г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Казахстан идет по демократическому пути развития - зарубежный эксперт ЕРЕВАН

22.05.2022, 07:39

Казахстан идет по демократическому пути развития - зарубежный эксперт ЕРЕВАН.КАЗИНФОРМ – Изучив текст проекта поправок в Конституцию, армянские эксперты сошлись во мнении, что Казахстан идет в направлении демократизации, курса, который может послужить примером обновления политических систем в регионе Центральной Азии. Об этом передает собственный корреспондент МИА «Казинформ». «Президент добровольно, по своей инициативе передает часть своих полномочий Парламенту. И это хорошо обдуманный шаг в направлении общего демократического процесса. С поправками партийная система становится более либеральной. Значит, мы будем иметь дело с мультипартийной системой в Центрально-Азиатском регионе. Внимательно следящие за опытом Казахстана соседи по Центральной Азии тоже будут стоять перед вопросом обновления своей политической системы», - считает заведующий кафедрой конституционного права Ереванского государственного университета, к.ю.н. Вардан Айвазян. По словам руководителя аналитического центра по глобализации и региональному сотрудничеству Степана Григоряна, текст конституционных поправок произвел на него однозначное четкое впечатление – страна идет по демократическому пути развития, не имея при этом никаких внешних обязательств ни перед кем. В свою очередь, руководитель исследовательского центра «Альтернатива», эксперт в области политэкономики Татул Манасерян указал на поправки, которые, на его взгляд, имеют фундаментальное значение. «Земля, ее недра и природные ресурсы после поправок будут принадлежать народу. Это не просто шаг вперед. Это поднимет тонус народа. Потому что народ начнет верить, что без его согласия ничего не может в произойти в стране. Важна роль и гражданского общества, так как поправками расширяются права простых граждан и их участие в принятии решений. К сожалению, во многих странах постсоветского пространства голос гражданского общества пока не востребован. Но без участия гражданского общества, я не верю, что будет ощутимый прогресс», - отметил Татул Манасерян. Участники мероприятия, приветствуя конституционную реформу в Казахстане, пожелали братскому народу Казахстана успехов в построении сильного государства и удачи в этой сложной миссии. 5 июня в Казахстане пройдет республиканский референдум по вопросу внесения изменений и дополнений в Конституцию.

                                                                                           
Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/kazahstan-idet-po-demokraticheskomu-puti-razvitiya-zarubezhnyy-ekspert_a3935637

Референдумда дауыс беруге арналған 11 839 761 бюллетень шығарылады

21.05.2022, 13:36

ҚазАқпарат - Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ұсынған мәліметтер мен есептерге сәйкес, тізімдерге 11 722 536 адам енгізілді. 5 маусым күні республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы Орталық референдум комиссиясы қаулысымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер бір пайыз резервпен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілген санға тең мөлшерде дайындалады деп белгіленген. 11 839 761 көлемінде дауыс беруге арналған бюллетень шығарылуы тиіс», - деп жазды ведомстводан. Белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау және референдум учаскелеріне заңнамада көзделген мерзімде жеткізу облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссияларына тапсырылады. Аумақтық референдум комиссиялары бюллетеньдерді референдум учаскелеріне жеткізу үшін белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды 2022 жылғы 28 мамырға дейін қамтамасыз етуге тиіс.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-dauys-beruge-arnalgan-11-839-761-byulleten-shygarylady_a3935323

Референдум барысын қадағалауға 39 халықаралық байқаушы аккредиттелді

21.05.2022, 13:35

ҚазАқпарат - Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Орталық референдум комиссиясы «5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: 6 байқаушы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы аккредиттелді. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады. Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendum-barysyn-kadagalauga-39-halykaralyk-baykaushy-akkreditteldi_a3935383

