г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жаңа Қазақстанның маңызына тоқталды

22.05.2022, 11:29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні Қазақ­стан халқына арнаған үндеуінде конституциялық реформаның маңыз­дылығына тоқталып, 5 маусым күні бүкілхалықтық референдум өтеті­нін тілге тиек еткен болатын.

Елу жылда ел жаңа екенін ескерсек, Қазақстанның Конституциясы да біршама реформаны талап ететіні түсінікті. Референдум нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жаңа мазмұнға ие болмақ.      

Ел Президентінің батыл бастама­сын қолдаған Қазақстан Жастар кон­гре­сі 5 маусымда өтетін референдумға бай­­­ланысты дөңгелек үстел отырысын өт­кізді. Басқосуға жиналғандар бү­кіл­­ха­лықтық референдумның мемле­кет да­муын­дағы рөліне жан-жақты тоқталды.

«Жастар саясатының салалық және өңір­лік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жас азаматтарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді тарту үшін жағдай жасалды. Жастармен жұмыстың түбегейлі жаңа нысандары енгізілді. Сонымен қатар болашағы зор жастар арасында әлеуметтік лифтінің жан-жақты ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Жастар саясатымен айналысатын аза­маттар мен атқарушы билік институт­тары арасында жүйелі түрде диалог жүр­гізу және коммуникацияны дұрыс құру, жастарды ел басқаруға көбірек тарту­дың маңызы зор. Бұл өз кезегінде Қазақ­станның жаңару мен жаңғыруын қам­тамасыз етеді. Сол себепті алдағы рефе­рендумға жастар сергек қарауы керек.

Алдағы бүкілхалықтық референдум мемлекетіміздің дамуы үшін маңызды қа­дам болып отыр. Ата Заңымыз халық­тың үн қатуымен 1995 жылы қабыл­дан­­ған еді. Одан бері 27 жыл өтті. Бұл ба­­ғытта да реформалар керектігін уа­қыт­­тың өзі көрсетті. Сондықтан да Жаңа Қа­зақ­станды құру жолындағы жаңа қадам­ға бір кісідей атсалысуымыз ке­рек», деді Қазақстан Жастар кон­гресі­нің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Дөңгелек үстел отырысына қатыс­қан Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, Qazaqstan Team республика­лық қоғамдық жастар бірлестігінің жетек­­шісі Олжас Сүлейменов, Amanat партиясы қоғамдық саясат инсти­­туты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова да алдағы рефе­рен­думның мемлекетіміз үшін аса зор маңызға ие екенін сөз етіп, оған Қазақ­стан халқы жұмылған жұдырықтай қатысуы керектігін айтты.

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді - Мәжіліс депутаты

22.05.2022, 09:04

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді - Мәжіліс депутаты

 

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ендігіде Мемлекет басшысы қандайда бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады. Демек, бұдан былай облыс әкімі де сайланады дей аламыз. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды», - дейді депутат. Сондай-ақ, Самат Мұсабаев Парламент пен мәслихаттар депутаттары құрамының жасақталуына қатысты өзгерістерді де атап өтті. «Президенттің Сенаттағы квотасы 15 депутаттан 10-ға дейін қысқарады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталады. Облыстық мәслихаттардың 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен, ал аудандық деңгейде 100 пайыз депутаттар мажоритарлық тәсілмен сайланбақ. Онымен қоса, енді Мәжіліс 107 емес 98 депутаттан құралмақ», - деді ол. Еліміздегі жүріп жатқан осы саяси реформалардың арқасында Мәжіліске әртүрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне жол ашылып, саяси бәсекелестіктің артуы мен демократияның дами түсетінін айтты. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Конституцияға енгізілетін түзетулердің барлығын Парламент қабылдауы тиіс. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сол себепті де, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Референдум - жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды шара. Өйткені, қоғамда күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер тым көп. Сол себепті, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылданды деп бағаладым. Әлбетте, еліміз зор өзгерістер алдында тұр. Сондықтан, 5 маусым күні әр қазақстандықты өзінің азаматтық борышын орындауға шақырамын. Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді деп есептеймін», - деп түйіндеді Самат Мұсабаев. Теги:


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bul-referendum-barlyk-demokratiyalyk-kagidattarga-saykes-keledi-mazhilis-deputaty_a3935629

