Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне бейнебайланыс режимінде қатысты. Сондай-ақ жиынға Тұңғыш Президент – Елбасы, Президент Әкімшілігінің басшылығы, партияның Саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты партия Төрағасының бірінші орынбасары жүргізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен және дауыс беру рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданды. Содан кейін Мемлекет басшысы жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев партияның жаңа көшбасшысы ретінде сөйлеген сөзінде партияны басқаруға ұсыныс жасағаны және қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білідіріп, «Nur Otan» партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.
Президент халқымызды дүрбелеңге салған қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар туралы айта келе, лаңкестер мен қылмыскерлерге тойтарыс беріп, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалғанымызды мәлімдеді.
– Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз. Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екеніне назар аударды.
– Азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқаруға тиіс. Соның ішінде біздің партиямыздың алатын орны ерекше. «Nur Otan» Қазақстанды нығайтуға бағытталған маңызды реформалардың бастауында болып, түрлі салада нақты жетістікке жетуімізге елеулі үлесін қосты, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Елбасының жеке басына қатысты ел ішінде тарап жатқан түрлі жағымсыз әңгімелерге түсіндірме берді.
– Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Ол Отанымыздың және әлем тарихында Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде қалатыны сөзсіз. Елбасының 30 жылда ел мүддесі үшін атқарған жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Бұл – тарихқа қиянат жасау деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына баға берген кезде тарихи деректерге шынайы түрде сүйенуі қажет.
– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық және әлемдік жылнамада Қазақстан Республикасының негізін қалаушы деген атпен қалады. 90-шы жылдардың басында Қазақстанның демографиялық ерекшелігіне және шекарасының шегенделмеуіне байланысты белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар елімізді ыдырап кетеді деп болжам жасаған болатын. Осындай қилы заман, тарихи кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет құру жөніндегі күрделі миссияны өз мойнына алды. Бұл, шын мәнінде, өте ауыр міндет еді, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының нарықтық экономиканы қалыптастыруға, жан-жақты реформаларды жүзеге асыруға, Тәуелсіздіктің елең-алаң кезінде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген проблеманы шешуге қосқан үлесін еске салды. Сондай-ақ мемлекеттік шекараны рәсімдеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еліміздің геосаяси тұғырын нығайтуға және астананы көшіру ісіне сіңірген зор еңбегін атап өтті.
– Ол Американың бес президентімен, кеңестік және ресейлік бес басшымен, Қытайдың бірқатар төрағаларымен және басқа да көптеген мемлекеттің басшыларымен, сондай-ақ БҰҰ-ның төрт бас хатшысымен жұмыс істеді. Әлемдік қоғамдастықта оны жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы деп атайды. Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның барлық экономикалық көрсеткіш бойынша Орталық Азия кеңістігінде алдыңғы орынға шыққанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Түптеп келгенде, шынайы әрі әділ болған жөн. Өткенін қаралаған халықтың болашағы бұлыңғыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ел басқару ісінде жіберілетін кемшіліктер туралы айта келе, қателіктерге Американың да, Қытайдың да басшылары, тіпті Сингапурдың алғашқы Премьер-министрі Ли Куан Ю да бой алдырды деген пікір білдірді.
– Бірақ Сингапурдың да, АҚШ-тың да, Қытайдың да халықтары және басқарушы топтары күрішті күрмектен ажырата біліп, өздерінің басшыларын кемшіліктерден жоғары қойды. Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді деген сөз бұрыннан белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тиісті тарихи еңбегіне лайықты бағасын берейік. Ал кеткен қателіктер, еліміздің келешек басшыларына сабақ болсын. Мемлекетіміздің болашағы тұрғысынан алғанда бұның дұрыс болатынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз сөзінде «қасіретті қаңтар» оқиғасының Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауыр сынақ болғанын атап өтті. Президент қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің күш-қуатын сынап көруге арналған емтиханды сәтті тапсырғанымызды айтты. Осы ретте Президент бұл оқиғалардың барлық себеп-салдарын терең талдап, тиісті сабақ алу қажет деп санайды.
– Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды ұйыстыру жұмыстарына кірісуге дайындықты білдіреді. Осы ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестік болатынына кепілдік беремін. Менің конституциялық міндетім – барлық билік тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл жағдайлар Президенттің кез келген партия мен қозғалыстардың қызметінен белгілі бір дәрежеде алшақтауын талап етеді. Сондықтан біраз уақыттан кейін, бәлкім осы жылдың ішінде, «Nur Otan» партиясына одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Мемлекет басшысының тең қашықтықтағы мәртебесі саяси реформалардың ауқымды топтамасында біржола бекітілуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент елімізді жан-жақты жаңғырту үшін ұсынылған ауқымды мәселені еске салды. Оның пікірінше, «Nur Otan» реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге тиіс.
– Бұл үшін «Nur Otan» өзін-өзі жаңартуы керек. Партияның бүкіл жұмысын сөз жүзінде ғана емес, түбегейлі қайта құру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы партия мүшелерін төмендегі басымдықтарға баса мән беруге шақырды.
Президент партия ішіндегі ынтымақты нығайтуды, қоғамдағы барлық конструктивті күшті біріктіруді бірінші міндет ретінде атады. Оның айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру үшін ауызбіршіліктің, серіктестіктің, нық ұстаным мен болашаққа сенімнің маңызы зор.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, партия мемлекеттік органдардың жұмысын қайталамауы керек. Президент «Nur Otan» партиясы негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысып, қажет жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысына жол сілтеп отыруы керек екеніне назар аударды.
– Партияның өміршеңдігі сайлауалды уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Менің ойымша, шындыққа жанаспайтын және орындалмайтын уәде бермеген абзал. «Арық айтып, семіз шыққан» жөн. Ақиқатқа тура қарау қажет. Сондықтан партия Үкіметпен және әкімдіктермен бірлесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын түбегейлі қадағалауы керек, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Президент партияның ұйымдық құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, бірінші орынбасар лауазымын атқарушы хатшы қызметімен алмастыруды, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша басқа да хатшылардың лауазымдарын қайта қарастыруды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңестердің қазіргі жоспарларын, олардың жеке құрамдарын қоса алғанда түбегейлі жаңартуға, басқа партиялар мен қоғамдық бірлестіктермен арадағы ынтымақтастықты жолға қоюға шақырды.
Президент Мәжілістегі партияның фракциясын қайта қарау, партия мүшелерінің өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту, қоғамдық қабылдаулар қызметін жандандыру, партияның сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі стратегиясын жаңа мазмұнда толықтыру, партия құрамындағы толып жатқан тиянақсыз, табансыз, мансапқұмар тұлғаларды орындарынан алу, сондай-ақ партияның «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын сапалы түрде күшейту қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының қызметіне арнайы тоқталды. Қорға ақшалай үлес қосқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар олигополияның бір бөлігі, тіпті соның дәл өзі болып табылатын бизнестегі кейбір белгілі тұлғалардың Президент бастамашы болған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайтындарын атап өтті.
– Бұны қалай түсінуге болады? Сараңдық па, нигилизм бе, салғырттық па әлде менсінбеу ме? Қалай болғанда да, бұл сұрақтың жауабын алуға мемлекеттің құзыреті жетеді. Ірі бизнес тарапынан жасалатын қайырымдылық үдерісін реттейтін арнаулы Жарлық шығаруды жоспарлап отырмын, – деді Мемлекет басшысы.
Жарқайың ауданында эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады
Жарқайың ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, 19 қаңтарда коронавирустық инфекцияның 111 жағдайы тіркелді. Жалпы, жыл басынан бері КОВИД -19 зертханалық расталған 148 жағдай тіркелген.
Істердің ең көп саны қала тұрғындарына тиесілі-113 жағдай. Көпшілік арасында сырқаттанғандардың ішінен зейнеткерлер, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, жұмыс істемейтін студенттер және 1 сырттан әкелінген жағдай ( Нұр-сұлтан қаласынан келді) анықталды.
Ауру ұйымдасқан ұжымдарда тіркеледі, мектеп оқытушылары арасында 7 жағдай тіркелген.