Конституциялық реформа Қазақстанға тарихи мүмкіндік береді – Еркін Тұқымов

21.05.2022, 13:34

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен осы жылдың 5 маусымына белгіленген республикалық референдумға санаулы ғана уақыт қалды. Ал Қазақстан қоғамы дәл осы ұсынылып отырған конституциялық реформалардан кейін елімізде үлкен өзгерістердің болатынынан үмітті. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Еркін Тұқымов референдумға дайындыққа қатысты кейбір мәселелерге тоқталып, конституциялық түзетулердің ең маңызды аспектілеріне шолу жасады. - Қазақстандықтардың басым бөлігі ҚР Президентінің конституциялық реформа жүргізу бастамасымен қатар, Ата заңға енгізілетін түзетулерді жалпыұлттық референдумға шығару шешімін де дұрыс қабылдап отыр. Дегенмен, дауыс беру тәртібіне қатысты түрлі пікірдің де бар екені жасырын емес. Ұсынылып отырған түзетулерді жекелеген баптармен емес, бір топтамамен енгізу дұрыс па? - Шындығында тұрғындардың басым бөлігі Президенттің референдум өткізу бастамасын қолдайды және де бұны біздің мәліметтер де растап отыр. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «қазақстандықтардың конституциялық реформалар мен референдумға қарым-қатынасы» туралы телефон арқылы сауалнама жүргізді. Зерттеу биыл 9-12 мамыр аралығында өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерінен 1 200 респонденттен сауалнама алынды. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, қазақстандықтардың 76,4 пайызы Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу туралы идеясын қолдайды. Ал 18 жастан асқан үш қазақстандықтың екеуі оған қатысуға ниетті. Өткізу тәртібі «Референдум туралы» Конституциялық заңда жазылған. Бұл ретте конституциялық түзетулер реформаның өзіндік біртұтас, логикалық әрі идеялық тұрғыда өзара байланысты кешені екенін түсіну өте маңызды. Оларды елдің саяси жүйесін жаңғырту жөнінде жүктелген мақсатқа жету үшін бірге әрі тұтастай қабылдау қажет. Сондықтан да әрбір жекелеген бап бойынша референдумда дауыс беру мәселесі көтерілген жоқ. Бюллетенде бір ғана сұрақ болады. - Институттарыңыз өткізген сауалнама мәліметтеріне қарасақ, алдағы жалпыұлттық референдумға қазақстандықтардың 66,4 пайызы қатысуға ниет танытып отыр екен. Ал дауыс беру қорытындысында оң шешім қабылданатынына сенім бар ма? - Қалай десек те, сарапшылар сәуегейлік жасамай, керісінше ғылыми нақтыланған және сенімді мәліметтер негізінде әрекет етуі әрі ойлауы тиіс. Ұланғайыр еліміздің барлық өңірі респонденттерінің басым бөлігінен сауалнама алдық және де алынған мәліметтер қазақстандықтардың көпшілігі – 66,4 пайызы референдумға баруға дайын екенін көрсетіп отыр. Жалпы, тұрғындардың конституциялық түзетулерге қолдау көрсетуі көп жағдайда екі факторға байланысты болмақ. Біріншіден, түзетулерді қабылдау үшін қажетті дауыс берушілер қатысуы тиіс. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, бүгінде сайлаушылар тізілімінде Қазақстанның 11 695 439 азаматы бар. Ал референдум өтуі үшін оған сайлаушылар тізіліміне енгізілген республика тұрғындарының жартысынан көбі, яғни, шамамен 6 млн адам қатысуы тиіс. Екіншіден, конституциялық өзгерістерге қолдау білдіру халықтың түзетулердің маңызы жайында хабардар болуымен тікелей байланысты. Демек, адамдарда конституциялық өзгерістердің мақсаты мен нәтижелері жайында нақты түсінік болуы шарт. Осыған орай, алдағы уақытта өтетін референдум жайында азаматтар арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі өзекті бола түспек. Әрбір қазақстандық еліміздің Ата заңына қандай өзгерістер, Президентіміз бастамашылық жасаған теңдессіз саяси реформалар қалайша өзінің өміріне әсер ететінін, қандай Қазақстан құратынымыз, елдің болашағы үшін олардың жауапкершілігі неде екенін көре алуы тиіс. Бұл асыра сілтеусіз тарихи мүмкіндік екені сөзсіз. Ең бастысы, Мемлекет басшысы айтқандай, мұны науқаншылдыққа айналдырып, сол арқылы игі бастаманың беделін түсіріп жібермеуіміз керек. Әзірше, барлығы дұрыс қалыпта өтіп жатыр. - Осынау тарихи сәтте ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің қайсысын барынша өзекті деп санайсыз және неліктен? - Ең алдымен ұсынылған конституциялық түзетудің барлығы да уақыт сынымен түзетілген әрі осынау кезеңнің тарихи аралығында өзекті екенін түсіну қажет. Түзетулер мемлекет жұмысының негізін құраушы қағидаттарына қатысты. Орталық және жергілікті өзін өзі басқарушы органдардың құрамы мен қызметін айқындайтын ережелер мен тәжірибелер өзгеріске ұшырайды. Айталық, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу шешім қабылдаудың жаңа тетіктерін модельдеуге және саяси бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Түзетулер қабылданғаннан кейін саяси партиялар үшін бірдей жағдай және мүмкіндіктер жасалатынына да назар аударған жөн. Мәселен, ұсынылып отырған нормаға сәйкес, Президент өзінің өкілеттігін жүзеге асыратын кезеңде қандайда бір саяси партияға мүше болмайды. Өз кезегінде әкімдер, олардың орынбасарларына да саяси партиялардың филиалдарында лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ конституциялық реформаларды қайта қарау халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған. Бұл жерде барынша маңызды мәселе – азаматтардың мүддесін білдіретін Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту. Өйткені, мәслихат депутаттары халық атынан Президент балама негізде ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімін тағайындауға ықпал ету мүмкіндігін алады. Дегенмен, менің жеке өзімнің пікірімше, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мемлекетті дамытуға әсер етеді. Ұзақ уақыттан бері «орталық - өңірлер» желісі бойынша қабылданатын шешімдердің тым ұзақ келісілуі салдарынан жергілікті жерлердегі проблемалардың тиімсіз әрі дер уақытында шешілмейтіні айтылып келеді. Өңірлерге мол еркіндік, оның ішінде қаржылық та еркіндік беру қажет. Шағын қалаларды айтпағанның өзінде, Жезқазған, Семей мен Талдықорғанның проблемалары сол жерде шешілуі тиіс. - Қандай да бір саяси күштер референдумды наразылық акцияларын, тіпті жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру үшін пайдалануға тырысуы мүмкін деп ойламайсыз ба? - Республикалық референдумда елдің Конституциясына түзетулерді қабылдау немесе қабылдамауға қатысты бір ғана сұрақ болады. Әрбір түзету қоғамдық және сарапшылық ортада жан-жақты талқыланып жатыр. Қазір аталған өзгерістерге қатысты өз пікіріңді білдіруге мүмкіндік бар. Референдумда азаматтар Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясына дауыс береді, яғни оны қабылдайды немесе қабылдамайды. Басқа нұсқа жоқ. Демек, азаматтардың дауыс беруінің қандай да бір тосын нәтижесі болмайды. Сондықтан, референдум кезінде наразылық акциясын өткізуге себеп те байқалмайды. Дегенмен, демократиялық қоғамда сайлау процесі барлық уақытта да белсенді медиалық сүйемелдеумен жүреді. Ал еліміз үшін республикалық референдум тарихи ауқымдағы оқиға саналады. Сондықтан да көңілі толмайтындардың, саяси жаңғыруды қолдамайтындардың, алдағы референдумды өзіне назар аудартудың медиалық тәсілі ретінде пайдаланғысы келетін күштердің тарапынан тәуекелдер барлық уақытта да болады. Демек, наразылық акцияларының орын алу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Бастысы, олар еліміздің заңнамасы аясында өткізілсе болғаны. - Заңнаманы жаңартылған Конституциямен сәйкестендіру үшін қанша уақыт керек деп ойлаймыз? - Мемлекет басшысы Жолдауында өз бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу, сонымен қатар жылдың соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау қажет екенін атап өткен болатын. Басқаша айтар болсақ, конституциялық реформа – бұл саяси жаңғыру жолындағы бірінші әрі ең маңызды қадам. Жаңартылған Конституция заң жобаларын одан әрі әзірлеу және қабылдау, ел заңнамасын жаңа конституциялық нормаларға сәйкестендіру үшін негіз болады. Президент жүктеген мерзімді ескерер болсақ, саяси-құқықтық жүйедегі барлық өзгеріс жылдың соңына дейін енгізіледі және 2023 жылдан бастап Қазақстанның саяси жүйесі жаңаша жұмыс істей бастайды. Екінші жағынан, біз қазірдің өзінде жаңа саяси және геосаяси шынайылықта өмір сүріп жатырмыз.


