2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы
2022 жылғы 05 мамыр
Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
- Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
- Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
lV Халықаралық "GOLDEN TALENTS" байқауы
2022 жылдың 30 сəуірінде, Алматы қаласында,жас өспірімдер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында lV Халықаралық "GOLDEN TALENTS" атты байқау өз мəресіне жетті. Əр жақтың өнерпаздары келіп, өз өнерлерін ортаға салды. 50-ден астам Домбыра аспабы бойынша жəне ансамбль арасы бойынша сынға түскен, ауданымыздың Балалар музыка мектебі ансамблдері жəне жеке орындаушылары өз өнерлерін көрсетіп, шешімінде кіші топ 8-9 жас аралығы бойынша «Домбыра дастан» ансамблі Бас жүлдені иеленсе, орта топ домбырашылары 1 ші орынға жəне жеке орындауда Базарбай Досбол, ұстазы Молдағұлова Айжан Қамзағалиевна, жүлделі 1-ші орынды қанжығаларына байлады. Үздік нөмірі мен көзге түскен, "Домбыра дастан" ансамбль жетекшісі Жұрмағанбетов Сəт Жақсылықұлы, байқаудың арнайы құрмет грамотасымен жəне "Үздік ұстаз" 2022 орденімен марапатталды. Осындай байқауға,балаларымыздың өнерін шындап дайындаған, БММ-нің білімді де білікті өнер мұғалім ұстаздарына, мектеп ата аналары атынан үлкен Алғысымызды білдіреміз. Жанұяларыңызға амандық, дендеріне саулық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз! Игі тілекпен, БММ-нің ата-аналар ұжымы. Осындай білімді өнерлі шəкірт тәрбиелеп, ауданымызды елімізді, сырт еліне таныта беріңіздер демекпіз!!! Жеңіс құтты болсын!!!
«Жарқайың барысы» анықталды
Мамырдың шуақты күнінде, жауқазынды өлке Жарқайыңда дәстүрлі «Жарқайың барысы» күрес додасы өтті.
Қазақ халқы ежелгі уақытан бері палуандарын сыйлап, абырой даңқын көтерген. Бұл жарыс ауданымызды ел төнірегіндегі байрақты бәсекелердегі танытып жүрген ең мықты жас палуандарды жинады. Жарыстың басы ертеңгі күн бүлдіршіндерге бөлінді.
26 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Абду Ә. және Ложкин В., ІІ орын - Ермекұлы М. Және І орынды - Күнтуаров А. иеленді.
30 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Сұлтанали А. және Нұрғалиев Н., ІІ орын - Абдісәлім Н., І орын - Хаким А. иеленді.
35 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Мынбаев А. және Аманбай Е., ІІ орын - Орынбаев А., І орын - Шайжанов И. иеленді.
40 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Сейдалі Н., және Туяков М., ІІ орын - Абильхадыр А., І орын - Арыспай Т. иеленді.
45 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Досжанұлы М. және Сабит А., ІІ орын - Қарабаев Д., І орын - Төлеби Т. иеленді.
55 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын - Малиев Ч. және Сағынбаев Е., ІІ орын - Алкенов Б,, І орын - Малғаждаров А. иеленді.
Балалар жарысынан кейін ересектер арасындағы салмақтардын кезегі келді.
70 кг салмаққа дейінгі дәрежеде: ІІІ орынды Шөпшібай Азамат иеленді. Финалдық сында тәжірибелі Тасмағанбетов Жандаулет айқын басымдылықпен Жунусов Ахатты жеңіп бірінші орынға қол жеткізді.
Жарыстың келесі межесі, көрермендер асыға күткен түйе палуандар айқасында ІІІ орынды осы салмақта бірінші рет бақ сынаған Жастар арасында тәжірибесі мол 17 жасар Тасмағанбетов Жандаулет иеленді. Осы күннің соңғы жекпе-жегінде жарқайыңның соңғы 5 жылдығындағы ең мықты палуандары Айтжан Серік пен Дәмер Мәлік кездесті, жекпе-жектің уақыты аяқталмас бұрын Айтжан Серік айқын басымдылықпен жеңіске жетіп «Жарқайың барысы» белбеуінің иесі атанды.
«Жарқайың барысы» күрес додасының түйе палуандарына қаржылай сыйақы тағайындаған «Костычево» ЖШС директоры Балғабай Жамантайұлы Қабжановқа алғысымызды білдіреміз.
Жарқайың ЖРО.
Аудан гіршілері Азия чемпионатынан жүлдемен оралды
30 сәуірде Державин қаласының кіші алаңында Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатына қатысқан спортшыларымызды қарсы алу іс-шарасы өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов барлық спортшыларды Азия чемпионатындағы жоғары нәтижелерімен құттықтап, сәттілік және жарқын жеңістер тіледі. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы, спорт ардагері Асылхан Әлжанов құттықтау сөз сөйледі. Гір спортынан жаттықтырушы Халибек Салтанат барлық қатысушыларға жылы қарсы алғандары үшін, Азия чемпионатына қатысуға қолдау көрсеткені үшін аудан әкімдігі мен демеушілерге алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, біздің спортшылар ағымдағы жылдың 25-29 сәуірінде 6 ел арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. Жерлестеріміз осы чемпионатта жоғары нәтижелер көрсетті, Аманқұл Абуәли 16 жасқа дейін 53 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Дарменов Ернұр 16 жасқа дейін 58 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанды.
Қуаныш Нұрғожин 18 жасқа дейін 73 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанды.
Халибек Абылай 23 жасқа дейін жастар арасында қола және күміс жүлдегері атанды.
Жарқайың аудандының әкімінің баспасөз қызметі.