г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

АУДАНДЫҚ ГІРШІЛЕР ОБЛЫСТА ТОП ЖАРДЫ

Мамырдың 3-5 аралығында Сандықтау ауданы Балкашино ауылында гір көтеруден жасөспірімдер арасында Ақмола облысының чемпионаты өтті. Оған облысымыздың аудандарынан 102 спортшы ат салысты. Ал, біздің ауданнан 41 спортшы жаттықтырушы Халібек Салтанаттың жетекшілігімен барды. Айта кетерлгі бұл жолғы бәсекеге балалардың ата-аналары екі спринтер жалдап апарды. Жарыстың қорытындысы бойынша Ауданымыдың 31 спортшысы жүлдемен оралды. Оладың он бірі бірінші орынды қанжығаласа,  12 күміс медальды иеленді, Ал қалған 8 спортшы қола медальды қанағат тұтты. Олар: Төлеубайұлы Серікжан 3ор. 30 к.с., Нарбутин Мирас 1ор. 30к.с., Дарменов Нурали 1ор.30к.с., Халибек Ислам 1ор. 35к.с., Сырбай Нұрасыл 2ор. 38к.с., Алехин Дмитрий 1ор.40к.с., Олешкеевич Владислав 3ор. 40к.с., Төлеубайұлы Нұртас 1ор.45к.с., Швабауэр Артем 3ор.45к.с., Шуленшалин Адилнт 3ор.48к.с., Есмагамбетов Саян 3ор.53 к.с., Шидловский Виктор 2ор.53к.с., Аманқұл Мади 1ор.53к.с., Нұрсейіт Ансар 2ор.58к.с., Бақытжан Бекзат 2ор. 58к.с.,  Орал Мақсат 2ор. 63 к.с., Мирман Бахытжан 1ор.63 к.с., Абикалыков Улан 2ор.68к.с.,  Сұлтансейт Әсет 1ор.68к.с., Адилхан Ернар 3ор. +68к.с., Воронцов Рустем 2ор. +68к.с., Петровец Руслан 1ор. +68 к.с., Нургожин Куаныш 2ор. 78к.с., Есенбаев Арнұр 1ор.85.к.с., Халибек Сара 3ор.48к.с., Козлова Юлия 2ор.48к.с., Шидловская Лилия 2ор.48к.с., Зейникенова Милана 1ор.48к.с., Жамбаева Зейнеп 2ор.53к.с., Кофлер Александра 3ор.+53к.с., Уталашивили Элина 2ор.+53к.с.

Бұл жас спортшылар үшін нағыз аламанның әлі басы деуге болады. Себебі Алдағы уақытта бірқатар байрақты бәсекелер бар. Олардан да орын алудан үміттіміз. Өйткені арамызда Қазақстан, Азия және әлем чемпиондары бар.

Жарыстан келе сала гіршілер қайта жаттығуға кірісті. Уақытты бос жіберуге болмайды. Ылғи да бір қалыпты сақтау қажет. Жеткен жетістіктің бәрі осы толассыз еңбектін арқасы десек қате айтқан емес. Спортшыларды алда биік белестерден көруге сеніміміз зор.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…