https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reforma-kazakstanga-tarihi-mumkindik-beredi-erkin-tukymov_a3935222

Народ должен сам выбирать свое будущее – сенатор

21.05.2022, 13:32

КАЗИНФОРМ – Конституционная реформа, инициированная Главой государства, должна многое изменить в жизни страны, прежде всего, в ее политической системе. Казахстанцы готовятся к референдуму, назначенному на 5 июня этого года, где они должны сделать свой гражданский выбор.В беседе с корреспондентом МИА «Казинформ» депутат Сената Парламента РК Едил Мамытбеков изложил свое мнение по поводу предстоящих перемен. – Как Вы считаете, чем обусловлена необходимость конституционной реформы в нашей стране и для чего поправки в Основной закон вынесены на республиканский референдум? – После январской трагедии 2022 года жизнь казахстанцев разделилась как бы на «до» и «после» этих событий. В этой связи, Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев в своем Послании народу Казахстана от 16 марта 2022 года «Новый Казахстан: Путь обновления и модернизации» инициировал масштабную конституционную реформу. Политический смысл конституционной реформы – это переход от «суперпрезидентской» к президентской форме правления с сильным Парламентом. Конституция любой страны – не «священная корова». Даже страны с высоким уровнем демократии и свобод не сразу установили незыблемость своих конституционных канонов и принципов. Само время заставляет двигаться в этом направлении. Если смотреть на историю конституционных реформ, то мы видим, что только один раз у нас была принята Конституция на республиканском референдуме в 1995 году. После этого пять раз вносились поправки в Конституцию через Парламент страны – в 1998, 2007, 2011, 2017 и 2019 годах, без учета мнения казахстанцев. Сегодня мы с вами стоим на пороге совместного восприятия или невосприятия осознанной необходимости в совершенствовании своей Конституции. Это важно, так как намечаемые поправки в Основной закон страны носят характер не только масштабности, но и углубленной содержательности новелл, без чего не может быть создана полноценная законодательная база для построения провозглашаемого Главой государства Нового Казахстана. Поэтому, модернизация конституционных основ предстоит более, чем серьезная. Предложенные Президентом страны политические реформы носят фундаментальный характер. Они исходят из многолетнего запроса общества на демократизацию политической системы и направлены на обеспечение возможности для граждан влиять на государственные решения, непосредственно участвовать в строительстве Нового Казахстана. Что касается того, зачем нужно было выносить поправки на референдум, то я выше уже отмечал, что прежде все изменения в Конституцию вносились, практически, без учета мнения народа. Теперь, когда гражданам предоставлена возможность самим решить, вносить поправки или нет, думаю, что это послужит еще большему укреплению национального единства, покажет готовность народа к построению Нового Казахстана. Изменения вносятся в 33 статьи Конституции, а это треть статей. Поэтому, важно мнение каждого казахстанца для построения Второй республики. Это полностью соответствует духу президентских реформ и Нового Казахстана, в котором народ сам должен принимать важнейшие для страны решения и, фактически, выбирать свое будущее. – Какие из предлагаемых поправок в Конституцию окажут наибольшее влияние на жизнь нашего общества? – Прежде всего, реформа коснется организации системы власти в стране. Так, из Основного закона исключаются все нормы, определяющие роль личности в истории страны. В частности, из статьи 46 Конституции предлагается исключить пункт 4 касательно статуса и полномочий Первого Президента Казахстана. Больше не определяется Конституцией и статус «Елбасы». Устанавливаются более демократичные нормы для Президента страны, в рамках перехода от «суперпезидентской» к просто президентской форме правления. Он лишается ряда полномочий. Например, исключается норма о том, что Президент отменяет либо приостанавливает решения акимов областей, городов республиканского значения и столицы. Впредь Глава государства будет согласовывать кандидатуры на должность акимов областей, городов и столицы с депутатами маслихатов этих регионов и городов. При этом, он должен будет предложить не менее двух кандидатур. Право выбора остается за маслихатами - за кого проголосует большинство, тот и будет избран акимом. Наряду с этим, приостанавливается партийная деятельность Главы государства. Поправки, которые, на мой взгляд, следует считать главными – это направленные на усиление принципов народовластия, расширение возможностей волеизъявления народа Казахстана. Эти принципы будут реализовываться через усиление позиций и полномочий Парламента, в особенности Мажилиса. Прежде всего, изменения в системе выборности депутатов. Теперь депутаты Мажилиса будут избираться в порядке, установленном конституционным законом по смешанной избирательной системе. И, в качестве «вишенки на торте» – самая важная поправка в статью 6, согласно которой теперь определено, что «Земля и ее недра, воды, растительный и животный мир, другие природные ресурсы принадлежат народу. От имени народа право собственности осуществляет государство. Земля может находиться также в частной собственности на основаниях, условиях и в пределах, установленных законом». Это создает прочные основы для более полноценного участия народа, каждого гражданина страны в справедливом распределении доходов государства от хозяйственно-производственного использования земли и богатств недр Казахстана. – Какие направления в законодательстве, на Ваш взгляд, требуют наиболее кардинальных изменений, и почему? - Мне кажется, что в новой статье 6 Основного закона есть какая-то недосказанность. На мой взгляд, ее надо дополнить следующим содержанием «… От имени народа право собственности осуществляет государство, в порядке, определяемом Конституционным законом». В этом конституционном законе надо четко регламентировать, как государство будет осуществлять права собственности на недра. А без этого закона, определенная в проекте Конституции норма работать не будет. Далее. В ходе встреч с населением не раз поднимался вопрос о введении выборности региональных акимов непосредственно самим населением области, что значительно отразилось бы на его подотчетности и эффективности работы на местах. Здесь же следует отметить необходимость дальнейшего расширения институтов местного самоуправления, которые, как известно, отстают от потребностей общества и работают в административном, а не в инициативном порядке. – Какие поправки в Основной закон Вы хотели бы внести, и почему? – Думаю, в будущем надо пересмотреть систему государственной службы в полном объеме. Согласно статье 3 Конституции Республики Казахстан от 30 августа 1995 года, принятой на референдуме, единственным источником государственной власти является народ. Мы живем уже в 21 веке, и я думаю, что пришло время в корне пересмотреть понятие государственной службы. Государственные служащие должны служить не только государству, но и народу, поскольку именно ему по Конституции принадлежит власть. Поэтому, было бы целесообразно ввести в Конституцию понятие «Служение народу Казахстана», поскольку сам Президент служит народу. Ныне существующее понятие «государственный служащий» я бы предложил заменить на «служащий народу», или иное понятие, но только не «государственный служащий». Думаю, если Президент, согласно Конституции, 20 марта 2019 года, торжественно дал присягу, что верно будет служить народу Казахстана, то и все нижестоящие чиновники, содержащиеся за счет налогов, должны служить тому, кто их содержит, а именно народу.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…