Сондай-ақ оқушылар мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің балалары арасында өсім байқалады. Естеріңізге сала кетейік, ауданда халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялау және ревакцинациялау бойынша белсенді науқан жүріп жатыр. Дәрігерлердің пікірінше, бұл инфекциядан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі.
Азық-түлік бағасы бақылауда
Жарқайың ауданында азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, Жарқайың ауданы әкімінің 04.11.2021 жылғы №79 өкіміне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жедел штаб құрылды. Осы өкімді орындау шеңберінде "ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта сайын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына мониторинг жүргізеді (19 атау), кейіннен Ақмола облысының кәсіпкерлік басқармасына ақпарат береді.
Ай сайынғы негізде жедел штаб азық-түлік дүкендері бойынша рейдтер жүргізеді. 2022 жылғы 06 қаңтарда жүргізілген рейд қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсу фактісі жоқ, тауарлар тапшылығы жоқ, қандай да бір азық-түлік өніміне дүрлікпе байқалмайды. Аудан әкімі мен бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында меморандумдар жасалды. Жанар-жағармай материалдары мен тұрмыстық газды өткізу бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында АИ-92 бензиніне– литріне 182 теңге, дизель отынына – литріне 260 теңге және газға (тұрмыстық) - 1 кг үшін 75 теңге шекті бағалар белгіленген.
Жарқайың ауданының аумағында жанар-жағармай мен газ (тұрмыстық) бағасының негізсіз өсуі байқалмайды.
ЖЖМ-ға ажиотаж сұраныс пен тапшылық жоқ.
Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңес жұмысының 2021 жылғы қорытындылары туралы
Қоғамдық кеңес өз жұмысында өзіне жүктелген өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады. Қоғамдық кеңестің барлық іс-шаралары ашық сипатта екенін атап өткен жөн. Кеңестің жұмысына, әдетте, мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті теледидардың өкілдері қатысады.
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 12 отырыс, оның ішінде 3 отырыс онлайн режимінде өткізілді, отырыстарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын, қоғамдық мүддені білдіретін кең ауқымды мәселелер қаралды:
-«Жарқайың ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған перспективалары жөніндегі есебі»;
-«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары туралы»;
«2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы»;
-«Сауда кәсіпорындарының жай-күйі және ауданда өндіріліп сатылатын өнімнің сапасы туралы»;
-«2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы»;
-«Коммуналдық шаруашылықтың 2021 – 2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы»;
-«Халықпен өзара іс-қимылды арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы полиция органдарының есебі».
-Ауданның сәулет қызметіндегі басым бағыттар, Халыққа қызмет көрсету, «Мекенжай тіркелімі» АЖ толтыру.
- Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы Департаментінің Жарқайың ауданы бөлімінің аудан халқына қызмет көрсету сапасын арттыру туралы.
-«2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын талқылау».
Қоғамдық кеңестің мүшелері әрбір талқыланатын мәселеден кейін ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдап мемлекеттік мекемелердің басшыларына жіберіледі.
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының негізгі ережелерін іске асыруға бағытталған жұмысты жандандыру;
- кәсіпорындар сатып алушылардың маусымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолда бар резервтерді пайдалануы керек, яғни жаздың аяғында-күздің басында тиісті тауар топтарының қорларын ұлғайту;
- жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауданда абаттандыру және басқа да жұмыстар жүргізу;
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, қала, ауылдық округтер мен ауылдардың бюджетін нақтылау мәселелері бойынша бөлім басшылары тыңдалды.
Қоғамдық кеңес аудан үшін ең маңызды мәселелер бойынша 44 нормативтік құқықтық актілерді қарады.
Мысалы:
-Аудан бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
-«Қала және ауылдық елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»;
- «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №6С-66/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
-«Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
-«Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» және тағы да басқалар.
2021 жылдан бастап Қоғамдық кеңес отырыстарының Aitube каналында тікелей көрсетілімі басталғанын атап өткім келеді, бұл Қоғамдық кеңес жұмысының ашықтығы, жариялылығы қағидатын тағы да түсіндіреді.