Граждане готовы принять участие в референдуме

22.05.2022, 07:41

Граждане готовы принять участие в референдуме – Председатель Мажилиса НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Президент РК Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о выездах депутатов в регионы для проведения встреч с населением по обсуждению предстоящего референдума и предлагаемых изменений в Конституцию, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Акорды. Как информировал Ерлан Кошанов, ежедневно депутатами проводилось до 250 мероприятий, премущественно в трудовых коллективах, на рынках, социальных объектах и отдаленных населенных пунктах. По его словам, в целом граждане поддерживают предлагаемые реформы и готовы принять участие в референдуме. К разъяснительной кампании по всенародному плебисциту подключена партия AMANAT. Активно работают республиканский и региональные штабы из числа авторитетных партийцев. Мобилизованы депутаты фракций в маслихатах всех уровней и молодежное крыло партии. В ходе поездок мажилисмены получили обратную связь по актуальным проблемам, волнующим население. Все вопросы будут систематизированы и отработаны совместно с Правительством согласно утвержденному алгоритму. Председатель Мажилиса проинформировал Главу государства о законотворческой деятельности Палаты. С начала сессии одобрено 64 законопроекта, на рассмотрении – 51, в том числе в реализацию поручений Президента. Поправки касаются налогового кодекса, правоохранительных органов, финансовых пирамид, а также вопросов противодействия легализации доходов, полученных преступным путем. Президенту также доложили о подготовке к публичному заслушиванию отчета Правительства и Счетного комитета за 2021 год, а также проведению парламентских слушаний по вопросам водных ресурсов. Кроме того, Ерлан Кошанов проинформировал Касым-Жомарта Токаева об усилении работы по линии парламентской дипломатии. В мае проведено совместное выездное заседание профильных комитетов парламентов Казахстана и Кыргызстана по международным делам и обороне на пограничном посту в поселке Кордай Жамбылской области. В июне планируется участие депутатов в заседании советов Парламентской Ассамблеи ОДКБ в Армении и Парламентской Ассамблеи Тюркоязычных стран в Кыргызстане.


Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/grazhdane-gotovy-prinyat-uchastie-v-referendume-predsedatel-mazhilisa_a3935563

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

22.05.2022, 07:40

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады - СІМ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Президентінің биылңы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды»,-делінген хабарламада. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады. «Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,-деп хабарлады ҚР СІМ.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-azamattary-referendumga-shetelden-de-katysa-alady-sim_a3935539

 

Казахстан идет по демократическому пути развития - зарубежный эксперт ЕРЕВАН

22.05.2022, 07:39

Казахстан идет по демократическому пути развития - зарубежный эксперт ЕРЕВАН.КАЗИНФОРМ – Изучив текст проекта поправок в Конституцию, армянские эксперты сошлись во мнении, что Казахстан идет в направлении демократизации, курса, который может послужить примером обновления политических систем в регионе Центральной Азии. Об этом передает собственный корреспондент МИА «Казинформ». «Президент добровольно, по своей инициативе передает часть своих полномочий Парламенту. И это хорошо обдуманный шаг в направлении общего демократического процесса. С поправками партийная система становится более либеральной. Значит, мы будем иметь дело с мультипартийной системой в Центрально-Азиатском регионе. Внимательно следящие за опытом Казахстана соседи по Центральной Азии тоже будут стоять перед вопросом обновления своей политической системы», - считает заведующий кафедрой конституционного права Ереванского государственного университета, к.ю.н. Вардан Айвазян. По словам руководителя аналитического центра по глобализации и региональному сотрудничеству Степана Григоряна, текст конституционных поправок произвел на него однозначное четкое впечатление – страна идет по демократическому пути развития, не имея при этом никаких внешних обязательств ни перед кем. В свою очередь, руководитель исследовательского центра «Альтернатива», эксперт в области политэкономики Татул Манасерян указал на поправки, которые, на его взгляд, имеют фундаментальное значение. «Земля, ее недра и природные ресурсы после поправок будут принадлежать народу. Это не просто шаг вперед. Это поднимет тонус народа. Потому что народ начнет верить, что без его согласия ничего не может в произойти в стране. Важна роль и гражданского общества, так как поправками расширяются права простых граждан и их участие в принятии решений. К сожалению, во многих странах постсоветского пространства голос гражданского общества пока не востребован. Но без участия гражданского общества, я не верю, что будет ощутимый прогресс», - отметил Татул Манасерян. Участники мероприятия, приветствуя конституционную реформу в Казахстане, пожелали братскому народу Казахстана успехов в построении сильного государства и удачи в этой сложной миссии. 5 июня в Казахстане пройдет республиканский референдум по вопросу внесения изменений и дополнений в Конституцию.

                                                                                           
Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/kazahstan-idet-po-demokraticheskomu-puti-razvitiya-zarubezhnyy-ekspert_a3935637

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…