Аудан өнерпаздары Е.Маржықпаевтың атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды
24 желтоқсан күні Көкшетау қаласында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жүлдегерлер марапатталды. Байқау «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Байқауға Акмола облысы бойынша 16 аудан 3 қала қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсеткен жоғары шығармашылық жетістіктері үшін біздің Жарқайың ауданы Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтің атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Аудан әншілерінен құрылған квартет "Назқоңыр" халықтық тобы А.Қоразбаевтын " Елге тілек" әнін орындап, соңында осы әншілер " Қазақ елі" атты финалдық әнін орындады. Барлық аудандармен салыстырғанда дауысы, сахыналық келбеті жағынан үздік деп танылып, гала концерттін соңғы екі әнін айту біздің өнерпаздарға бұйырды
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.