г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Четверг, 06 июня 2024 13:22

Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз: конкурс!

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.

Ол 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша «Жарқайың ауданының ішкі саясат бөлімі»ММ Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. эл.мекен-жайға ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін беріледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер анықтама алу үшін 9-16-39 телефон арқылы хабарласа алады.

Объявление о Национальном конкурсе «Мерейлі отбасы»

В соответствии с распоряжением Президента Республики Казахстан №250 от 6 декабря 2013 года в Казахстане ежегодно проводится Национальный конкурс «Мерейлі отбасы». Оргкомитет по подготовке и проведению конкурса объявляет Национальный конкурс «Мерейлі отбасы» 2024 года. Конкурс проводится в 3 этапа: первый этап – районный (городской), второй этап – областной, третий этап – республиканский.

Заявки для участия в конкурсе подаются по специальной форме с приложением необходимых документов в ГУ «Отдел внутренней политики Жаркаинского района,» на эл.адрес Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

до 15 июня текущего года. Желающие участвовать в конкурсе могут обратиться за справками по телефону 9-16-39

Отдел внутренней Политики Жаркаинского

 

          

 

Четверг, 06 июня 2024 10:44

Есептік кездесу

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бүгін Далабай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ауыл тұрғындарымен, Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, денсаулық сақтау өкілдері, ономастика маманы, жер қатынастары және мәселелері мамандары қатысты.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.

Халықпен, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау және басқа да мәселелер көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Четверг, 06 июня 2024 10:35

Есептік кездесулер өтті

Бүгін Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі басшысының орынбасары, аудандық ұйым басшылары, қатысты.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру саласы, жолдардың жай-күйі және басқа да мәселелер көтерілді.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

– Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.

– Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін, – деді Президент.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбіт мемлекет ретінде татулық пен келісімді қашанда басты орынға қояды және барлық мемлекетпен достық қатынас орнатқан.

– Соның арқасында туымыз жер жүзіне бірлік пен бейбітшіліктің байрағы ретінде танылды. Біз достық қағидатын әрдайым берік ұстанамыз. Қазір бәріміз бір кісідей жұмылып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Баршаға бірдей мүмкіндік беретін қоғам орната бастадық. Аз уақыт ішінде ауқымды саяси реформа жасадық. Жаңа экономикалық бағытымызды айқындадық. Сондай-ақ жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртып, сапалы ұлт болуға бет бұрдық. Мұның бәрін жүзеге асырып, түбегейлі орнықтыру – оңай шаруа емес. Ол үшін, ең алдымен, ырысты ынтымақ керек. Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтарымыз бен мұраттарымызды айшықтап, әрқайсымыздың бойымызда елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын жеткізді. Сонымен қатар басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.

– Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы «Ердің туы – намыс» деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін. Әскери шен алу – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов «Атақты алғаннан гөрі, оны арқалап жүрген қиын» деген. Әйгілі қолбасшының бұл сөзі сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

 

 

 

 

 

Ақмола облысының Жарқайың ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Ауданда екі пәтерлі 15 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

           Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар, депутаттық корпус, қоғамдық кеңес және  «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері зардап шеккен үйлердің тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, көмек көрсету және тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелерін талқылаған.

           Сындарлы диалогтың арқасында ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қолдауымен «Бірлік Жарқайың» қоры арқылы зардап шеккендерге құрылыс материалдарын көтерме сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Бұл материалдар су басқан үйлерді жөндеу үшін пайдаланылатын болады.

           Үйлері жарамсыз күйге түскен отбасыларға ерекше назар аударылуда. Аталған мәселені шешу үшін Пригородное ауылында екі пәтерлі 15 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды.

          «Жаңа үйлер электрмен және жылумен жабдықтауды қоса алғанда, инженерлік инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, қазба шұңқырлары-септиктер жасақталып, бір үйге тұратын үйлерге қызмет көрсету үшін 10 сотық жер учаскелері беріледі», - деп сендірді жергілікті билік өкілдері.

          Сонымен қатар, Пригородное ауылының Абай атындағы орта мектебінің оқушылары,  су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға «Балдәурен» сауықтыру лагеріне 21 жолдама бөлінді.

          Айта кетейік, құрылысы  енді басталған үйлерді ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмолаоблысы бойынша департаменті жер учаскесін бөлукезінде әкімшілік кедергілерге тап болғанкәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпынакелтірді.

Мәселен, "М" жауапкершілігі шектеулісеріктестігі өз жер учаскесінде тоғыз қабаттыкөппәтерлі тұрғын үй тұрғызып, оны пайдалануғаберді.

Бірінші қабаттағы коммерциялық объектілердіодан әрі ресімдеу, мүлік иелері бірлестігініңқызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкер жеручаскесін бірнеше бөлікке бөлу қажеттілігіне тапболды.

