г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдумда бюллетень толтыратын кезде нені ескеру керек - ОСК өкілі түсіндірмесі Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-byulleten-toltyratyn-kezde-neni-eskeru-kerek-osk-okili-tusi

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров референдумда бюллетеньді толтыру кезінде ескерілетін басты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бюллетеньнің өзі, мәтіні мен формасы бекітілді. Бюллетеньдер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылуы тиіс. Әр адам оны жеке толтырады. Дауыс беру кезінде азамат өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды. Бір сұрақ пен жауаптың екі нұсқасы болады. Осы орайда бір белгіні қою керек, яғни осының бәрі түсінікті түрде қойылғаны абзал», - деді Константин Петров елордада Орталық референдум комиссиясының отырысында. Оның айтуынша, бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Толтырылған бюллетень дауыс беруге арналған жәшікке салынады. ОСК мәліметіне қарағанда, тиісті учаскеде Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен дауыс беру уақыты өзгертілмесе, дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада басталады. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауы тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-byulleten-toltyratyn-kezde-neni-eskeru-kerek-osk-okili-tusindirmesi_a3933920

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…