Диалог алаңында – көшбасшы жастар
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде референдумның мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.
Дені жастар қатысқан іс-шараға облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары белсенді қатысты. Сондай-ақ пікірталас алаңына келген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Amanat партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов, «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев және «Есірткісіз болашақ» КҚ атқарушы директоры Жандос Ақтаев жастарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға белсенді атсалысуға шақырды.
Іс-шараның модераторы, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Тоқтар Болысов референдумның Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыруға жол ашатынын атап өтті. «Мемлекет басшысы әрқашанда азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырып келеді. Конституциялық өзгерістер бойынша енді аралас сайлау жүйесі арқылы партияға мүше емес азаматтар да Парламентке сайлана алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа, Әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам», деді ол.
«Референдумға қатысып, ашық пікір білдіру, қоғамға үн мен үлесін қосу еліміздің болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаған жөн. Барлығымыз бірлігі жарасқан ел болып жұмылсақ қана өзіміз қалағандай берекелі әрі бейбіт Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Бұл саяси науқан – ел өміріндегі тарихи сәт. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекетіміздің болашағы үшін мүддесін арттыру баршамыздың абыройлы міндетіміз екенін айтқым келеді», деді басқосуда сөз алған Нұрлыбай Наурызбаев. Ал еліміздің үлкен өзгерістер алдында тұрғанын еске салған Жандос Ақтаев мемлекеттің дамуы тікелей осы референдумға байланысты екенін айтты.
Жиынға қатысқан жастар мен сарапшылар алдағы референдумға, Конституцияға енгізілетін түзетулерге оң көзқараспен қарайтындықтарын айтып, еліміздің өркендеуінің іргетасы қаланатынына сенім білдірді. Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қосымша ақпараттарға қанықты.
Ақмола облысы
https://egemen.kz/article/313067-dialog-alanhynda-%E2%80%93-koshbasshy-dgastar
""На референдуме мы будем голосовать за справедливость"
Директор Экспертного института Европейского права и прав человека Марат Башимов высказался о предстоящем референдуме, передаёт BaigeNews.kz.
"На референдуме мы будем голосовать и за справедливость, устанавливая политическую нейтральность президента Казахстана", — написал эксперт в Facebook.
Он отметил, что в статью 43 Конституции внесена норма: "На период осуществления своих полномочий президент Республики Казахстан не должен состоять в политической партии".
"Касым-Жомарт Токаев в Послании народу Казахстана чётко и однозначно указал, что долгосрочные интересы государства для него важнее каких-то дополнительных рычагов власти и ситуативного влияния. Поэтому на январском съезде партии Amanat он заявил о намерении покинуть пост её председателя, и "сращивание партийных структур с государственным аппаратом крайне нежелательно. Монополия в политике неизбежно приводит к различным социальным болезням и деградации государства", — напомнил Башимов.
"Политическому доминированию нужно поставить надежный заслон. Предлагаю законодательно оформить обязанность президента прекратить членство в партии на период своих полномочий. Данная норма повысит политическую конкуренцию, обеспечит равные условия для развития всех партий. Тем самым мы избавим будущих лидеров страны от соблазна подмять под себя основные политические институты", — отметил тогда Касым-Жомарт Токаев.
"Есть и теоретические аспекты политической нейтральности Главы государства. По Конституции только "народ — источник власти", он избирает президента. А статья 40 Конституции устанавливает, что президент республики — "символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина". Именно эти функции и определяют, что президент должен одинаково защищать права всех казахстанцев, быть политически нейтрален, не зависеть от воли партии", — написал эксперт.
Он также указал на то, что пункт 3 статьи 40 также прямо устанавливает, что президент республики "обеспечивает согласованное функционирование всех ветвей государственной власти и ответственность органов власти перед народом". И эта правовая норма указывает на необходимость политической нейтральности главы государства.
"Тем самым конституционные поправки повысят эффективность защиты конституционных прав наших граждан и реализуют на деле принципы справедливости и равенства", — заключил Башимов.
Все права защищены. Используйте активную ссылку на baigenews.kz: https://baigenews.kz/news/na_referendume_my_budem_golosovat_za_spravedlivost_-_bashimov/
Референдумның ашық өтуі үшін тәуелсіз байқаушылардың жұмысы маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Партиялық емес байқау орталығының» төрағасы Төлеген Күнәділов «Ауыл» ХДП хатшысы Анас Баққожаевпен кездесті.
Кездесу барысында Төлеген Күнәділов қатысушыларды партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, орталық өкілдерінің референдум барысын байқауға қатысу жоспарлары туралы айтты.
Саяси оқиғаның маңыздылығын айта келе, Төлеген Күнәділов байқаудың негізгі принциптеріне тоқталып, республикалық және өңірлік байқаушылар штабтарының ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті.