Серіктестік Көкшетау қаласының жерқатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімімен жер учаскесінің сызбасын келісеотырып, оны бөлуге алдын ала рұқсатын алған.

Алайда, жерге орналастыру жобасын бекітукезеңінде мемлекеттік орган жер учаскесініңшекараларын нақтылау кезінде пайда болғансызбадан шамалы ауытқуға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты. Дегенмен бұл жағдайда бұл ауытқу оның жалпыауданына әсер етпеген.

Жерге орналастыру жұмыстарын қайта жүргізужәне алдын ала сызбаны келісу Серіктестік үшінқосымша шығындарға, айтарлықтай уақытжоғалтуға, сондай-ақ пәтер сатып алушылардыңнаразылықтарына әкеп соғар еді.

Осыған байланысты, бас тартумен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағымымен жүгінді.

Шағымды қарау барысында мемлекеттікорганның лауазымды адамдары бастапқы сызбаданауытқудың шамалы екендігін, сондай-ақ жеручаскесін ұсынылған түрде бөлу ешкімніңқұқықтары мен мемлекет мүдделерінбұзбайтындығын растады.

Шағымды қарап, Департамент кәсіпкергемемлекеттік қызмет көрсетуден Әкімшілікрәсімдік-процестік кодексте белгіленгенмөлшерлестік қағидатына сәйкес келмейтінформальды себептермен бастартылды дегенқорытындыға келді.

Осыған байланысты Департамент БөлімгеСеріктестіктің бұзылған құқықтарын қалпынакелтіру туралы шешім енгізді.

Нәтижесінде мемлекеттік орган Департаментшешімін орындау үшін Серіктестіктің жеручаскесін бөлу шекарасын бекітті.

15 мамырда аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен Жарқайың ауданының қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынға Г.Смағұлова төрағалық етті. Кеңес отырысына: Жарқайың ауданының әкімнің орынбасары  Жаныбеков Арман Төлешұлы, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары,  мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Күн тәртібінде: Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру үшін кадрлық құрамның толық болуы, 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің, Державинск қаласының, Жарқайың ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының бюджетінің атқарылуы туралы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы С.Макрдумян "кәсіпкерлік объектілерінің сыртқы сәулет аумағының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы", жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мақанова "ауданда тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы", экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Ақпараттандырады: Маканова Меруерт Нұрланқызы- Б.Ахметова "аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы" 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы " шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.

Бірінші сұраққа тоқталсақ: Жарқайың ауданының "құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өз құзыреті шеңберінде ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жасау бойынша жұмыс жүргізеді, бұл жұмыс "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және 6-тармақшасына сәйкес жүргізіледі 22-баптың 1-тармағының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы. 

"Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы -Макрдумян С. Г:

-Архитектуралық жоспарлау тапсырмасын (АЖЗ) беру және эскиздік жобаларды келісу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жобаланатын ғимараттарға қызмет көрсету үшін бірыңғай сәулеттік келбетті және қажетті инфрақұрылымды құру шарттары ескеріледі. Мәселен, 2023 және 2024 жылдың бірінші тоқсанында – 11 АЖЗ берілді және 3 эскиздік жоба келісілді.  Ғимараттар мен құрылыстардың қалыптасқан құрылысын тиісті тәртіппен ұстау мақсатында біз мүдделі қызметтермен бірлесіп түсіндіру-алдын алу іс-шараларын жүргіземіз, мысалы, жеке кәсіпкерлер мен жеке үйлердің иелеріне ғимараттың немесе үйлердің сыртқы келбетінің негізгі параметрлерін нормаларға келтіру туралы хабарламалар таратылады.

Абаттандыру айлығы шеңберінде жыл сайын ғимараттардың (қоршаулардың) сыртқы келбеті бойынша хабарламалар тапсырылады.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін кейбір кәсіпкерлер әртүрлі себептерге сілтеме жасай отырып, хабарлама талаптары орындалмай қалуда.

Жарқайың ауданының "құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құзыретіне ҚР ӘҚБтК бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материалдар жасау кірмейді, осыған байланысты біз Жарқайың ауданының полиция бөліміне 2022 жылғы 1 маусымдағы №239 әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау туралы хаттар жолданған.

"Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы -Макрдумян С. Г:

- Бұдан әрі Жарқайың ауданының прокуратурасына 2022 жылғы 16 маусымдағы № 02-291 бірқатар жеке кәсіпкерлерді хабардар етпеу және Жарқайың ауданы ББ тарапынан әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбау туралы хат жолданды. Бұл өтініштер де оң нәтиже бермеді.

