа.
  2. Ірі қара мал, ұсақ мал, ит, мысық құтыру аурулары.
  3. Жоғары патогенді құс тұмауы.
  4. Ірі қара малдың қарасан ауруы
  5. Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті.

Дегельминтизация: етқоректілердің эхинококкозы (мысықтар, иттер).

Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген, жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жарқайын ААИ

 

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола облысының өңірлік жедел штабының отырысы өтті.

10.01.2022, 04:01

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола облысының өңірлік жедел штабының отырысы өтті.

Кеңес барысында Ермек Маржықпаев облыстағы жағдай тұрақты екенін атап өтті.

«Барлық құқық қорғау, мемлекеттік органдар, төтенше жағдайлар және қорғаныс департаменті қызметкерлерінің, біздің қоғамшылдарымыздың үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі ахуал тұрақтануда. Бүгін полиция қызметкерлеріне жанқиярлығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, құқық тәртібін қорғауда», - деп толықтырды өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, өңірде қолма-қол ақшаны алу және тауар сатып алу мәселесі шешілді. Бұл мәселені шешу үшін Халық банкі Полиция департаментінің көмегімен 7 қаңтардан бастап Көкшетау қаласы бойынша банкоматтарды толтыруды бастады. Бүгіннен бастап аудан орталықтарындағы банкоматтарды толтыру жүзеге асырылады.  Сонымен қатар, Сбербанктің 4 банкоматы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген.     Жақын күндері басқа банктермен де мәселе пысықталатын болады.

Сауда желісінде бірінші қажеттілік құралдары мен азық-түлік өнімдері жеткілікті.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты қызметтерге атап айтқанда, жоспарланған жерлерде блокпосттарды орнату аяқталғаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар тауарларға, коммуналдық қызметтерге, көмірге, ЖЖМ-ге, газға және басқаларға баға саясатын сақтау бойынша бақылауды күшейтуге тапсырмалар берді.

          Айта кетейік, өңірде газ бағасы 70 теңге көлемінде белгіленген. Облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықты есепке алғанда, баға 75 теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыста 120 газ құю станциясы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілеген бағалар бойынша сұйытылған газды құюды жүзеге асырады.

Ақпарат

08.01.2022, 06:29

Ақпарат

 2022 жылдың 6 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы генерал-майор Е. Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының (әріқарай- РЖШ) отырысын өткізді.

ҚР Президентінің келісімімен ҰҚК Төрағасы – РЖШ басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында «шекті қызыл» деңгейдегі террористік қаупі енгізілді.

Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды.

Мемелекеттік органдардың бірінші басшыларымен жеке тұлғалар мен ел арасындағы террористтік қауіпін жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырлуда.

Барлық  азаматтарды енгізілген шектеулерге түсінісушілікпен қарауға,  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.

 Информация

6 января 2022 года в городе Нур-Султане Председателем Комитета национальной безопасности генерал-майором Е. Сагимбаевым проведено заседание Республиканского оперативного штаба по борьбе с терроризмом (далее- РОШ).

Приказом Председателя КНБ - руководителем РОШ по согласованию с Президентом РК на всей территории Республики Казахстан введен «критический красный» уровень террористической опасности.

Во всех регионах страны установлен режим антитеррористической операции.

Первыми руководителями государственных органов приняты к реализации меры, направленные на стабилизацию обстановки в стране и устранение террористической угрозы личности и государству.

Призываем всех граждан с пониманием отнестись к введённым ограничительным мерам и неукоснительно соблюдать требования государственных и правоохранительных органов.

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары!

08.01.2022, 06:25

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары!

 Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты, заңды емес митингке шығуға шақырған адамдардың арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауыңызды сұраймын. Халық алдында көтерген мәселелердің барлығын біз бақылауда ұстаймыз және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақтылы шешімдер қабылдаймыз.

 Аудандағы жағдай тұрақты. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы барлық мәселелер регламентке сәйкес орындалады, бұған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі дәлел. Аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру және экономикалық өсу бойынша шаралар қабылдануда. Ауданның коммуналдық объектілері үздіксіз және штаттық режимде жұмыс істейді.

 Барлық толғандыратын мәселелерді сындарлы диалогта шешуді сұраймын. Сырттан ұйымдастырылған құқыққа қарсы әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу болып табылатынын түсіну керек.

 Жарқайың ауданының барлық тұрғындарын сақтық танытуға және қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға алып келетін арандатушылық әрекеттерге бармауға шақырамын.

 Уважаемые жители и гости Жаркаинского района!

 В связи сложившиеся ситуации в стране, прошу Вас не поддаваться на провокационные действия  лиц призывающих выйти на не законный митинг. Все те вопросы, которые поднимает население перед нами, мы держим на контроле и принимаем своевременные решения в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

 Ситуация в районе остаётся стабильной. Все вопросы социально-экономического характера исполняются в соответствии с регламентом, на что показывают рост социально-экономических показателей. Принимаются меры последовательного экономического роста и повышения уровня жизни населения  района. Коммунальные объекты района функционируют бесперебойно и в штатном режиме. 

 Все волнующие вопросы прошу Вас, решать в конструктивном диалоге. Надо понимать, что противоправные действия, которые организованы из вне, являются нарушением действующего законодательства Республики Казахстан.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…