г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Пятигор ауылында жол жөндеу жұмыстары аяқталды

16.11.2021, 09:26

Биылғы жол жөндеу жұмыстары Пятигор ауылында  да аяқталды. Ауылдың негізгі көшелері мен, ауылға кіре беріс бол, әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа асфальт жабындылары төселді. Аталмыш жұмыстарды "Эра Грант 21" ЖШС мердігер компаниясы қолына алған. Жалпы жобаға 30 млн 139 мың теңге жұмсалды. 

Ертегі терапия арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту

04.11.2021, 08:10

Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға үлкен әсер етуде. Жаңа технологиялар біздің өмірімізге ғана емес, балаларымыздың өміріне де белсенді түрде енуде. Компьютерлер, теледидарлар, планшеттер, гаджеттер көптеген мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне берік еніп отыр. Теледидар экраны әжелердің ертегілерін, аналардың әлдиін, әкесімен болған әңгімелерді толығымен алмастырды. Экран баланың негізгі «тәрбиешісіне» айналады. Бұл «зиянсыз іс» тек балаларға ғана емес, сонымен бірге ата-аналарға да қолайлы. Шын мәнінде, ата-аналар «бала мазаны алмайды, ешнәрсе сұрамайды, тәртіпсіздік жасамайды, оған еш қауіп төнбейді, сонымен қатар жаңа бір нәрсені үйренеді, қазіргі өркениетке бейімделеді», - деп ойлайды. Менің ойымша компьютерде отырған бала өзімен-өзі, ол үнсіз ойнайды, бұл сөйлеудің дамуына жағымды әсер етпейді. Экранның алдында отырған бала сөйлеуді үнемі естиді. «Бала ересек адаммен немесе мультфильм кейіпкерімен сөйлескеннің не айырмашылығы бар? Естілетін сөйлеудің қанық болуы сөйлеу тілін дамытуға ықпал етпей ме?», - деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ айырмашылығы өте үлкен.

"Зымыран - 2021" оқу жаттығуы

04.11.2021, 07:09

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың апатымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылдарға әзірлігі" тақырыбы бойынша "Зымыран-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.

Алдын ала әзірленген өткізу жоспарына, сценарийге сәйкес тактикалық-арнайы оқу-жаттығуды өткізу барысында басқару органдарының, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның, аудандық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының, авариялық-құтқару қызметтері құрылымдарының "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және жүргізу жөніндегі әзірлігі тексерілді. Ол Державин қаласының аумағында ҚТҚ полигонында өтті. Шараға 32 адам, 17 бірлік техника атсалысты.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…