Салынып жатқан объектілерді салу кезінде оларға барып мониторинг жүргізу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілсін, 2022 жылы Е. И. Поповаға дүкен салу үшін тиесілі жер учаскесінде бастапқы деректерді (АЖЗ) алу, эскиздік жобаны әзірлеу және келісу, ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сәулет-құрылыс саласын жүзеге асыратын органдарды хабардар ету қажет екендігі туралы түсіндіру сипатындағы хабарлама табыс етілді бақылау және қадағалау. 2023 жылдың тамыз айында Державинск қаласы, Степной кенті шағынауданы, 135-құрылым мекенжайында орналасқан ғимараттың сәулеттік келбеті мен абаттандырылмағаны үшін Оверин Леонид Николаевичке хабарлама жіберілді.

Ескерту ескерілмегендіктен, 2023 жылғы 26 желтоқсанда "құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі №487 (шығ.№ 818) аудандық полиция бөліміне әкімшілік жаза қолдану туралы өтініш жіберген. Бүгінгі таңда полиция бөлімінің Л. Н. Оверинге қатысты атқарған жұмыстары туралы ақпарат жоқ..

-Тағы бір проблемалық мәселе жеке меншіктегі көппәтерлі тұрғын үйлердің сәулеттік келбеті болып қала береді және бүгінгі күнге дейін ТКШ АЖ және ТИ бөлімімен осындай үйлерде 38 қарапайым серіктестік құрылды, олардың барлығы белсенді емес, мұндай пәтерлердің иелері мемлекеттен көмек күткен үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу бойынша ешқандай шаралар қабылдамайды, бірақ бюджет қаражатын жұмсау мұндай жұмыс түрлеріне бюджет заңнамасында көзделмеген.  Жақында мұндай нысандарды жөндеуге арналған мемлекеттік бағдарламалар бар, бірақ олар әзірленген ережелерді ескере отырып, біздің шарттарымызда қолданылмайды- дейді, бөлім басшысы.

Мұндай үйлердің тұрғындарымен Державинск қаласы әкімдігінің және ТКШ бөлімінің өкілдерімен бірлесіп жиындар өткізіліп, заңнама нормалары түсіндіріледі, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мәселелерін шешудің нұсқалары ұсынылады, алайда олар халық арасында түсінік таппайды.

Жарқайың ауданының "құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің басым бағыттарының бірі болып табылады және мемлекеттік мекемелер мен халықтың бірлескен жұмысы ғана оң нәтиже бере алады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 10 мамырында Қоғамдық кеңес мүшелері мен осы мәселе бойынша шақырылғандар қатарындағы жұмыс тобы қала шегіндегі кәсіпорын объектілеріне барды. Жұмыс қорытындысымен жұмыс тобының мүшесі, Қоғамдық кеңестің мүшесі-Егізбаев Ғаділбек Жұмабекұлы  айтып берді.

Кеңес барысында бөлі басшысына: қала әкімімен бірлесіп құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, полиция бөлімі барлық кәсіпорындардың объектілерін және оларға қоса берілетін аумақтарды эстетикалық күтімнің тиісті түріне тарту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы ұсынылды. Сонымен қатар, ғимараттар мен оларға іргелес аумақтардың ішкі өңірінің талаптарына сәйкес: "Есіл" қонақ үйі, "Угивермаг" дүкені, "ES" сауда үйлері, "Аристократ" дүкендері, "Көтерме-бөлшек дүкені", "Дар" дүкендері, "Ивахненко" ЖК, "Сагитова ЖК" авто қосалқы бөлшектері,"Попов" ЖК ғимараттары, "Шорбан" ЖК, Пушкин көшесіндегі стоматология, қоғамдық монша, коммуналдық базар, "Цалко"ЖК техникалық қызмет көрсету станциясына және осы объектілерге әкімшілік ықпал ету шараларын жандандыру тапсырылды.

Мира мен Ниязбаев көшелерінің қиылысында екінші жаяу жүргіншілер өткелін орнату мәселесін қарау керек.  Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін ұсыну жайы айтылды.

Екінші сұрақ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Меруерт Нұрланқызы баяндады.

Тұрғын үй көмегін көрсету тетігін жақсарту бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үй көмегін көрсету тетігі Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде «Тұрғын үй көмегі» модулі арқылы автоматтандырылған. Сұралған құжаттарды оңтайландыру күтілуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Меруерт Мақанова:

- Бұрын  қолданыста болған  2020 жылғы 24.04. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидасы, 2020 жылғы 16.10. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы, 2009 жылғы 30.12. Тұрғын үй көмегін көрсету ержесі күштерін жойды.

Жоғарыда баяндалғандай қамту бөлімі тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешімнің жобасын қолданыстағы заңнамаға  2023 жылғы 08.12. №117 Тұрғын үй көмегін қағидасына сәйкес келтірді.

"Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы" 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы "шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы айтып берді.