2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айында Қоғамдық кеңес отырысында қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі «Коммуналдық шаруашылықтың 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы туралы».
Қоғамдық кеңес мүшелерінен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы Державинск қаласының қазандықтарына барып қоғамдық мониторинг жүргізді. Қоғамдық кеңес мүшелерімен жұмыс барысында жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелер анықталды.
Осыған байланысты ШЖҚ «Коммунсервис» МКК басшысына ұсынылды:
жылыту маусымына қазандық жабдықтарын дайындауды жеделдету;
қала және ауылдық округтердің қазандықтарында анықталған бұзушылықтар мен сынуларды жою.
Нәтижесінде, жүргізілген мониторингтен кейін "Коммунсервис" ШЖҚ МКК жылыту қазандықтары мен қазандық жабдықтарын орнатты, қазандықтар тас көмірмен қамтамасыз етілді, бес қазандықта себезгі бөлмелері жұмыс істейді, үш қазандықта техникалық себептер бойынша себезгі орнату мүмкіндігі жоқ.
Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдар өткізетін түрлі іс-шараларға, кеңестерге қатысады. Қоғамдық кеңес мүшелерін аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар құрамына енгізілгені маңызды, себебі өңірдегі маңызды оқиғаларды хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық кеңес мүшелері 3 конкурс бойынша өтінімді қарауға қатысты:
-кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
-«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де өткен Державинск-Тасөткел жолын орташа жөндеу;
-Уәлиханов ауылының көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу конкурсына өтінім.
Қоғамдық кеңес мүшелері тұрақты негізде, жұмыс тәртібімен аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға мониторинг жүргізеді. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің бағаларын, әлеуметтік қамсыздандыру тәртібін, құқықтық тәртіпті сақтауды зерттеуді мүмкіндік береді. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларымен, жекелеген азаматтармен түсіндіру сұхбаттары жүргізіледі.
Мысалы, қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның құрметті азаматтары: Яковлев Николай Анатольевич, Сиамашвили Автандил Акакиевич, Камышанский Виталий Петрович, Сыздыкова Асылзат Мукановна әрдайым жергілікті қоғамдастықтардың жиындарына қатысады.
Ағымдағы жылғы жұмысымызды жариялап отырған аудандық БАҚ тарапынан кең және жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өткен жөн. «Целинное знамя» және «Жарқайың Тынысы» атты екі газетте 9 мақала жарияланды. Жергілікті «Сарыарқа» телеарнасында Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы басылымдар жүйелі түрде шығып тұрады. 2021 жылдың қазан айында эфирге Қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Қапашұлы Әлжановпен «Азаматтық қоғамды дамытудағы Қоғамдық кеңестің рөлі» тақырыбында жаңалықтар шықты. Алдағы уақытта қоғамдық кеңеспен сағат айдарын ашу жоспарлануда.
Аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында «Қоғамдық кеңес» арнайы рубрикасы құрылып, Қоғамдық кеңестің қызметі көрсетіледі. Instagram және фейсбук әлеуметтік желілерінде аккаунттар құрылды, онда Кеңес құрамы, Қоғамдық кеңес туралы қабылданған Ереже, жұмыс жоспары, өткізілетін отырыстар мен іс-шаралар туралы материалдар, толық ақпарат жарияланады. Тиісті ақпарат уақытылы жаңартылады.
Ағымдағы жылы аудандық мәслихаттың сайтында Қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты 22 жарияланым шығарылды. Әлеуметтік желілерде екі аккаунтта 24 жарияланым орналастырылған.
Жалпы Қоғамдық кеңес өзін оның мүшелерінің белсенді жұмысы ретінде көрсетті, қойылған міндеттерді орындай отырып, тиісті ұсынымдар бере отырып, билікпен өзара іс-қимыл институттары арасында өз тауашасына ие, жұмыс нысандарын таңдауда дұрыс бағдарланады және кеңеске сайланған адамдардың белсенділігі мен жауапкершілігінің арқасында өз қызметін жетілдіруге қол жеткізеді.
Жарқайың ауданы Қоғамдық кеңестің төрағасы Оспан-Ұлы С. А