Біздің ең маңызды міндетіміз – референдум кезінде азаматтардың сөз бостандығының бұзылуына жол бермеу. Біз еліміздің барлық өңірлерінде байқаушылар пулын қалыптастыру жұмыстарын жүргіздік, оларға қазір оқыту өтіп жатыр. Байқаушыларды даярлау – біздің қызметіміздің маңызды кезеңі, өйткені қоғамдық байқаудың бүкіл процесінің тиімділігі соған байланысты, – деді Төлеген Күнәділов.
Оның айтуынша, бүгінде байқаушылардың көпшілігі дайындықтан өткен.
Өз кезегінде «Ауыл» партиясының хатшысы Анас Баққожаев «Партиялық емес байқау орталығының» бастамасын қолдайтынын жеткізді.
Қоғамдық байқаушылардың референдумға қатысуы азаматтардың таңдау бостандығына, конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Референдумның ашықтық, жариялылық және әділеттілік жағдайында өтуі үшін тәуелсіз байқаушылардың жұмысы өте маңызды, – деді Анас Баққожаев.
Кездесу соңында тараптар алдағы референдумды құқықтық мемлекеттің демократиялық қағидаттарына сәйкес өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/referendumnyn-ashyq-otui-ushin-tauelsiz-bayqaushylardyn-zhumysy-manyzdy_278941/
Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнеске әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.
Жиынға конституциялық реформалар туралы айтатын арнайы спикерлер шақырылды. Онлайн форматта жиынға өңірлерлегі палата филиалдарының өкілдері қатысты.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Конституцияның үштен біріне өзгеріс енгізу көзделіп отырғанын айтты.
Елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны өте маңызды,- деді Өстеміров.
Кәсіпкерлерді Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнес саласына қалай әсер ететіні алаңдатады. Осыған орай, олар спикерлерге бірқатар сұрақ қойды.
Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов саясат пен экономика бірге жүретінін айтты.
Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытуы керек. Президентті қолдап, референдумға қатысуда да ерекшеленуі керек деп ойлаймын,- деді Смайылов.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyaga-engiziletin-ozgerister-bizneske-aser-ete-me_278975/
Молодежные и волонтерские организации выступили в поддержку референдума в Казахстане
ВЕРОНИКА МЕЛЛЬ
Представители ведущих молодежных и волонтерских организаций Казахстана встретились на дискуссионной площадке на базе Республиканского фронт-офиса волонтеров «Birgemiz», сообщает корреспондент Kazpravda.kz.
В обсуждении предстоящего Республиканского референдума по поправкам в Конституцию, назначенного на 5 июня, приняли участие координатор Республиканского Фронт-офиса волонтеров «Birgemiz» Айбек Досымбетов, заместитель директора Института общественной политики партии «AMANAT», председатель Республиканской Единой детско-юношеской организации «Жас Ұлан» Динара Садвакасова, председатель ОО «Ұлан-Ғайыр Дала Елі» Валихан Бахретдинов, исполнительный директор ОЮЛ в форме ассоциации «Конгресс молодежи Казахстана» Тохтар Болысов, молодые депутаты областных и городских маслихатов, руководители региональных фронт-офисов волонтеров и инициативных групп.
Волонтеры, как активная часть гражданского общества, обсудили актуальные изменения в общественно-политической системе государства. Координатор фронт-офиса «Birgemiz» Айбек Досымбетов рассказал об агитационной работе среди волонтеров по всей стране, отметив, что получил поддержку более 400 добровльческих организаций и активных волонтеров.
Динара Садвакасова также призвала всех волонтеров принять активное участие в организации и проведении референдума, информировать население о том, что всенародное голосование по конституционным поправкам – это один из важнейших шагов политической модернизации Казахстана.
К максимально активной информационной работе призвал и представитель «Национальной волонтерской сети», председатель общественного фонда «AZAMAT» Даурен Рахымбек.
"У каждого из нас есть выбор, и этот выбор должен быть сделан свободно, ответственно и сознательно, – подчеркнул он. – Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев с большим доверием относится к молодежи. За 30 лет повысился уровень образования и политическая грамотность казахстанцев, граждане хотят перемен на политической арене, они готовы брать на себя ответственность и участвовать в политической жизни страны».
Республиканский фронт-офис волонтеров «Birgemiz» присоединился к общественной инициативе и вошел в состав Республиканского штаба общественной поддержки референдума. На местном уровне работу с волонтерами совместно с областным штабом ведут руководители региональных фронт-офисов волонтеров.
https://kazpravda.kz/n/molodezhnye-i-volonterskie-organizatsii-vystupili-v-podderzhku-referenduma-v-kazahstane/