Жиын соңында жоғарыдағы мәселелер толық қаралып, тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

Жарқайын тарихи- өлкетану музейіне Рақымжан Қошқарбаевтың жиені Сатанова Рысты апай немерелерімен келіп, Р. Қошқарбаев туралы анасынан естіген әңгімесін айтып беріп, кездесу барысында Р.Қошқарбаев туралы кітапті музейге сыйлады- дейді тарихи өлкетану мұражайының директоры.

Рақымжан Қошқарбаев  1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа Кеңес одағының туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды...

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Майдан даласына да осы жылы аттанған.

Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде Григорий Рақымжанды иығына салып көтеріпті, ту барынша жоғары желбіресін деп. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк таймс» газеті де жазған.

1945 жылдың 1 мамырындағы санында басылым Гитлер режимінің құлағандығын және Рейхстагқа лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатовтың ту тіккендігін айтады.

Қошқарбаевтың ерлігі ақыры мойындалды. Тек араға алпыс жылдан астам уақыт салып. Өкініштісі, батырдың көзі тірісінде КСРО тарапынан оған лайықты құрметтің көрсетілмеуі ғана.

Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

Жарқайың аудандық тарихи - өлкетану мұражайы.

Мамырдың 3-5 аралығында Сандықтау ауданы Балкашино ауылында гір көтеруден жасөспірімдер арасында Ақмола облысының чемпионаты өтті. Оған облысымыздың аудандарынан 102 спортшы ат салысты. Ал, біздің ауданнан 41 спортшы жаттықтырушы Халібек Салтанаттың жетекшілігімен барды. Айта кетерлгі бұл жолғы бәсекеге балалардың ата-аналары екі спринтер жалдап апарды. Жарыстың қорытындысы бойынша Ауданымыдың 31 спортшысы жүлдемен оралды. Оладың он бірі бірінші орынды қанжығаласа,  12 күміс медальды иеленді, Ал қалған 8 спортшы қола медальды қанағат тұтты. Олар: Төлеубайұлы Серікжан 3ор. 30 к.с., Нарбутин Мирас 1ор. 30к.с., Дарменов Нурали 1ор.30к.с., Халибек Ислам 1ор. 35к.с., Сырбай Нұрасыл 2ор. 38к.с., Алехин Дмитрий 1ор.40к.с., Олешкеевич Владислав 3ор. 40к.с., Төлеубайұлы Нұртас 1ор.45к.с., Швабауэр Артем 3ор.45к.с., Шуленшалин Адилнт 3ор.48к.с., Есмагамбетов Саян 3ор.53 к.с., Шидловский Виктор 2ор.53к.с., Аманқұл Мади 1ор.53к.с., Нұрсейіт Ансар 2ор.58к.с., Бақытжан Бекзат 2ор. 58к.с.,  Орал Мақсат 2ор. 63 к.с., Мирман Бахытжан 1ор.63 к.с., Абикалыков Улан 2ор.68к.с.,  Сұлтансейт Әсет 1ор.68к.с., Адилхан Ернар 3ор. +68к.с., Воронцов Рустем 2ор. +68к.с., Петровец Руслан 1ор. +68 к.с., Нургожин Куаныш 2ор. 78к.с., Есенбаев Арнұр 1ор.85.к.с., Халибек Сара 3ор.48к.с., Козлова Юлия 2ор.48к.с., Шидловская Лилия 2ор.48к.с., Зейникенова Милана 1ор.48к.с., Жамбаева Зейнеп 2ор.53к.с., Кофлер Александра 3ор.+53к.с., Уталашивили Элина 2ор.+53к.с.

Бұл жас спортшылар үшін нағыз аламанның әлі басы деуге болады. Себебі Алдағы уақытта бірқатар байрақты бәсекелер бар. Олардан да орын алудан үміттіміз. Өйткені арамызда Қазақстан, Азия және әлем чемпиондары бар.

Жарыстан келе сала гіршілер қайта жаттығуға кірісті. Уақытты бос жіберуге болмайды. Ылғи да бір қалыпты сақтау қажет. Жеткен жетістіктің бәрі осы толассыз еңбектін арқасы десек қате айтқан емес. Спортшыларды алда биік белестерден көруге сеніміміз зор.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

 

Көкшетау қаласының Қажымұқан спорт кешенінде 2007-2008 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында бокстан турнир өтті. Жарыс Ұлы отан соғысының батыры Малик Ғабдуллинді еске алуға арналған.

Жарыс барысында бірнеше күн бойы еліміздің бірнеше өңірінен келген жас боксшылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Әрқайсысы техникалық және тактикалық шеберлігімен ерекшеленді. Облыс намысын жерлесіміз Мәди Ғалым қорғады.  Ол жарыстың чемпионы атанды. Малик Ғабдуллин турнирі биыл 20-шы рет өтті. Оған 200-ге жуық ұлдар мен қыздар қатысты. Дәстүрлі турнирдің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұған елдің көптеген аймақтарынан келген боксшылар дәлел болды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Страница 10 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…